🌿Көңіл бақшасы🌿

@konil_bakshasy


Парақшаның иесі: Қызылорда қалалық "Айтбай" мешітінің ұстазы: Файзуллина Марал Темірбекқызы

🌿Көңіл бақшасы🌿

21 Jan, 00:23


Қасиетті жұма күні қалалық "Айтбай" мешіті әйелдер жамағаты кезекті жұма сағатын өткізді. Жұма күні оқылатын арнайы қасиетті сүрелерді оқып, жамағатпен дұға жасалды. Жұманың құрметіне арнайы әдеп уағыздары бойынша "Расулуллаһ (с.а.у.) арамызда" тақырыбында уағыз-насихат айтылды.

⁉️Біз үммет ретінде Расулуллаһпен (с.а.у.) арамыздағы байланысымызды қаншалықты тығыз орналастырдық?!

💡 Алла Тағала Хужурат сүресіндегі 18 аят арқылы бізге ахлақтың бөлмелерін айқындап, ашықтап түсіндіріп берді. Сахабалардың тілінде бұл сүре "Ахлақ" сүресі деп аталатын еді.

Бұл сүре түскенде сахабалардың барлығы өзгерді...Дауыс ырғақтары өзгерді...Ол сүре түсті Мәдина өзгерді, барлық нәрсе өзгерді.

● Сырттан бәріміз жақсымыз, бірақ ішімізге кіргенде өкінішке ұшырайтындай халде екеніміз айдан анық...
18.10.2024ж
#мүфтият
#ихсан
https://www.instagram.com/p/DBVoCniiQb4/?igsh=MXYwd3A1MDhtdm81MA==

🌿Көңіл бақшасы🌿

21 Jan, 00:20


"Расулуллаһ (с.а.у.) арамызда"
https://www.instagram.com/reel/DBQVUz5iHX9/?igsh=c2t3YTdsMTVjamoz

🌿Көңіл бақшасы🌿

21 Jan, 00:15


Қалалық "Айтбай" мешіті әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен кезекті жұма сағаты өтті. Қасиетті жұмада жиналған әйелдер жамағаты Құран Кәрімнен қасиетті сүрелерді оқып, дұға жасады. Әдеп уағыздары бойынша айтылған уағыз тақырыбы: "Уақыт - бізге берілген ең қымбат қазына".

🕋 Алла Тағала Аср сүресін уақытпен ант етіп бастап, иман, салих амал және хақты және сабырды бұйырып, уақытын дұрыс пайдаланбағандар, уақытын ысыраф етіп, мәңгі өкінішке ұшырайтының білдірген. Сонымен қатар, уақыт жөнінде алданғандардың саныда көбеюде.

🌙Исламда бос уақыт және босқа уақыт өткізіп демалу деген ұғым жоқ. Жұмыс істеп шаршаған бір адам, демалып жүріп, басқа бір іспен шұғылдану керек.

◆ Шарх сүресі, 7-8: "Бір істі бітірсен басқа бір іске жөнел! Әрі Раббына қарай ұмтыл және Оған жақында!"
11.10.2024ж
#мүфтият
#ихсан
#жұма
https://www.instagram.com/p/DBGeSKiCqA0/?igsh=MWYzaXF3cWdrdnNhdg==

🌿Көңіл бақшасы🌿

21 Jan, 00:10


Уақыт - бізге берілген қымбат қазынамыз!
https://www.instagram.com/reel/DA-TomsiD0g/?igsh=MXVrbHh6aXh0b3g4eA==

🌿Көңіл бақшасы🌿

21 Jan, 00:05


Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты "Отбасының қорғалуы", 3-бөлім
https://www.instagram.com/reel/DAsRTvDCohq/?igsh=b3ZzOTR2OWY4dXl5

уағызға лайк басып, пікір қалдырып, қолдап кетсеңіздер! Алла разы болсын!

🌿Көңіл бақшасы🌿

21 Jan, 00:03


Қасиетті жұма күні қалалық "Айтбай" мешітінің әйелдер жамағаты кезекті жұма сағатын өткізді. Құран Кәрім оқылып, жамағатпен дұға жасалған соң, тұрмыстық зорлық - зомбылыққа байланысты "Отбасының қорғалуы" 3-бөлім тақырыбында уағыз насихат айтылды. Қатысқан адам саны: 15

🏠Отбасының қорғалуы үшін керек болған қасиеттің бірі:

● Шынайылық - жанұялардың бұзылуына алып келетін ең маңызды себептердің бірі өтірік. Шынайылық дегеніміз - дұрыс болу, әрі дұрыстықты жаю деген сөз.

