Quranga qyzmet

@qurangaqyzmettt


Quranga qyzmet

20 Jan, 23:28


🌙Мәуліт айы құтты, берекелі болсын!

Бұл қасиетті айда жүрекке иман нұры құйылып, жақсылықтар еселене түседі. Осы айдың құрметіне сізге бір шағын сыйлық әзірледік🎁
Сыйлығымыз – Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) өмірбаяны жайлы👇🏻

Кітапшаның жарыққа шығуына бас демеушілік жасаған:
«Құранға қызмет» қайырымдылық қоры

Егер сіз де Айғаным қыздар медресесінің құрылысына өз үлесіңізді қосып, сауапты істерге атсалысқыңыз келсе, төмендегі сілтеме арқылы қолдау көрсете аласыз👇🏻
_https://pay.kaspi.kz/pay/9nfzvbgu_

📨 Бұл кітапшаны 2-5 досыңызбен бөлісіп, олардың да Пайғамбарымызды (с.а.с) жақын тануына себепші болыңыз. Әр игі ісіңіз берекелі болғай!

Quranga qyzmet

20 Jan, 23:18


Истихара оқыған ұтылмайды, ақылдасқан өкінбейді, үнемдеген тарықпайды.
(Хадис. Табарани)

Quranga qyzmet

20 Jan, 23:09


Жұма мүбәрак болсын!

Quranga qyzmet

20 Jan, 23:09


ЖҰМА КҮНГІ САЛАУАТ

Алла Елшісі ﷺ былай дейді:
"Кімде-кім маған жұма күні 80 рет салауат айтса, ол адамның 80 жылдық күнәсі кешіріледі".

"Аллаһумма солли ‘алә Мухаммадин уә 'алә әли Мухаммад" деп 80 рет айту

Quranga qyzmet

20 Jan, 23:09


⌛️Инста парақшада 22:00-ДЕ ТІКЕЛЕЙ ЭФИР

https://www.instagram.com/quranga.qyzmet?igsh=NzM2Nmp4OHJrYWpj&utm_source=qr

Quranga qyzmet

20 Jan, 23:08


📌Көз тиюден сақтану үшін мына нәрселерге ерекше мән берген жөн:

1. «Қалам» сүресінің 51-52 аяттарын, «Фатиха», «Аятул-курси», «Фалақ» және «Нас» сүрелерін сонымен қатар Алланың есімдері мен сипаттарын, Оның аты аталған аяттарды оқу қажет;

2. Елдің назарын өзіне аудартатын, олардың қызығушылығы мен қызғанышын тудыратын киім-кешектер кию мен түрлі әрекеттерден сақтану;

3. Өзін мақтаған кісілерге «машалла, баракалла деңіздер» деп кеңес беру. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кімде-кім өзіне қатты ұнаған бір нәрсе көрсе, «Машалла, баракалла» десе, оның қараған нәрсесіне көз тимейді»,– деген.

4. Көзі тигіш кісілер мен орталардан қолдан келгенше алшақ жүру. Ерекше қажеттілік туындамаған жағдайда ол жерлерге бармау, бара қалған жағдайда Аллаға сыйынып, жәрдем сұрап дұға жасау қажет.

Quranga qyzmet

20 Jan, 23:05


​​🌸 "МҰСЫЛМАН ЕКЕНІҢЕ ДӘЛЕЛ БАР МА..?" (жылататын оқиға)

Көп қыздары бар бір әйел бар еді.Күйеуі өлгеннен кейін ол әйел жесір қалды.Көп қиналып, бейшара күйге түсті.Өзінің мүсәпір күйіне намыстанған ол қыздарымен басқа жаққа көшіп кетуге мәжбүр болды. Бір елге көшіп барады. Ол елде намаз оқылмайтын бір мешітті паналады. Әйел қыздарын ол жерге қалдырып, азық ауқат тауып келуге шығып кетеді.

Содан сол елдегі аса дәулетті мұсылман байдың үйіне барып, есігін қағады. Әйел оған хал-жағдайды түсіндірді. Бірақ үй иесі: «Шынымен кедей екеніңді анықтайтын бір анықтама қағаз алып кел»! – деді. Әйел: «Мен жергілікті емеспін, бөтен жақтан келдім!» — десе де бай кісі түсінгісі келмеді. Жесір шарасыздықтан ол үйден шығып кете барады.

Сөйтіп басқа бір есікті қағады.Ол үйдің иесі отқа табынатын еді.Оған да жағдайын айтты. Отқа табынушы оны естігеннен кейін, өз әйелін әлгі жесір әйелге қосып, мешіттегі қыздарды үйіне алдырды. Үй иесі қарындары ашып келген қыздарды тамақтандырды. Сол түні жесір әйел мен оның жетімдеріне көмек қолын созбаған мұсылман кісі түс көрді.

Түсінде Ақыретті көреді. Бір тудың астында Пайғамбарымыз ﷺ тұр екен. Артында ғажап үлкен бір сарай. Бай: «О, Алланың елшісі, бұл сарайға кім кіреді?» — деп сұрайды. Расулулла ﷺ «Бір мұсылман кіреді» - деді. Ол кісі: «Мен де мұсылманмын, менің де кіруіме бола ма?» — деді. Сонда Пайғамбарымыз ﷺ оған: «Мұсылмандығыңды анықтайтын қағаз алып кел!» — деп айтты. Ол кісі түсініңкіремей таң қалды. Пайғамбарымыз ﷺ сонда оған күндіз мұқтаж боп келген жесір әйелдің күйін есіне салды.

