KUANHAN @kuanhan_tau Channel on Telegram

KUANHAN

@kuanhan_tau


Куаныш Ермахан🖇

ЕРЛЕР ДАМУЫ☄️

YouTube: https://youtube.com/channel/UCS6l8FX85WemLq1zNj1Olyw

Instagram: https://instagram.com/kuanhan_?utm_medium=copy_link

KUANHAN (Turkish)

KUANHAN kanalı, doğa severler, fotoğraf tutkunları ve seyahat meraklıları için harika bir buluşma noktasıdır. Bu kanal, dünyanın dört bir yanından benzersiz manzaraları, doğal güzellikleri ve keşfedilmeyi bekleyen yerleri paylaşarak üyelerine ilham vermektedir. @kuanhan_tau kullanıcı adıyla kolayca erişebileceğiniz bu kanal, her gün yeni içeriklerle dolu bir platform sunmaktadır. Eğer siz de doğanın büyüleyici atmosferinden ilham almak, seyahatlerinizde yeni rotalar keşfetmek ya da sıra dışı fotoğraflar görmek istiyorsanız, KUANHAN kanalı tam size göre! Doğanın görkemli dokusuna şahitlik etmek ve keşfetmek için hemen kanala katılın. Unutmayın, en güzel yolculuklar KUANHAN ile başlar!

KUANHAN

26 Dec, 16:50


💸Қыздарға сыйлық беру керек пе әлде жоқпа?

"Берсек, қай кезде берген дұрыс? Бірінші свиданияға гүлмен барған дұрыс па? Бір апта сөйлескен қыз клубника в шоколаде сұраса ше?" деген бір сыйлықтың айналасында сұрақтар қаншама...

Негізі жігіттер бұл сұрақтарға нақты біріңғай жауап жоқ!
Сен сөйлесіп жүрген қызға сыйлық беру керек, өйткені тура бұл қыздың талабы, өскен ортасы сондай, ал басқа қызға сыйлық маңызды емес, ол сенен сұрамайды да, күтпейді де🛍️

Ал басқа қызға бірінші кездесуге гүлсіз баруға болмайды, ал оның подругасына гүлмен барсаң, сен туралы басқа ой қалыптастырып қалуы мүмкін.

Демек әңгіме сыйлықта емес, әңгіме сыйлықты алатын қызда. Яғни жігіттің қыздарды тани білуінде, ажырата алуында. Ол деген қыздардың осыншама түрлері болады деп, қыздарды бір белгілі типаждарға бөлу емес, ол сенің жеке тәжірибең мен, қыздардың талабын, сезімін оқи алуыңда.

❗️Біріңғай барлық қыздарға жүретін формула жоқ!

Сол үшін сен өзің дамып отыруың қажет, сол арқылы опыт жинап, белгілі дәрежеде парасат қалыптасады.

Бұл барлық қарым-қатынасқа қатысты, қашан сөз айту керек, қай кезде қолын ұстау керек, қанша кездесу өткізу керек, қанша рет хабарласу керек және т.б.
Осы және осыған ұқсас тақырыптар мен жалпы жігітке қажетті мінез-құлық, аты шулы тестостерон туралы да мифтар мен шындықтарды алдағы бір тәулікте толық ашатын боламыз.

Орын саны шектеулі, өз орныңды алып, жаңа жылда жаңа таныстықтармен баста!🔥

📲Толығырақ: https://wa.me/77758687934

KUANHAN

24 Dec, 17:31


⛔️Алматы қаласы! 24 сағат жігіттермен бірге жабық сабақтар мен шынайы практика!

Тақырыптар жоғарыда көрсетілді!👆

Бұл мүмкіндікті жіберіп алуға болмайды жігіттер! Өзгеремін, өзгертемін деген жігіттер үшін!

🕰️Өтетін күні: 28-29 желтоқсан!