● Салихалылық - ерлі - зайыптылар бірге салих амалдарды көбейту керек.

● Сабыр - нәпсілік қалаулардан, тілді шағымданудан, ағзаларды жиіркенішті әрекеттерден қорғап, нығметке қауышқанда, емтиханға тап болғанда бір қалыпты болып, екі жағдайда да үнсіздікті таңдап, Алладан басқасына жағдайын шағымданбау.
Ұстаз: Файзуллина Марал
#мүфтият
https://www.instagram.com/p/DAxxsXoi4MF/?igsh=eWRvcjFhYmp0anA=

🌿Көңіл бақшасы🌿

20 Jan, 23:31


Қалалық "Айтбай" мешіті әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен кезекті жұма сағатымыз өтті. Қасиетті жұма күні жиналған әйелдер жамағаты Құран Кәрімнен қасиетті сүрелерді оқып, дұға жасады. Мәуліт айының құрметіне орай айтылған уағыз тақырыбы: "Мәуліт айы өз-өзімізді есепке алу үшін бір мүмкіншілік".

🌙Хиджри күнтізбесінеде үшінші ай болған Рабиульәууәл айындамыз. Әр кезде өзімізді сұраққа тартып жүретініміз сияқты, бұл айда да өзімізге бұл сұрақты жиі қойып, іш әлемімізбен жұмыс істеуіміз керек. Ол сұрақ:

⁉️Барлығымыз қаншалықты сүннетпен өмір сүрудеміз?!
⁉️Алла Елшісінің (с.а.у.) сүннеті қаншалықты өмірімізде орын алған?!

• Кейде сыртқы дүниемен көп айналысқанымыз сонша, өз нәпсімізбен күресуді ұмытып кететініміз рас... Негізінде өз нәпсімізбен арпалысудын орнына, сыртқы дүниемен арпалысып, нәпсімізге көңіл бөлмей, ұмытып кетіп жатқанымыз рас..
Ұстаз: Файзуллина Марал
13.09.2024ж
(Тікелей эфирде уағыз айтылып, сақталды, осы посттың алдында сақтаулы. Тындаңыздар!
#мүфтият#ихсан
https://www.instagram.com/p/C_5A0v0iBrz/?igsh=MW52enl1MHZoYXQwMA==

🌿Көңіл бақшасы🌿

20 Jan, 23:30


Мәуліт айындағы құлшылықтар
https://www.instagram.com/reel/C_2O6bXCewv/?igsh=MXBtY2F5anFrOWp1Mg==

🌿Көңіл бақшасы🌿

20 Jan, 23:23


Қалалық "Айтбай" мешіті әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен "Мәуліт" айының құрметіне орай қасиетті жұма күні Құран Хатым дұғасы оқылды. Марқұмдарға Құран бағышталып, еліміздің тыныштығы, халқымыздың аманшылығын жамағат болып тілеп, дұға жасалды.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты "Отбасының қорғалуы" (2-бөлім) тақырыбында жамағатқа уағыз айтылды. Қатысқан адам саны: 20
♻️Отбасының қорғалуы дегенімізде мына бес нәрсе алдымыздан шығады, отбасының бақытты болуына керек болған міндетті бес нәрсе:

1. Құрмет
2. Махаббат
3. Адалдық
4. Салихалы болу
5. Сабыр

💝Құрмет - адам баласына жүктелген бір жауапкершілік. Ерлі-зайыптылардың арасындағы бір-біріне деген құрмет ақтық демге дейін жалғасу керек.

💕 Сүйіспеншілік - жанұяның суы. Су тартылып қалса, ол отбасы құрғап, сызат түсіп, соңында сахара шөл далаға айналады. Некіе қиылғаннан соң, ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген жақындығы артып, бір-бірін сүйіп, махаббат шыңына жетсе, нағыз Алла Тағаланың қалағанындай отбасына айналып, ол отбасы жәннаттың бір бақшасына айналары сөзсіз.
(Толық уағыз тікелей эфирде, айтылып, парақшаға сақталды, осының қасындағы постқа өтіп, тыңдасаңыздар болады)
#мәуліт-2024
#мүфтият
#ихсан
https://www.instagram.com/p/C_peeK_Cc4Z/?igsh=a3Vtc3BxNGdmcnVv

🌿Көңіл бақшасы🌿

20 Jan, 23:20


Отбасындағы зорлық-зомбылыққа байланысты "Отбасының қорғалуы" 2-бөлім
https://www.instagram.com/reel/C_kMPBGiOUx/?igsh=MTFvbGhueGY3Zjludg== УАҒЫЗДЫ ТЫҢДАП, ЛАЙК БАСЫП, ПІКІР ҚАЛДЫРСАҢЫЗДАР! АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН!

