KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары

@kaznurkz


KAZ.NUR.KZ-тің ресми арнасы
Қазақстанның басты жаңалықтарын біздің арнадан оқыңыз.

Біз:
🏆11 рет "Медиатордан" “Ең қызықты БАҚ” атағын иелендік;
🥇"№1 жаңалық порталы" номинациясы бойынша 5 рет "Жыл таңдауы" атандық (2015, 2017, 2019, 2020, 2021).

KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары

23 Oct, 03:11


Республика күні қарсаңында Президент Жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Олардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және ғылым қайраткерлері, өндіріс, бизнес салаларының көрнекті өкілдері, депутаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, спортшылар және еңбек ардагерлері бар.

t.me/kaznurkz

KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары

22 Oct, 13:28


Қарағанды облысында сирек кездесетін жануарлар фототұзаққа түсіп қалған

Қарағанды облысында "Қызыл кітапқа" енген арқарларының санын көбейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл сирек кездесетін жануарлар 19 камераның 17-сінде түсіп қалған.

Қазақстан жерінде 2000-жылдардан кейін арқар саны күрт азайған. Камераға түскен деректер бойынша бұл жануарлардың саны мен таралуы қалпына келгенін растайды.

Қауымдастық мәліметінше, Қарағанды облысында Паллас мысығы мен басқа да сирек кездесетін жануарлардың таралуын бақылауды жалғастыру үшін келесі жылы 27 фототұзақ орнатылады.

t.me/kaznurkz

KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары

22 Oct, 06:54


Талғардағы уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен күдіктіге қатысты мәлімет жарияланды

"Алматы облысы полиция департаменті уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен 30.05.1998 жылы туылған Бекарыс Сәбитұлы Қалмырзаевқа іздеу саламыз.

Егер сіз іздеуде жүрген адам туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, келесі телефондар арқылы дереу полицияға хабарлауды сұраймыз: +7 727 727 90 44, +7 777 427 2915, +7 778 900 02 55 немесе 102", - делінген Алматы облысы ПД хабарында.

t.me/kaznurkz

KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары

21 Oct, 10:18


Қазақстанда мопедті тіркеу үшін қандай құжаттар қажет болатыны анықталды

Қазақстан Ішкі істер министрлігі бұйрықтың жобасын жариялады, онда мопедті тіркеуге қажетті құжаттардың тізімі реттеледі.

Енді құжатта мопедтер туралы тармақ және оларды тіркеуге қажетті құжаттар тізімі бар. Құжаттар тізімімен сайтымыздан танысып шыға аласыз.

t.me/kaznurkz

KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары

21 Oct, 07:32


"Есімі – Айгүл": "Музарт" тобын халыққа танытқан "Сенің көзің" әні кімге арнап жазылған

"Музарт" триосы – бүгінде қазақ эстрадасындағы ең танымал топтардың бірі. Ал аталмыш ұжымды халыққа танытқан "Сенің көзің" әні еді. Сонау 2001 жылы әп-сәтте мыңдаған тыңдарман жүрегін жаулаған туындының кейіпкері кім? Хиттің жарыққа шығуына қандай махаббат хикаясы түрткі болған? KAZ.NUR.KZ тілшісі осы әннің авторымен сұқбаттасып, шығу тарихын білді.

Жастайынан Мұқағали Мақатаевтың романтикаға толы өлеңдерін жатқа білетін әуесқой сазгер Қанат Ибрагимовтың сұқбатын толығырақ сайтымыздан оқи аласыз.

t.me/kaznurkz

KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары

19 Oct, 23:05


Асу Алмабаев жеңіске жетті

🇰🇿 Отандасымыз (21-2) UFC Fight Night 245 аясында бразилиялық Матеус Николаудан (19-5-1) төрешілердің шешімімен басым түсті.