Толығырақ: https://wa.me/77758687934

KUANHAN

23 Dec, 12:49


Чиккен жеп алып, ойланып отырғаным бар... Жігіттермен ортақ мықты оффлайн кездесу өткізбегелі біраз болыпты, оффлайнның орны бөлек🙌

Үлкен тақырыптар, көп ақпарат, тәжірибе жиналып, бөліскім келіп тұр. Бұрын Алматыда жекешеленіп жабық 2 күн бойы толық 48 сағат жігіттермен бірге болып, сабақ өтіп, бірге практика жасаған едік.

Қайталасам ба екен деп ойланып отырмын. Жаңа жылды келген жігіттер жаңаша бастайтындай. Қалай ойлайсыңдар?🤔😄

KUANHAN

23 Dec, 12:06


💩Қарным барына мақтанамын...

Байқасаң, жастар үйленгенге дейін жинақы болады. Яғни дене бітімдері туралы айтып тұрмын. Қызда да, жігітте де артық салмақ болмайды, болса да, аз болады.

Бірақ үйленіп алған соң, +- бір жылда жігіттердің қарны шығып жатады, немесе қыздардың артық салмағы пайда бола бастайды🫃

Тұқым қуалайтын салмақ бұл деп ақталатындары да бар. Жас жігіттің қарны шығып, онымен еще мақтанатыны, риза болатындары бар, бірақ ол шынымен мақтанатын көрініс пе? Жасы жетпей қарынбай болып, не жүгіре алмай, не турникке тартылғаны былай тұрсын, іліне алмай, түнде төсекте де 2-3 минуттан асса отдышка ұстап, шаршап, шалдығып тұрғаны мақтанатын нәрсе емес.

Тура солай қыздарда бала туған соң, үйде отырған келіншектер де салмақ қосып жатады. Гормондар, после родовой дегенді айтпағанда, жалпы қолы босаса аузы тамақтан тиылмайтын қыздар да көп екен. Тамақ жей беруінің себептері де көп қой, бірақ еркек адам өз әйелінің фигурасына азды-көпті көркем түрде сын көзбен қарап тұрмаса, әйелі де артық салмақты норма деп қабылдай бастайды. Сосын бір-біріне айта алмай, көңілдері толмай жүрген екі адам. Түсініп тұрсың ба әңгімені?🙃

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) да Айша анамызбен жүгіріп, жарысып ойнайтын болған, Айша анамыз өз бабында болғанда Пайғамбарымыз қалып қоятын, ал сәл салмақ қоса бастағанда Пайғамбарымыз озып кететін болған екен, және осылай ишарамен салмақ қосқанын білдірген екен (көркем түрде, орынды).

Демек біз үйленге дейін де, кейін де арғымақта артық ет болмайды демекші, өз деңгейімізде артық салмақтың болмауын, дененің сау болуына талап қоя білуіміз қажет, бауырлар!

KUANHAN

22 Dec, 09:33


Қыздармен неге таныса алмайсың?

Жоғарыдағы посттың жалғасы. Соңына дейін тыңда!🎙

KUANHAN

21 Dec, 20:47


Көшеге шығасың, айналаңда жүздеген сұлу қыздар жүреді. Жазда далада, паркте, көшеде, ал қысқа қарай жабық Мега сынды, жылы сауда үйлерінде қаланың ең сұлу қыздарын жолықтыруға болады.

Осы жасыңа дейін қаншама сұлуды көзбен шығарып салып, артынша өкінген кезің болды? Оған айтатын сылтауларың да бар: қазір шаршап тұрмын, жігіті бар шығар, адамдар көп, түрім онша болмай тұр, не айтамын және т.б. 🥱

📌Енді осы сылтаулардың әр қайсысын жеке қарасақ та, барлығын біріктірсек те, бір себепке алып келеді.

Мысалға бомжда сенде бар проблема жоқ, негізі оның жағдайы сенен де ауыр, бірақ оған по...уй дәл қазір, сол үшін ол әдемі қызға да, толпа жігіттерге де, кімге болсын өз қажетін сұрап бара алады. Өйткені ол өзін, өз жағдайын толық қабылдап, өзін басқалармен салыстырмай, берсең бер, бермесең өліп қалмаймын деп, өз кайфында жүрген адам.