🌿Көңіл бақшасы🌿

20 Jan, 23:20


АЛЛА ЕЛШІСІНЕ ﷺ ҚАТЫСТЫ ӘДЕПТЕР

🟢 Алла елшісі ﷺ әкелген хабарға сену
🟢 Алла елшісінің ﷺ бұйырғанын орындау
🟢 Алла елшісін ﷺ жақсы көру
🟢 Алла елшісін ﷺ үлгі тұту
🟢 Салауат айту
🟢 Сүннетін тірілту
🟢 Өмірімен танысу
🟢 Сахабаларды құрметтеу
🟢 Оның ﷺ атынан жалған сөйлемеу

📚 Думан Сайфулланың «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітабынан

🌿Көңіл бақшасы🌿

20 Jan, 23:17


📌ТӨРТ НӘРСЕДЕН ПАНА ТІЛЕУ

Алла елшісі ﷺ мына төрт нәрседен пана тілейтін еді:

🟤 Пайда бермейтін ілім
🟤 Қорықпайтын жүрек
🟤 Қабыл болмаған дұға
🟤 Тоймайтын нәпсі

📖 Сунан ән-Насаи әс-Суғра, №5442

📚 Шоқанов Сансызбайдың «Төртеу түгел болса» кітабынан

#aqmeshitkz

🌿Көңіл бақшасы🌿

20 Jan, 23:04


ЖӘННАТТА УАЙЫМҒА САЛМАИ‌ТЫН 4 НӘРСЕ

«Жұмақта сен аш-жалаңаш қалмайсың. Сондай-ақ онда мүлдем шөлдемейсің һәм күннің аптабына да душар болмайсың», – деп айттық».

📖 «Таһа» сүресі, 118-119 аяттар

🕌 Жәннатта төрт нәрсенің біреуін де уайымдаудың қажеті болмайды:

🔶 Аштықты тосу
🔶 Шөлді қандыру
🔶 Әуретті жабу
🔶 Жасырыну

📚 Шоқанов Сансызбайдың «Төртеу түгел болса» кітабынан

🌿Көңіл бақшасы🌿

20 Jan, 23:03


"Мен"- яғни *нәпсі* адам қаншалықты маған қарсы күрессе соншалықты оның басына шүйліге түсемін. Адам мені тоқтатуға тырысқан сайын айлаларым күшейіп, оған сездірмей алдай бастаймын.

Азиз Махмуд Худаи романынан (30-бет)

🌿Көңіл бақшасы🌿

20 Jan, 22:58


💡Әнәс ибн Малик риуаят еткеніне қарай:
Хз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) "Неткен бақытты олар, мені көріп иман еткендерге" сөзін бір рет айттты.

"Неткен бақытты олар, мені көрместен иман еткендерге" сөзін болса жеті рет қайталады.
(Ибн Ханбал, ІІІ, 155)

🌿Көңіл бақшасы🌿

20 Jan, 22:58


🕋 Намазға дайындық үшін қажет болған ең маңызды істерден біреуі сөзсіз:

"Ғылыммен (біліммен) бірге істелген азғантай амал надандықпен істелген көп амалдан артық" хадисі бойынша дәретте қандай нәрселердің парыз және сүннет; намазда да қандай нәрселердің парыз, уәжіб, және сүннет екенін білудің маңыздылығын түсіну.

Бұлардан басқа дәрет алумен намаз үшін дене мүшелерімізді тазалағанымыздай көңілімізді де кек сақтау, қызғаныш және т.б. рухани кірлерден тазартып күнәлардан алыстаған күйде намазға дайын болуға қайратты болуымыз керек. Бұған бөгет болатын шайтан және шайтан қылықты адамдардың әшекейлі айлаларына және тұзақтарына қарсы ояу әрі парасатты болуымыз міндет.

📚Осман Нури Топбаш "Құран және сүннет аясында ИСЛАМ ИМАН ҒИБАДАТ"

https://t.me/konil_bakshasy