Usbanov ARNASY

@usbanov


Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

Usbanov ARNASY

22 Oct, 15:34


Өткенде "Хезболла" Кесариядағы Нетаняху резиденциясына соққылаушы дронмен шабуыл жасаған еді.

Сол кезде дрон Нетаняху резиденциясының қабырғасына дөп тиіпті. Кадрлер Израильдің мемлекеттік телеарналарында көрсетіліп жатыр.

Usbanov ARNASY

22 Oct, 15:25


Израиль Иранға соққы беруге дайындалуда!

Израильдің Иранға шабуыл жасау жоспары туралы АҚШ барлауының құпия құжаттары жарияланып кетіп, бұл дау тудыруда. Израиль жоспарының кейбір бөліктері Associated Press агенттігіне шыққан.

«Аса құпия» дейтін белгісі бар құжаттар 15-16 қазанда бекітілген екен.

Ондағы мәліметтер бойынша: Израиль Ирандағы 46 стратегиялық әскери нысанға соққы беруге дайындалып жатыр. Оның 15-і елдің шығыс шекарасында орналасқан.

Ықтимал нысанддың тізіміне әскери базалар, штаб-пәтер және зымыран алаңдары кіреді.

Usbanov ARNASY

22 Oct, 15:18


Газа. Изариль мен ХАМАС арасындағы көше шайқастарынан бір көрініс. Видео ХАМАС позициясынан түсірілген.

Usbanov ARNASY

22 Oct, 15:14


Newsweek: Солтүстік Корей Ресейге құрлық әскерін ғана емес, ұшқыштарын да жіберді!

Usbanov ARNASY

22 Oct, 12:21


Солтүстік Корей диктаторының қарындасы Ким Е Жион: Сеул мен Киев сумақай иттердей, бірде анда, бірде мұнда жүгіріп, әркімге алақан жайып, ядролық қаруы бар елге қарсы әрекет етуде!

Usbanov ARNASY

22 Oct, 12:20


АҚШ президенттігіне үміткер Камала Харрис: “Егер Трамп жеңетін болса, Путин Киевте отыратын болады! Трамп Путиннің алдында тізерлеп отырып капитуляция жасайтын болады!”, - деп мәлімдеді.

Usbanov ARNASY

22 Oct, 04:51


БАҚ: Оңтүстік Корей Украинаға әскер жібереді!

Солтүстік Корейдің Ресейге әскер жіберуіне жауап ретінде Оңтүстік Корей Украинаға әскери техника мен әскери қызметкерлер жіберуді қарастыруда.

Украинаға барған Оңтүстік Корейдің әскери қызметкерлері инструктор болып қызмет етеді және тұтқынға түскен Солтүстік Корей сарбаздарын тергеп-тексеруге көмектеспек!

Usbanov ARNASY

22 Oct, 04:45


Судан: Солтүстік Дарфур дейтін жерде ресейлік Ил-76 ұшағы құлатылды.

Ұшақты Судандағы әскери құрылым атып түсірген. Ұшақта Ресей азаматтары болған.

Бір деректе: “Ұшақ БАӘ-ден Чадқа гуманитарлық көмек әкеле жатқан”, - десе, тағы бір деректе: “Бұл ұшақта қару-жарақ тиелген”, дейді.

Ресей: “Ұшақ біздікі болғанымен, бізге қатысы жоқ. Үшінші тараптың қолданысындағы ұшақ”, - деп мәлімдеді.

Usbanov ARNASY

21 Oct, 18:46


Үндістан СІМ басшысы Викрам Мисри: Ресей алдап келісімшарт жасасып, соғысқа салған Үндістанның 85 адамын елге қайтардық. Тағы 20 адамымыз Ресейде. Оларды да қайтару жағы шешіліп жатыр!

Usbanov ARNASY

21 Oct, 17:06


Ресейде өтететін БРИКС жиынына Бразилия, Куба мен Сербия басшылары бармайтынын айтты.

Куба өз ішіндегі энергетикалық дағдарыспен әлек болса, Сербия “бұрыннан жоспарлаған шаралар” барын айтқан. Ал Бразия президенті жарақат алуына байланысты бұл сапардан бас тартқан!

Usbanov ARNASY

21 Oct, 16:31


Украинаның бұрынғы әскербасы Валерий Залужный Украинадағы “Отан соғысы” туралы кітап жазыпты. Ресейдің Украинаға жасаған басқыншылық соғысы туралы бұл кітап 3 трилогия болып шықпақ.

Трилогияның алғашқы кітабы - “Менің соғысым” деп аталады. Жазылып болған. Онда Залужный өз өмірі, балалық шағы, әскери жолға қалай келгендігі туралы баяндап келіп, 2022 жылдың 24 ақпанына келіп тоқтайды. Бірінші кітапта соғыстың қалай басталғаны жайлы айтылады.

Залужный екінші кітапты - “Біздің соғыс” деп атаған және оны жазып, баспаға дайындауға кірісіп кеткен. Ал үшінші кітап - “Олардың соғысы” деп аталмақ!