Ал сенің қыздармен жүрмей, болмай жатқанының ең басты себебі - сен өзіңе риза емессің. Шын ғой? Яғни дәл қазір сен өзіңе өзің қойған стандартқа жетпей тұрсың. Сол үшін сенімсізсің, өзіңді қабылдай алмаған соң, басқалар да қабылдамайды деген ойдасың. Сол үшін де мың түрлі отмазка тауып, ұнаған қыздарды көзбен шығарып салып жатырсың🙄

Енді не істемек керек? Енді тек әрекет жасау керек. Яғни өзіңнің сенімділігіңді арттыратын, өзіңді қабылдауға көмектесетін әрекеттерді жасап, реальный результат көру арқылы ғана өзгеріс болады. Тек қыздарға қатысты емес...

📌Бірақ ол әрекетке көшу үшін, жарты жолда артқа қайтып кетпес үшін, тағы бірнеше ең маңызды факторлар бар!

Демек қыздармен қиналып болсын танысуың мүмкін, бірақ ол ұзаққа бармайды, өйткені сен өзіңдегі басты проблеманы, дертті кетірген жоқсың. Сол үшін не сен қызға қадалы, байланып қаласың, не қыздың саған қызығушылығы азайып кетеді, не қыздың досы боласың, соңы айырылысу.

Ондай болмас үшін бізге тіркеліп, кеңестерді қолданып отыр! Толығырақ бұл тақырыпты ертең ашамын подкаст түрінде🎙

KUANHAN

16 Dec, 10:59


ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДЕ - ТӘУЕЛДІМІЗ...🇰🇿😢

Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын ағайындар! 30 жыл болыпты, қазақ өз алдына ел болып, тәуелсіз болғанына.

Басқаларға қалай екенін білмеймін, бірақ мен ес білгелі 16 желтоқсан күні ызғарлы, қарлы, суық болады. 1986 жылдың ызғары, көз жастары, төгілген қан мен ашу ызаның ызғары осы күнге сақталып қойылғандай сезіледі өзіме😣

Еліміз ресми түрде тәуелсіз болғанымен, халқымыз банкке тәуелді, тойға тәуелді, ел-жұрттың сөзіне тәуелді, ақшаны билікті ұстағандарға тәуелді, әділетсіз басшыларға тәуелді, заңға тәуелді... Бірақ өкініштісі - адамдардың құқығын тең қылатын, заң алдында барлығы бірдей дейтін заңға қара халықтан басқасы аса қатты тәуелді болмай тұр.

Осы 2024 жыл қазақ елі үшін қиындығы мен қуанышы бірдей болды деуге келмес. Бірнеше обылысты су алды, өз әйелін өз қолымен мерт қылған Бишімбаевты бүкіл әлем болып қарадық, Шерзатты шакалдар жабылып марқұм қылды, артынан ағасы түсініксіз жағдайда өмірден кетті, енді әкесінің тағдыры да бұлыңғыр болып тұр, уақытты өзгертіп елдің уақытын ұрлады, доллар өсіп өмір сүруді қымбаттатты. Осының барлығы тәуелсіздік халықтыкі емес, білгенін жасайтын биліктікі ғана екенін көрсеткендей.

Талғар трагедиясы осының айқын көрсеткіші. Бұл жаңа Қазақстанның ескі көрсеткіші, сол сатылатын билік пен сатып ала алатын ұры қары, арам кәсіпкер сымақтар мен бандит сымақтардың тайраңдаған жаңа Қазақстаны. Ескіден жаңарған тек жаңа 5000 теңге ғана сияқты.

Шерзаттың өлімі біраз резонанс тудырып, елдің назарын алғанымен, ондай өлімдер аз болып жатқан жоққой елімізде. Жергілікті билік ондай жағдайларда баяғы қанға сіңіп кеткен сасық жүйемен, жәбір көргендерді қорқытып қинап, үнін шығармай, өздерінің аттарына кір келтірмеу үшін барлық иттікті жасап жатады. Осылай қаншама әлілетсіз, қыршын жастар үнсіз өмірден кетіп жатыр🕯️

Айта кетейік, Шерзаттың өлімі осындай шулы болуы, жоғарыдағыларға өте қатты ұнамайды. Ол деген құқық қорғайтын жүйенің, жалпы әділдік орнататын жүйенің арты ашылып, әділдіктің "Ә" әрпі де жоқ екенін көрсетіп тұрса да, халықтың көзін бақырайтып қойып білгендерін жасап жатыр. Қашанға дейін бұл сасыған жүйенің құрбаны болып, әлі қаншама тағдырлар талқандалады екен? Қаншама Шерзаттар мерт болады екен?

