Ерболат Боxанов

@ustaz_yerbolat_bokhanov


Атырау қаласы Иманғали орталық мешітінің ұстазы

Ерболат Боxанов

13 Oct, 16:28


📚📚📚
Имам Суюти былай дейді:

Бұл үмметтегі мазхабтар арасындағы пікірталас ұлық нығмет әрі үлкен артықшылық. Оның тек ғалымдар түсініп, надандардың ақылына қонып шықпайтын сыры бар. Тіпті кей надандардың "Пайғамбар тек тек бір шариғат алып келген. Төрт мазхабтың не керегі бар" дейтінін де естимін."

Ерболат Боxанов

22 Jul, 02:14


Аллаһым Олжас Ханафин бауырымызды рахымына алсын. Аллаһым оның барлық күнәларын кешіріп, Өзінің фирдаус жәннатін нәсіп етсін.

Алладан келдік, Аллаға қайтамыз.

Ерболат Боxанов

17 Jul, 10:56


Алла Елшісі(Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді:
"Жәннатқа жеңін түріп асыққандар бар ма?
Расында жәннатта ешқашан қауіп-қатер болмайды. Қағбаның Раббысымен ант етейін! Жәннат - жарқырап тұрған нұр, жайнап тұрған гүл, салынған қамалдар, ағып жатқан өзендер, көптеп піскен жемістер, көз жанарын алатын сұлу әйелдер және ағылып-төгілген әшекейлер, жайнаған жасыл жерде, биік әрі сұлу қамалдарда мәңгілік болу."
Сонда сахабалар "Біз жеңімізді түріп жәннатқа асыққан жандармыз!" -, деді. Алла Елшісі(Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) "Алла қаласа деп айтыңдар" -, деді.

Ибн Мәжә

Ерболат Боxанов

15 Jun, 16:02


Құрбан айт құтты болсын!🎉🎉🎉

Ерболат Боxанов

09 Jun, 05:57


https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2024-06-08/44838-qajy-guide-mobild-osyimshasyi-ske-osyildyi/

Ерболат Боxанов

23 Apr, 03:58


Мадхалит Алтай Беріштің өтірігіне жауап
ҚМДБ Шариғат және Пәтуа бөлімі маманы: Елбек Тасболатұлы

Максималды репост❗️

Ерболат Боxанов

15 Mar, 00:13


سيأتِي على الناسِ سنواتٌ خدّاعاتٌ؛ يُصدَّقُ فيها الكاذِبُ، ويُكذَّبُ فيها الصادِقُ، ويُؤتَمَنُ فيها الخائِنُ، ويخَوَّنُ فيها الأمينُ، وينطِقُ فيها الرُّويْبِضَةُ . قِيلَ : وما الرُّويْبِضةُ ؟ قال : الرجُلُ التّافِهُ يتَكلَّمُ في أمرِ العامةِ

Алла Елшісі(Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) былай деді:
"Адамдарға өтірікшіні шыншыл етіп, шыншылды өтірікші санайтын, қиянатшыл адамға сеніп, аманатшылға сенбейтін алдамшы заман келеді. Сонда әлсіз(руайбида) адамдар сөйлеп шығатын болады." Сонда сахабалар: "Әлсіз(руайбида) адамдар кімдер?" деп сұрағанда "Халықтың сөзін сөйлейтін ұсақ адамдар" деп жауап қатты.

Ерболат Боxанов

10 Mar, 23:36


Сіздерге Рамазан айының құрметіне өзімнің "Мүбәрәк 30 күн" атты кітапшамды ұсынамын

Бұл кітапшада биылғы Рамазан айына сәйкестіріліп, әр күнге арнайы жазылған бір Құран аятымен оның кішігірім тәпсірін, бір хадис пен оның түсіндірмесін, бір сүннет амал мен бір фиқһ мәселесін және де күнделікті бір пайдалы тапсырма жазылған.

Кітапты тегін таратуға рұқсат

Ерболат Боxанов

10 Mar, 16:30


https://youtu.be/L-9VrRHqhJY

Ерболат Боxанов

05 Mar, 10:07


Құрметті бауырлар, менің бір шәкіртімнің әпкесіне шұғыл көмек керек болып жатыр

Барынша ат салысып, осы сборды таратып, көмектесіп жіберейік

Алла қабыл етсін!

Ерболат Боxанов

10 Feb, 17:44


Осы кісілермен подкаст түсірсек, қандай тақырыпта түсіретін едік деп ойлайсыз?)

Менің ойыма "медреседегі оқу, қызықтары мен қиыншылықтары")

Ерболат Боxанов

07 Feb, 05:21


Бүгін Исра және Миғраж түні

Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ең үлкен мұғжизаларының бірі де осы Ережеп айында орын алған. Ол жайлы айтылған мәшһүр Исра-Миғраж хадисі баршамызға белгілі.

Исламдағы ең үлкен ғибадат, кіші миғраж – намаз да осы Миғраж оқиғасында парыз етілген.

Дегенмен, Исра түнінде арнайы намаз оқу және басқа нәрселерді орындау дәлелсіз істер.

Сондай-ақ осы күні, Һижреттің 583-жылы 27 Ражабында Саллахуддин Әюби Құдысқа жеңіспен кіріп, мұсылмандарға Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Исра қылған Әқса мешітін қайтарды.

Ерболат Боxанов

24 Nov, 06:45


Атырау облысында соңғы жыл жарым уақытта оннан аса мешіт ашылыпты.

Бірақ, жалғыз медресені екі жылдан бері бітіре алмай жатырмыз…

Ерболат Боxанов

18 Nov, 02:09


«Бір умра мен басқа умра екеуінің арасындағы істелген күнәларға кафарат (өтем).»