ТОО "ВЖДО"

@vzhdo


ТОО "Военизированная железнодорожная охрана"

https://t.me/vzhdo_bot – Фото и видеоматериалы от подписчиков

ТОО "ВЖДО"

22 Oct, 12:30


Алматы филиалындағы өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығу

🔥 «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС Алматы филиалында әкімшілік ғимараттағы шартты өрт ошағын сөндіру бойынша оқу-жаттығу сәтті өткізілді.

🚨 Оқу-жаттығу барысында хабарландыру және эвакуациялау сызбалары, сондай-ақ өрт сөндіргіштерді қолдану дағдылары пысықталды.

👨‍🚒 Филиал қызметкерлері төтенше жағдай кезінде жедел әрекет етуге дайындықтарын көрсетіп, өрт қауіпсіздігі бойынша білімдерін нығайтты.

👏 Барлық қатысушыларға белсенділігі мен үйлесімді іс-қимылдары үшін алғыс білдіреміз!

🛡🟰🟰🟰🟰🟰🟰🟰🛡

Учения по пожарной безопасности в Алматинском филиале


🔥 В Алматинском филиале ТОО "Военизированная железнодорожная охрана" успешно проведены учения по тушению условного очага пожара в административном здании филиала.

🚨 В рамках учений были отработаны схемы оповещения и эвакуации, а также практические навыки использования огнетушителей.

👨‍🚒 Сотрудники филиала продемонстрировали готовность к оперативным действиям в случае чрезвычайной ситуации и укрепили свои знания по пожарной безопасности.

👏 Благодарим всех участников за активное участие и слаженные действия!

ТОО "ВЖДО"

22 Oct, 12:02


Түркістан филиалы ардагерлерді Қарттар күнімен құттықтады

🎉 «ӘТЖК» ЖШС Түркістан филиалы кәсіподақ ұйымының қолдауымен ардагерлерді Қарттар күнімен құттықтады. Салтанатты шараға филиалда көп жылдар бойы еңбек еткен зейнеткерлер шақырылды.

🏅 Еңбек ардагерлеріне көпжылдық еңбегі үшін марапаттар табысталып, оларға арналып мерекелік дастархан жайылды.

👥 Құрметті ардагерлер өздерінің еңбек жолындағы қызықты сәттері мен тәжірибелерімен қуана бөлісті.

🛡🟰🟰🟰🟰🟰🟰🟰🛡

Туркестанский филиал поздравил ветеранов с Днём пожилых людей


🎉 Туркестанский филиал ТОО «ВЖДО» при поддержке профсоюзной организации поздравил своих ветеранов с Днём пожилых людей. На торжественное мероприятие были приглашены пенсионеры, которые долгие годы трудились в филиале.

🏅 Ветеранам труда были вручены награды в знак признательности за их многолетний вклад, а для них был накрыт праздничный дастархан.

👥 Уважаемые старшие коллеги с удовольствием делились воспоминаниями, рассказывая о своём опыте работы и интересных моментах из трудовой жизни.

ТОО "ВЖДО"

22 Oct, 11:15


Қарағанды филиалының шұғыл әрекет ететін оңтайлы тобы

🚨 «ӘТЖК» ЖШС Қарағанды филиалының шұғыл әрекет ететін оңтайлы тобы (ШӘОТ) теміржол инфрақұрылымы нысандарында күнделікті қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

🔒 ШӘОТ-тың негізгі міндеттеріне нысандарды патрульдеу, құқық бұзушылықтардың алдын алу, төтенше жағдайларға шұғыл әрекет ету, жүктерді күзету және құқық бұзушыларды ұстау кіреді. Дайындықтың жоғары деңгейі мен нақты іс-қимылдар нысандар мен жүктерді тиімді қорғауға мүмкіндік береді.

👏 ШӘОТ жұмысы — теміржолдағы қауіпсіздіктің сенімді кепілі!

🛡🟰🟰🟰🟰🟰🟰🟰🛡

Мобильная группа оперативного реагирования Карагандинского филиала


🚨 Мобильная группа оперативного реагирования (МГОР) Карагандинского филиала ТОО «ВЖДО» ежедневно обеспечивает безопасность на объектах железнодорожной инфраструктуры.

🔒 Основные задачи МГОР включают патрулирование объектов, предотвращение правонарушений, оперативное реагирование на инциденты, охрану грузов и задержание нарушителей. Высокий уровень подготовки и четкие действия позволяют эффективно защищать объекты и грузы.