Тәуелсіз елде тұрып жатырмын деп шын жүректен айтуға ауыз бармайды. "Өтірік айтайын десем Алладан қорқамын, шындықты айтайын десем биліктен қорқамын" деген сөз ойға келе береді. Өз елімізде өзгеден емес, өз билігімізден үрейленетін халдеміз.

Тәуелсіздігіміз баянды болсын!🙌❤️‍🩹

KUANHAN

15 Dec, 10:20


📌Сенің жағдайың қандай? Қандай мәселе?

Бізге хабарласатын жігіттердің басым бөлігі қыздармен күтпеген қиындық туғанда, болмаса жалпы қыздармен қиын болып жатқанда жазады. Курс сұрайды, консультация өтеді…

Бірақ біздің проекттің “Тау Адам” деп аталуына қарасақ, қыздар туралы ғана айтылатын жоба емес, о баста ондай ниет болмаған, әлі де ол ниет өзгерген жоқ🚀

Басты ниетіміз - қазақтың қара домалақ ұлдары өзімізбен бірге, рухты, кесек мінезді, кең ойланатын ақылды, денсаулығы мықты, өз қара басынан асып, шамасы жетсе елге жерге пайдасы тиетін бір Тау адамдардың, Тау тұлғалардың жолын жалғастыратын, мықты Ерлердің қалыптасуына бір үлес қосамыз деген оймен бастағанбыз.

Біреуге үйретіп жүріп өзім сондай болдым демекші, менде сіздерден үйрендім, біреуге үйреттім, айтып жатқан дүниемнің бәрі бастан өтті, тәжірибемен келді. Енді осы үйренгенімізді өмірде қолдану керек. Соның бірі - ол қыздар тақырыбы. Еркекке маңызды ғой енді…

«Қашан үйленемін? Қашан қызбен жүремін? Қалай қызбен танысамын/қаратамын?» деп жарты ойы қызда болған жігіттен көп үміт күтпе, ол қатын алып құмарын қандырып, жүрегін тыныштандырмағанша, басқа жақты да қатырмайды екен.

Сол үшін де, осы сұрақтарды шешіп алмай, көп жігіттер елді-жерді қоя тұр, ана қызды қалай қатын қыламыз, соны айтшы деп тұратыны жасырын емес😉

Ескер, сен проблемамен келгенде осы сұрақтың жауабы мынада деп кесіп айтатын адамға сенуге болмайды, өйткені оның жауабы әр адамға әр түрлі болады, индивидуально қаралады. Видеоларымда да осы жайлы айтқан болатынмын.

Мүмкін сен қызбен сөйлесе алмайтын шығарсың, мүмкін сенің мінезің нашар шығар, не оның ақшасы жетпей жатқан шығар, ал мынаның ата-анасы кедергі шығар, ал ананың талабы өзіне сай емес шығар, ал анау өзі білмей дұрыс қыздарды сливать етіп жүр, ал мынаған көз-сөз тиген шығар, ал осы жігіт аңқау болып жем болып жүр қыздарға, мүмкін мына жігіт талай қызды құртып алып, таза қыз іздеп жүрген шығар, тағы басқа жүздеген себеп пен салдар бар ғой. Яғни әркімде әр түрлі запрос, барлығына бір жауап жүрмейді🙌

Демек үйленіп немесе қыздарға қатысты сұрақтарды жауып, Тау Адам болу үшін, абыройлы, салмақты, ақшалы, парасатты, ояу болу үшін бірінші өзіңнің ішіңдегі проблемаларды анықтап, оларды емдеп, дәрісін ішіп, тәубесін жасап барып, сыртты сәндеу қажет. Сол мәселелерді ескеріп, жігіттермен мен сабақтар өтіп, жеке жұмыстар жасаймын.

