таң атып,кеш батқанда. tarafından Telegram'da paylaşılan en son içerikler
таң атып,кеш батқанда.
02 Mar, 00:37
628
Өмірді сүй,аяулым.. Көңіліңе түсірмей жүр қаяу мұң.. Көлігім жоқ, өмірім жоқ демегін Мен де сендей жаяумын..
таң атып,кеш батқанда.
01 Mar, 09:36
706
ифтардан кейін жүріп қайтамыз ба?
таң атып,кеш батқанда.
01 Mar, 06:26
714
Раббыңа қайт!Сен Раббыңнан,Раббың сенен разы болған күйде. Қане,(маған құлшылық етіп,ең асқақ мәртебеге жеткен)хас құлдарымның қатарына сенде қосыл! Сөйтіп,Жәннәтіма кір!
таң атып,кеш батқанда.
01 Mar, 00:44
710
Ниеттерің қабыл болсын оқырмандарым🤲🤍
Құрметті оқырмандар! Сіздерді қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл ай – сабыр мен төзімділік, мейірім мен ізгілік, кешірім мен қайырымдылықтың айы. Ораза ұстаған жандардың ниеттері қабыл болып, тілеген дұғалары орындалсын. Рамазан айы әр шаңыраққа береке, тыныштық пен молшылық әкелсін! Жүректеріңіз иман нұрына толып, жақсылық пен қуаныш сіздерді айналып өтпесін. Қасиетті ай баршаңызға мейірім мен бақыт әкелсін!🤍
таң атып,кеш батқанда.
28 Feb, 18:06
665
Уайымдама ертең-ақ есіңнен шығып кетемінн…
таң атып,кеш батқанда.
28 Feb, 07:18
576
«Уа Раббым, салиқалы құлдарыңа нәсіп еткеніңдей, маған да осы айда тақуалықты нәсіп ете гөр!»
таң атып,кеш батқанда.
28 Feb, 07:11
505
1 күн және Рамазан айы қош келдің!
Осы Рамазанды өткен жолғысына қарағанда ерекше өткізуге ниеттеніп отырғандар қаншама🥹
Сауаптар еселенетін айда, барынша ақыретке азық жинау керек.
30 күн көзді ашып жұмғанша өтіп кететін болғандықтан, бәлки, әр күнге жоспар құрып, есеппен өткізу дұрысырақ болады
таң атып,кеш батқанда.
28 Feb, 07:09
498
Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм):
«Хақ Тағала сендерге оразаны парыз етсе, мен тарауих намазын сүннәт еттім. Шын иман және ықыласпен Рамазан оразасын ұстаған және тарауих намазын оқыған адам күнәдан анадан жаңа туған нәрестедей пәк болып тазарады»
Тарауих намазының ұнамды, сауабы мол болу мақсатында келесі амалдар орындалса нұр үстіне нұр болары анық:
- Әр екі немесе төрт рәкәғатта сәлем беру. - Әр төрт рәкәғатта сәлем бергеннен кейін, намаздың «тарауих» деп аталуына сай демалу. Демалу уақытында түрлі зікір, дұға етіліп уағыз айтылса, тіпті үндемей отырса да болады. Себебі, жаман сөз айтпай үндемей отырудың өзі – ғибадат. - Жалпы демалу барысында осы айтылған амалдың қайсысымен шұғылдану – жамағаттың ықтиярындағы іс. - Тарауих намазында құранды бір рет хатым ету. Негізінде рамазан бойы тарауих намазын оқу барысында Құранды бір рет хатым ету, яғни басынан аяғына дейін оқып шығу – сүннет. - Тарауих намазын мешітте оқу. Себебі, жамағатпен оқылатын намаздың абзалы – мешітте оқылған намаз.
Я, Раббым! Осы Рамазанның әр кешінде тарауих намазын оқуды нәсіп ете көр🤲🏻