👏 Работа МГОР — надежная гарантия безопасности на железных дорогах!

ТОО "ВЖДО"

21 Oct, 05:28


Нұрлан Сауранбаевтың Қарағанды бөлімшесіне сапары және үздік қызметкерлерді марапаттауы

🎉 2024 жылғы 17 қазанда «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев Қарағанды бөлімшесіне барып, мекеме басшыларымен, оның ішінде «ӘТЖК» ЖШС өкілдерімен кездесті.

🏅 ҚТЖ компаниясының 120 жылдығына орай, Нұрлан Сауранбаев салтанатты түрде «ӘТЖК» ЖШС Қарағанды филиалының үздік қызметкерлері — Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы атқыштар командасының жүктерді күзететін күзетшілері Есім Жандаулетұлы Кемелбаев пен Қали Кеңесұлы Сүлейменовті марапаттады.

👏 Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтай отырып, оларға қызметте одан әрі табыс тілейміз!

🛡🟰🟰🟰🟰🟰🟰🟰🛡

Визит Нурлана Сауранбаева в Карагандинское отделение и награждение лучших сотрудников


🎉 17 октября 2024 года председатель правления АО "НК "КТЖ" Нурлан Сауранбаев посетил Карагандинское отделение, где состоялась встреча с руководителями учреждений, в том числе и ТОО "ВЖДО".

🏅 В честь 120-летия компании КТЖ, Нурлан Сауранбаев торжественно наградил лучших сотрудников Карагандинского филиала ТОО «ВЖДО» — Кемелбаева Есима Жандаулетовича и Сулейменова Кали Кенесулы, охранников стрелковой команды по охране грузов на станции Караганда-Сортировочная.

👏 Поздравляем наших коллег с заслуженными наградами и желаем им дальнейших успехов в работе!

ТОО "ВЖДО"

18 Oct, 11:02


Апта сайын күзетшілердің жұмыс орындарына бару: бақылау және жақсарту

👥 «ӘТЖК» ЖШС Бас директоры Нұржан Төлеутайұлы Әлкеевтің нұсқауы бойынша жұмыс процестерін жетілдіру бағдарламасы аясында компанияның орталық аппараты әр апта сайын жұмыс орнына шығып отырады. Әр бейсенбіде қызметкерлер 10 адамнан тұратын топтарға бөлініп, күзетшілердің қызметімен танысады.

👀 Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – нақты қызметпен танысу және күзет процестерін жақсарту жолдарын анықтау.

🔄 Бұл іс-шаралар кайдзен (үздіксіз жетілдіру) және генчи генбуцу (жағдайды орнында қадағалау) принциптеріне сәйкес жүргізіледі, бұл компания қызметкерлеріне процестерді тереңірек түсінуге және оларды оңтайландыру бойынша шешімдер ұсынуға мүмкіндік береді.

💡 Мұндай ықпалдасу орталық аппарат пен жұмыс орнындағы қызметкерлер арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, сонымен қатар күзет шараларының тиімділігін арттыруға және қызметкерлердің мотивациясын көтеруге көмектеседі.

🛡🟰🟰🟰🟰🟰🟰🟰🛡

Еженедельные выходы на линию: наблюдение и улучшение


👥 По указанию Генерального директора ТОО «ВЖДО» Алькеева Нуржана Тулеутаевича, в рамках программы улучшения рабочих процессов, центральный аппарат компании еженедельно выходит на линию. Каждый четверг сотрудники делятся на группы по 10 человек и изучают деятельность охранников на местах.

👀 Основная цель этих выходов — это знакомство с реальной работой на местах и выявление путей для улучшения процессов охраны.

🔄 Эти действия реализуются в соответствии с принципами кайдзен (постоянное улучшение) и генчи генбуцу (личное наблюдение за происходящим), что позволяет сотрудникам компании глубже понять процессы и предложить решения для их оптимизации.

💡 Такого рода интеграция помогает не только укрепить связь между центральным аппаратом и сотрудниками на местах, но и повысить общую эффективность охранных мероприятий и мотивацию сотрудников​​.