«Болғанымен сыртың - бүтін, ішің - түтін…» демекші, өзгеріс, тазару, жаңару ол ішкі өзгерістен басталады. Қыздармен де тура солай, түріңді киіміңді реттей беріп, бірақ ішің баяғы жартас, сол жартас болса, онда қыздар да саған қарап жарытпайды екен!

Солай ма? Түсіне алдың ба?

KUANHAN

05 Dec, 13:01


https://youtu.be/782YqGlv2IA

KUANHAN

02 Dec, 07:08


Бір жігіт бір қыздың артынан жүгіріп, өзінің сезімін дәлелдегісі келіп жүргенде, ол қыз басқа жігітті өзіне қарата алмай жүрген болып жатады...

Міне, осылай қаншама жігіттер мен қыздар, көп жағдайда өздерінің алтын уақыттарын басқа жауапсыз махаббатқа салып, драма жасап, соңында ұтылып жатады😮‍💨

Жалпы адамның үйлене алмай, тұрмыс құра алмай, не ажырасып кетулерінің бірнеше себептері болады. Мысалы ең көп тараған себептер – адамның мінезінен, жақсылығы толмағаннан, білімсіздіктен, тәжірибенің аздығынан, анализ жасай алмауынан, бір қатып қалған қағидаға тұрып алғанынан, ата-ананың әсерінен, бывшилардың әсерінен, біреуге қиянат жасағаннан біліп/білмей, өзін тастап қойғаннан және т.б.🙌

Адамға бір сынақ жай мақсатсыз келмейді, сол сынақтың мақсатын, себебін тауып, түсінгенде, мойындағанда, болды келесі этапқа жол ашылады.

Сондықтан үйлену/тұрмыс құру ол жай қыз-жігіттің әңгімесі емес, ол сенің тағдырың, болашағың шешіліп жатыр.

Болашақтың қандай болатыны, сенің бүгін не түсініп, қандай амал-әрекет жасайтыныңа байланысты! Егер өмірде жолың болмай жатса бір қарап, анализ жаса. Себепті сырттан іздей берме...

KUANHAN

30 Nov, 14:07


https://youtu.be/u1HcpwMFJ2M

KUANHAN

27 Nov, 16:31


"Баяғы бір заманда" деп басталатын әңгімелердің барлығы қызықты болушы еді ғой... (соңына дейін оқы)👇

Сол бір заманда Құдайдан бала тілеп, "мен де ана болайыншы, менің де балам болсыншы" деп Алланың есігін қаға беріп, ең болмағанда бір күнге бала берші деп сұрап жіберген әйелге Алла бала беріпті👶🏻

Дұғасы қабыл болғанына қуанғанымен, дұғасының кемшілігі барын біліп, бала берді, бірақ өзім тілімнен жаңылдым бір күн ғана өмір сүретін бала болды ғой деп, көңілі түскен екен.

Содан ай-күні жетіп, баланы босанып, сол күннен кешіктірмей, барлық таныс-тамыр, ет жақын, көрші-қолаңды жинап, қүрбан шалып, ас таратып, құран бағыштап, жиналған жұрттың бата тілектерін алып, туылған нәрестеге "барлығы өмір жасы ұзақ болсын, Алла өміріне береке берсін, көп жасасын, үлкен азамат болсын" деген жақсы бата, дұға-тілектерін жаудырып, көп түкірсе - көл демекші, көптің батасы қабыл болып, бір күн өмір сүруі керек баланың жасы ұзақ болып, өмірі берекелі болып, ата-анасына немере сүйдірген екен.

Осы әңгімеден алатын дүниеміз, біз қаншалықты көп адамның рахметін алып, көп адамның, әсіресе көмекке мұқтаж адамдардың разылығын, үлкендердің батасын алып, жасырын, не жария түрде садақа беріп жүрсек, біздің де жолымыз ашық, жүзіміз жарық болады🙌

⚠️Бұл қыздар туралы айтылатын канал ғой, не айтып кеттің дейтін шлиии ақылды жігіттерге – бұл қыздарға қатысты ақпарат, яғни сенің өмірде ажыраспай, қателеспей, дұрыс қызды жолықтырып, сол қыздың көңілі саған ауып, өте жақсы отбасы болуыңа, сенің жасап жүрген жақсылықтарыңа тікелей қатысы бар!