🥊 Осылайша UFC-дегі төртінші жеңісіне қол жеткізді. Ал Матеус үшінші рет жеңілістің ащы дәмін татты.

t.me/kaznurkz

KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары

19 Oct, 18:30


🇰🇿 Қазақстандық файтер ирандық спортшыны бірінші раундта қылқындырып тастады

Бүгін, 19 қазанда Қарағандыда Naiza 68 турнирі өтті. Осы кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Фаниль Рафиков ирандық файтер Мохаммед Хейбатимен кездесті.

Үш раундқа жоспарланған жекпе-жектің бірінші раундында Фаниль Рафиков тұншықтыру әдісімен жеңіске жетті.

t.me/kaznurkz

KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары

18 Oct, 11:24


Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен босатылды

Бұл туралы Қазақстанның Бас прокуратурасы хабарлады.

"Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 18 қазандағы бұйрығымен Алматы облысы прокурорының орынбасары С. С. Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Е. К. Бекманов атқаратын лауазымдарынан босатылды", - делінген хабарда.

Қылмыстық процесте заңдылықты қадағалау бойынша жұмыста елеулі кемшіліктердің болуы негіз болған.

t.me/kaznurkz

KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары

17 Oct, 11:08


"Барыс" хоккей клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

💙 Елордалық команда тізгінін Ғалым Мамбеталиев ұстады. Қазақстандық маман "Барыспен" 3 жылдық келісімшартқа қол қояды. Ал Вячеслав Буцаев оның көмекшісі болады.

Сондай-ақ клубтың бас директоры Нұрлан Оразбаев атанды.

t.me/kaznurkz

KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары

17 Oct, 08:02


🚨 Станислав Черчесовке салынған айыппұл мөлшері қандай: ҚФФ өкілі жауап берді

Әлеуметтік желіде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қазақ тілін кемсітуге тырысқаны туралы бейнематериал кеңінен таралып, қоғам тарапынан наразылық туғызған еді.

Кейін Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов мәжілістегі "дөңгелек үстелде" бас бапкерге ескерту жасағанын және оған айыппұл салынғанын айтты.

🔗 Толығырақ
сайтымыздан оқи аласыз

t.me/kaznurkz

KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары

17 Oct, 07:27


⚡️Алматы орталығындағы көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

Алматы орталығында тұрғын үйдің 7-қабатындағы пәтер мен үйдің шатыры отқа оранды. ТЖД мәліметіне қарағанда, бірнеше өрт сөндіру бөлімінен шыққан төтенше жағдайды жою күштері мен құралдары өртті сөндіріп жатыр. Өрт аумағы нақтыланбаған.

t.me/kaznurkz

KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары

17 Oct, 03:09


Бүгін еліміздің мегаполистерінде күн райы қандай болады

Бүгін Алматыда қар және жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 8 градусқа дейін көтеріліп, түнде 1 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,2 м/с болады.

Астанада, синоптиктердің болжамынша, күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 7 градусқа дейін жетіп, түнде -5 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 2,7 м/с болады.

Шымкентте бүгін күн ашық болады деп болжанып отыр. Күндіз термометр бағаны 17 градусқа дейін жетіп, түнде 0 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,7 м/с деңгейінде болмақ.

t.me/kaznurkz

KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары

16 Oct, 09:52


Түріктің TRT Haber арнасының эфирі: жүргізуші жаңалық оқып отырған сәтте жер сілкінген

Түркияның Малатья провинциясында магнитудасы 6,1-ге тең жер сілкінісі болды. Жер сілкінісін Түркияның шығысындағы 3 провинция тұрғындары сезген, делінген NTV телеарнасының эфирінде.

Жергілікті биліктің хабарына сенсек, Түркияның шығысындағы жер сілкінісінен зардап шеккендер мен жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ.

Түркия ІІМ басшысы Әли Ерлікайдың хабарына қарағанда, тиісті ведомстволар тексеріс жұмыстарын бастап кеткен.

Видео: TRT Haber

t.me/kaznurkz