Usbanov ARNASY

21 Oct, 13:25


BILD: Ресей Часов Ярда қооғанысты бұзып, қаланың орталығына шабуылға шықты.

Часов Ярда Укарина әскері табандап отырып, 5 ай бойы жауды жібермей ұстап тұрған еді.

Usbanov ARNASY

21 Oct, 13:23


Молдова жаңалығы:

Президент Мая Санду өзінің басты қарсыласы Александр Стоянголоны ашық дебатқа шақырды.

Молдова ЕО-ға қосылуы керек пе, жоқ па, сөзжарыс жасайық деді. Ал референдум нәтижесі бойынша бұған қатысты пікір қаққа жарылған.

Ал президенттік сайлаудың екінші кезеңі 3 қарашада өтуі тиіс. Екінші кезеңге Мая Санду мен Александр Стоянголо өткен.

Usbanov ARNASY

21 Oct, 12:38


Киевке барған АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин Укаринаға жаңа 400 млн доллардың әскер көмегін жариялады.

Usbanov ARNASY

21 Oct, 12:34


Украина барлауының ақпараты:

Солтүстік Кореяның 18 сарбазы Брянск және Курск облыстарының шекарасындағы позициядан қашып кеткен.

Енді сол 18 солтүстік кореялық сарбазды Ресей Рокуровскідегі «ет-боршаға» салмақ.

Usbanov ARNASY

21 Oct, 12:30


Бұл сурет оккупацияланған Донецкі облысындағы Цукурино елдімекенінің маңынды түсірілген. Онда Ресей мен Солтүстік Корей туралы бейнеленген.

Usbanov ARNASY

21 Oct, 11:09


Қазақстан Ауғанстанмен ОА-ның кез келген еліне қарағанда неғұрлым тығыз қарым-қатынаста болып келеді. Сарапшылардың пікірінше, тараптар Кабулмен сауда байланыстарын кеңейтуге мүдделі және белсенді ынтымақтастықты толық қолдайды.

Жоғары геосаяси және ішкі тәуекелдерге қарамастан, Ауғанстан Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі болып табылады. Ауған жағы сондай-ақ көлікті, тау-кен өнеркәсібін, телекоммуникация мен ауыл шаруашылығын, автомобильдер жеткізуді қоса алғанда, елде іске асырылатын экономикалық жобаларға қазақстандық компаниялардың қатысуын қарастыруда.

Өзбекстан да таліптерді экстремистер тізімінен алып тастауға бел шешіп кіріскелі отыр.

Бұл ретте Ташкент пен Кабул ынтымақтастығы 2023 жылдың шілдесінен басталды. Мәселен, Өзбекстан, Пәкістан және Ауғанстан өзбек темір жол желісін, Пәкістанмен байланыстыратын трансауған темір жолын салу туралы бірлескен хаттамаға қол қойды.

Трансауған жолының құрылысына Қазақстан да өз қызығушылығын танытты. Астана құрылыс материалдарын жеткізіп беретін жол құрылысына қатысуды қарастыруда. Бұл жобаларды іске асыру өңір елдері арасында жүктерді жеткізу уақытын шамамен 10 есеге қысқартуға және жүк тасымалы құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

Қырғызстан биыл ауған әріптестерімен сауда, инвестиция, көлік, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және энергетика мәселелерін талқылау үшін Кабулға делегациялар жіберіп, ынтымақтастық саясатын белсендірек ілгерілету жолына түсті.

Бұл ретте ауған бизнес-қоғамдастығы Қырғызстаннан Ауғанстанның ішкі нарықтарында қажетті электр шамдарын, фармацевтикалық құралдарды, қант, бұршақ дақылдарын, маталар мен тігін өнімдерін импорттауға өз қызығушылығын білдірді.

Ауғанстан темір кенінің едәуір қорына ие, оның жалпы көлемі 2,2 млрд тоннадан асады. 2010 жылы Ауғанстан «Литийдің Сауд Арабиясы» деп атанды. Ал бұл металл электронды құрылғылар мен электромобильдерге арналған батареялар мен аккумуляторлар өндірісінде кеңінен пайдаланылатыны белгілі.

Ауған литийінің едәуір қоры Парун кен торабында - шамамен 3 млн тонна оксиді бар. Бұдан басқа, церий қоры бар, аз мөлшерде - лантан, празеодим, неодим, тантал, ниобий, цезия және бериллий кездеседі. Жалпы ауған ресурстарының жиынтық құны $1 трлн-нан асады деп бағалануда.

ОА-да Ауғанстанды ұзақ уақыт бойы лаңкестікпен, есірткі трафигімен және шексіз соғыстармен байланыстырып келді. Алайда «Талибан» билікке келгеннен кейін бұл көзқарас мүлдем өзгере бастады.

Ауғанстанның көршілерімен сауда-экономикалық интеграцияға қосылуы және халықаралық қоғамдастықтың ортақ танымына ие болуы үшін әлі де жасайтын қыруар шаруасы бар. Бірақ осы жолда алғашқы қадамдар жасалды.