Қаншалықты көп адамның батасын, рахметін аласың, соншалықты қыздармен де жолың болады (қыздар жайлы айтсақ). Қаншалықты сараң болып, қыздарды ренжітіп, басқалардың кері батасын алсаң, соншалықты үйленуің түрлі себептермен кешігіп, жұмысың алға баспай, өміріңнен береке кетеді.

Қыздың махабатын ұтып алу, қалаған қызды тез жолықтыру, тезірек үйлену, дұрыс тағдырды таңдау, көп бата-тілекті алудың жолдарын жабық фокус-группамызда толық ашып бөлісеміз. Оған қоса нақты жұмыс жасайтын, тексерілген техникалар беріледі. Сен күтпеген білім мен практиканы аласың💯

Қызбен былай сөйлес, осылай таныс, мынаны айт/айтпа, жаса/ жасамадан бөлек, басқа да көпке айтыла бермейтін, аталарымыздың берекелі білімдері де бар. Реальный результатты негізі осы білімдер беретініне көз жетіп, жүрек сенді❤️‍🩹

Сондықтан рухани да физикалық та, интелектуалды да дамып отыруымыз қажет жігіттер. Фокус-группада күтемін. Төменде WhatsApp номеріңді қалдыр👇📲

KUANHAN

25 Nov, 13:51


Елестетші, сені бір қыз сырттай ұнатып жүрсе, сосын әйтеуір амалын тауып әрең дегенде жақындап сенімен танысуға әрекет қылса, танысқанда да даусы дірілдеп, беті қызарып, сөз таба алмай тұрса, және сен оның барлығын байқап тұрсың, сенің состояниең қандай болады осы кезде?🤔

Әрине, сен өзіңе сенімді тұрасың. Өйткені екінші адам кішкене төменге түсті, алдыңа келді, сұрады...

Сен ол қызбен таныстың, кездесуге келістің. Енді ол саған жазып, звондап, кездесетін орын тауып, бар жақсысын, әдемісін киіп, сені үйіңнен алып кетіп, не болмаса такси шақыртып, кездескеннен соң да әңгіме тауып, саған ұнаған жерде ұнатқан тамағыңа заказ беріп, көңіліңнен шығуға тырысып, соңында үйіңе шығарып салып, қайырлы түн деп смс жазып, ертесіне "саған қалай, не деп жазып әңгіме бастасам екен, тағы қалай кездессем екен?" деп бір қыз тура осылай саған внимание берсе, сен өзіңді қалай сезінетін едің?

Ал егер осындай қыздар сенің артыңнан жылдар бойына жүгіріп келген болса ше? Сен үшін бұл норма болатын еді, қалыпты жағдай, сен өзіңе өте сенімді боласың, сен таңдайсың, дұрыс қой?!😊

Міне, сен сияқты жақсы жігіттердің қарым-қатынасын көргенде қыздардың көбі өздерін тура осылай уверенно сезінеді. Сенің де тура саған дейін болған 1045 жігіттен еш айырмашылығың жоқ, тек біреуінің жағдайы өте жақсы, біреуі ондай емес болуы мүмкін, басқасы басқа...

Сол үшін де қызды басында не нәрсемен қызықтырып алсаң, сол нәрсемен ұстайсың. Ақша, сыйлық, дене, түр, таныс, статус, өзіңмен... Дұрысы – өзіңмен әрине (қыздарға қымбат сыйлықтар беріп, байлығын көрсетіп және барын беріп және қыһдар мені шын жақсы көреді деп, кейін қадалып жүрген жігіттер көп)🙌

Қыздың артынан жүгіріп, оған ұнауға тырысып жүргенде, қыздың орнына өзіңді қойып көр, егер қыз сенің әрекеттеріңді саған көрсетіп жүрсе, саған қаншалықты ұнамды, қызықты болар еді?