Бай шошып оянды, түсі туралы ойлап, жесір әйелге қол ұшын бермегеніне өкінді. Өйткені, жесір әйелден анықтама қағаз сұрағаны рас, қағаз әкелмегені үшін оны құр қол қайтарғаны да рас. Ертесіне орнынан тұра сала жесір әйелді іздейді.Ол әйелдің қыздары мен мешіттен кетіп қалғанын, содан отқа табынатын кісінің үйіне барып қонғанын сұрап біледі. Отқа табынатын кісінің үйіне іздеп барады. Отқа табынатын адамнан ол жесір әйелді қыздарымен бірге алып кетпек ойын айтты. Бірақ, үй иесі оларды қайтарудан бас тартты: «Бұл жесір әйел қыздарымен шаңырағыма кірген сәттен бастап үйіме береке кірді!» — деді.

Сонда әлгі мұсылман кісі отқа табынатын адамға ақша беретінін оларға кеткен ақысын төлейтінін айтты. Отқа табынатын адам оған күлді де:

«Сен, менен алып кетпек болғандарға мен де лайықтымын. Сен, түсіңде көрген сарайды Алла маған арнап дайындап қойса керек. Мұсылман болғаның үшін менен артықпын деп тұрсың ба? Аллаға ант, бүгін біз үй ішімізбен түгелдей бірдей түс көрдік.Үйге келген мына жесір әйел мен қыздары себеп болып, бәріміз хақ дін исламды қабылдадық. Мұсылман болдық. Түсімде Алланың елшісі Мұхаммед ﷺ менен: «Жесір әйел мен жетім балалар қамқорыңда ма?» — деп сұрады. Мен: «Иә, Расулулла!»- деді
Ол ﷺ: «Мына зәулім сарай сен және отбасың үшін»,- деді.

Содан бұл сөздерді естіген мұсылман кісі ұялып, өкінішпен әлгі үйден кете барды...

Quranga qyzmet

20 Jan, 22:29


“Айғаным” медресесіне өз үлесіңізді қосып, сауаптан құр қалмаңыз🤍

Каспи арқылы тікелей садақа жасау👇🏻
https://pay.kaspi.kz/pay/cv9rfuk2

Quranga qyzmet

20 Jan, 22:29


Күнәңнің кешірілуіне себеп болатын бірден-бір іс — мұсылман бауырыңа қуаныш сыйлауың.
Әли ибн Әбу Талиб (Алла разы болсын)

Quranga qyzmet

20 Jan, 22:29


Алла Тағала жаныңа бейқамдықтан оятып, жақсылыққа жетелеп жүретін біреуді жіберсе — ол да бір бақыт!
Шейх Сағид әл-Камали (хафизаһулла)

Quranga qyzmet

20 Jan, 22:25


“Айғаным” медресесіне өз үлесіңізді қосып, сауаптан құр қалмаңыз🤍

Каспи арқылы тікелей садақа жасау👇🏻
https://pay.kaspi.kz/pay/cv9rfuk2

Quranga qyzmet

20 Jan, 22:25


Адам баласының әуретін жындардың көзінен жасыратын нәрсе — киімдеріңді шешерде “бисмиллә” деп айтуларың.
(Хадис. Тирмизи)

Quranga qyzmet

20 Jan, 22:25


Екі ереже бар. Егер сол екеуімен жүрсең дүниеде де, ақиретте де бақытты боласың:
1) өзіңе ұнайтын нәрсе Аллаға ұнамаса, онда оны істеме,
2) өзіңе ұнамайтын нәрсе Аллаға ұнаса, онда оны тастама.
Табиғин ғұлама Сәләмә ибн Динар (Алла рахымына алсын)

Quranga qyzmet

20 Jan, 22:00


«Я, Аллаһ! Өмірімнің қайырлы кезеңі – өмірімнің соңы болуын, амалымның ең қайырлысы – соңғы амалым болуын, ал күндерімнің ең қайырлысы – Саған қауышатын күн болуын Өзіңнен тілеймін»

📌әзірет Әбу Бәкірдің (радиаллаһу анһу) дұғасы

Quranga qyzmet

20 Jan, 22:00


«Кімде-кім әрдайым дұға жасауға құмар боп, есікті қайта-қайта тарсылдатса, оған міндетті түрде есік ашылады».

©️имам әз-Зәһәби (рахимаһулла)

Quranga qyzmet

20 Jan, 21:59


“Айғаным” медресесіне өз үлесіңізді қосып, Жұма күнгі сауаптан құр қалмаңыз🤍

Каспи арқылы тікелей садақа жасау👇🏻
https://pay.kaspi.kz/pay/cv9rfuk2

Quranga qyzmet

20 Jan, 21:59


Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): "Жұма күнгі садақа басқа күндердегіге қарағанда артығырақ", - десе, (Муснад Абдурраззақ)
тағы бірде: "Жұма күнгі садақа еселенеді", - деген. (Муснад ибн Əби Шəйба)

Сол себепті, ізгі кісілер жұма күндері үйден шығарда садақа беру үшін өзімен бірге бір үзім нан болса да ала шығады екен.

Quranga qyzmet

20 Jan, 21:59


Ассаламу алейкум!

Қасиетті жұма күні баршаңызға берекелі болсын💚