KUANHAN

23 Nov, 11:59


❗️Сен бір қызды ұнатасың, танысқың келеді, және сол қызға дұрыс подход жасау үшін саған таныс қыздардан кеңес сұраған кездерің болған ба еді? 70-80% болды, иә?

Жігітке қарағанда қыздар бірін-бірі жақсы біледі, және басқа қызға не керегін жігітке қарағанда қыздар нақтырақ айта алады деген оймен әпке-қарындас, группалас-кластас, таныс қыздардан кеңес сұраған боларсың?🙃

Көбінде қыздардың кеңесі: комплимент айт, сыйлық бер, көңілінен шықсаң болды, жұмсақ бол дененге келеді.

Енді сен тура солай жасайсың, қыздар одан сайын саған отказ бере бастайды. Өйткені саған кеңес беріп тұрған сенің таныс қызың өзіне қалағанды саған кеңес ретінде айтып тұр. Яғни мықты, спортивный, брутальный жігіттің өзіне жұмсақ қарағанын, комплимент айтып, гүл сыйлағанын қалайды, енді саған да сондай кеңес айтып тұр.

Бірақ сен ондай брутальный, спортсмен болмауың мүмкін. Саған керісінше танысудың басқа жолдарын қолданып, өзіңді басқаша ұстауың керек еді. Қыздардың кеңестері жұмыс жасай бермейді👇

Сол үшін қызды тыңдама, қыздың әрекетіне қара деген сөздер дәл айтылған. Қыздарда көбінде сөзбен бір нәрсе айтып, әрекеті өз сөзіне қарсы болады. Сол үшін жігіт қыздан бір саты ақылдырақ болғаны дұрыс. Өйткені қыздың ойын, әрекетін алдын-ала сезіп, біле алмасаң, онда қыздың ойынына кіріп, соның айтқанымен жүре бастайсың. Ол кезде қыз сені уже жігіт ретінде көрмейді, дос, жақсы бала, родной, кошелек, водитель ретіндк көреді, бірақ ешқандай жігіт ретінде емес😪

Қыздар туралы қыздардан сұрауға кеңес бермес едім жігіттер. Сол мақсатта біздің канал жұмыс жасап тұр. Ал қыздармен еркін қарым-қатынас құрудың қыр сырын біліп, үйрену үшін, алдағы жабық зум форматта өтетін фокус-группамызға жеңілдікпен тіркеліп үлгер. Фишкалар мен секреттердің бәрін ашамын😉🚫

KUANHAN

20 Nov, 15:16


https://youtu.be/dxIRdDkMDuQ

KUANHAN

20 Nov, 13:37


📌 Көп жігіттер сұраған еді, ерекше свидание бойынша гайд:

https://calico-reason-4e6.notion.site/30-kuanhan_-10b2ac3e890d4d2fbfd165310df411b3?pvs=4

*сілтемеге өт

KUANHAN

19 Nov, 15:38


🤔 Өміріңде кемі бір рет болсын “массондар”, “мировая элита” деген сөздерді естіген боларсың. Мүмкін олар жайында ақпарат қарастырып та көрдің...

Негізі ол рас, яғни ондай ұйымдар бар! Әлемді өз қалауларынша басқарып, ойыншық ойнағандай екі елді соғыстырып, бір елді аштықпен, бір елді аурумен, бір елдерді психологиямен, бір елдерді дінмен, шоу-бизнеспен аздырып, білдгендерін жасап отырған бір элита бар🗽

Осы элита жалпы адамдарды 4-ке бөліп қарастырады:

1. Элита - болашаққа нақты жоспарлары бар, және сол жоспарды жүзеге асыратын ресурстары бар (ақша, статус, билік, алтын, банк, ақыл т.б.) ең бай адамдар.

2. Контр элита - бұл адамдарда да болашаққа жобалары бар, әлемдік өзгерісті өздерінше көретін идеялары бар, бірақ қолдарында жеткілікті ресурстар жоқ.

3. Анти элита - бұл адамдар жоғарыда басқарып отырған элитаның барын біледі, бірақ оларға ешқандай әсер ететін ақылдары да, ресурстары да жоқ. Бұл топтың болашаққа ешқандай жоспарлары да жоқ.

4. Не элита - ең көп адам санын құрайтын топ. Бұл адамдар, элитаның барын да білмейді, білгілері де келмейді, олардың жобаларының құрбандары, расходный материал немесе подопытный крыса ретінде қаралатын қуыс кеуде, адам емес екендерін де білмейді. Бала сияқты, тамағы мен төсегі болса болды.

Элита мен Не элитаның айырмашылығы - қыран құс пен тауық сияқты. Қыран құс биіктен ұшып, әлемді жоғарыдан мүлдем басқа ракурстан көреді, ал тауық өмір бойы өз қорасынан артық көрмейді🦅🐔

Енді қырандар тауықтарға әлемді өз көздерімен сипаттап берсе, тауықтар оларды есінен адасқандар деп тыңдамас та еді. Міне, осындай тауық мидың арқасында, қырандар әлемді басқарып отыр. Ал тауықтар болмайтын өмірді сүріп жатыр. Дұрыс қой?

Осы әңгімеден әркім өзін тани білуі қажет. Аталарымыз айтқандай "Оян Қазақ" демекші, ояу қазақтар қазір ауадай қажет. Рухани ояну, интелеутуалды ояну қажет. Ол үшін тауықтың өмірді тар ақылмен көріп тұрғанындай емес, қырандардың көзімен әлемге, өмірге қарай алатын, қазақтың кезіндегі Алаштық мырзалары секілді, элитаны құрау қажет. Ол үшін бізден тек талап пен ықылас, білім мен әрекет қажет!🌟

Бір қыздың әңгімесінен шыға алмай, бір қызды ойлап қайғырып, қызға алтын уақытын, ақшасын құртатын жігіттерге, ойланатын уақыт. Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған демекші, мақтайтын ештеңеміз болмаса, қыздар қайдан жақтасын?

Өмірді тек ішсем-жесем демей, көрсем-білсеммен өткізсек, екі өмірде де жүзіміз жарық болар, а?

Олай болса, жігіттер, жанып тұрған үміттер, қызды қарату жақсы, ол туралы толық айтамыз, бірақ одан да маңызды дүниелер бар, міне соларды қолға алсақ, қыздар өздері сендердің назарларыңды іздейтін болады. Оған жету үшін ең бірінші қадам, біздің 15 күндік фокус группамыздан бастау + Тау адам курсын да сыйлыққа ал🔥

Толық ақпарат, менеджер:
📲 https://wa.me/77758687934

KUANHAN

17 Nov, 17:20


🚀 24-25.11 Фокус-группаның жаңа потогын бастаймыз! Аты айтып тұрғандай, бұл қатысушалырға фокус қойылады!

Қатысқан жігіттер:

- Толық қыздар тақырыбы бойынша бастан-аяқ ақпарат алды, секреттері мен психологиясын түсінді;
- Қыздарға қалай және қандай подход жасау керектігін білді;
- Шаблондардан бөлек, қыздың шаблонын бұзып, оларға әсер етуді үйренді;
- Практика жүзінде қыздармен танысты;
- Өзінің тұлғалық және руханиятқа байланысты, еркектік тақырыптар бойынша сұрақтарына жауап алып, өзгерісті бастады, өздерін қолға алды;
- Дұрыс әйел табу, танысу, оны тану, тексеру және дұрыс жар болу бойынша білім алды;

Бұл тек бастамасы. Фокус группа - бұл жаңа, өте ыңғайлы формат. Барлығы анонимді, сіздерді еш жерде көрсетпейміз📌

25.11 бастаймыз 2 апта сабақ өтіледі + соңында практика жұмыстары болады! Бар тәжірибем мен білгенім осында берілетін болады.

+ сыйлыққа Тау адам курсы! 🎁

Өзіңді таны, өзіңді тап, және айналаңды өзгертіп, қыздар саған өздері жақындайтындай жігіт бол! Фокус-группада күтемін. Толығырақ білу үшін менеджерге жаз👇

📲 https://wa.me/77758687934