ТОО "ВЖДО"

18 Oct, 07:01


Түркістан филиалы Кәсіподақтар күніне орай қызметкерлерді марапаттады

🎉 2024 жылғы 10 қазанда атап өтілген Кәсіподақтар күніне орай «ӘТЖК» ЖШС Түркістан филиалының кәсіподақ ұйымының төрағасы Талғат Қажымұқанұлы Дүйсебеков пен еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі 1-санатты инженер маманы Гүлдана Тұрдашқызы Сарымсақова Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

🏅 Бұл марапат еңбеккерлердің мүддесін қорғау мен кәсіподақ қозғалысын дамытудағы еңбектері үшін табысталды.

🎉 Осы маңызды жетістікпен құттықтаймыз!

🛡🟰🟰🟰🟰🟰🟰🟰🛡

Награждение сотрудников Туркестанского филиала в честь Дня профсоюзов


🎉 В честь празднования Дня профсоюзов, который отмечался 10 октября 2024 года, председатель профсоюзной организации Туркестанского филиала ТОО «ВЖДО» Дуйсебеков Талгат Кажмуканович и инженер-специалист 1 категории по безопасности и охране труда Сарымсакова Гульдана Турдашевна были удостоены «Почетной грамотой» председателя профсоюзной федерации Республики Казахстан Сатыпалды Даулеталина.

🏅 Эта награда была вручена за значительные заслуги в защите интересов трудящихся и развитие профсоюзного движения.

Поздравляем с этим важным достижением! 🎉

ТОО "ВЖДО"

18 Oct, 06:01


Астана станциясындағы өрт-тактикалық оқу-жаттығулары

🚒 2024 жылғы 16 қазанда сағат 10: 00-де Астана ШЧ-16 станциясының аумағында «Стационарлық объектідегі шартты өртті сөндіру (Астана станциясының сигнал беру және байланыс дистанциясы)» тақырыбында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті.

🧑‍🚒 Оқу-жаттығуға Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті, ПП-5 өрт сөндіру поезы, Астана станциясының ШЧ-16, Астана станциясының ЭЧ-8 және «ӘТЖК» ЖШС Ақмола филиалының Нұр-Сұлтан станциясындағы атқыштар командасының жеке құрамы қатысты.

Оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан станциясындағы АК қызметкерлері алға қойған міндеттерді еш ескертусіз табысты орындады.

🛡🟰🟰🟰🟰🟰🟰🟰🛡

Пожарно-тактические учения на станции Астана

🚒 16 октября 2024 года в 10:00 на территории ШЧ-16 станции Астана прошли пожарно-тактические учения на тему «Тушения условного пожара на стационарном объекте (Астанинская дистанция сигнализации и связи станции Астана)».

👨‍🚒 В учениях приняли участие Департамент по чрезвычайным ситуациям города Астана, пожарный поезд ПП-5, ШЧ-16 станции Астана, ЭЧ-8 станции Астана и личный состав стрелковой команды на станции Нур-Султан Акмолинского филиала ТОО «ВЖДО».

По итогам учений работники СК на станции Нур-Султан успешно справились с поставленной задачей, без замечаний.

ТОО "ВЖДО"

18 Oct, 04:32


Тараз филиалында жүктердің сақталуын қамтамасыз ету

🚆 "ӘТЖК" ЖШС Тараз филиалының басшылығы теміржол көлігінде тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету процестерін мұқият қадағалайды. Қызмет көрсетілетін учаскеде жүктерді ілеспе күзету пикеттік тәсілмен жүзеге асырылады, қауіпті жүктер мен контейнерлік пойыздарды ілеспе күзетуден басқа, олар жеке күзетіледі.

🛡 Нұсқауға сәйкес, әрбір жүк қабылданып, аға күзетшіге тапсырылады, ол барлық пикеттер бойынша ақпарат беруді ұйымдастырады. Әр пикет құрамдардың өтуін бақылап, қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

🚧 Коммерциялық ақаулықтардың алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Отар және Түлкібас станцияларында қосымша тосқауылдар қойылған, бұл көршілес филиалдардан келетін жүктердің бақылауын күшейтуге көмектеседі.

🛡🟰🟰🟰🟰🟰🟰🟰🛡

Обеспечение сохранности грузов в Таразском филиале


🚆 Руководство Таразского филиала ТОО "ВЖДО" тщательно контролирует процессы, связанные с обеспечением сохранности грузов на железнодорожном транспорте. Сопровождение грузов по обслуживаемому участку осуществляется пикетным способом, за исключением опасных грузов и контейнерных поездов, которые сопровождаются физически.

🛡 Согласно инструкции, каждый груз принимается и передается старшему охраннику, который организует передачу информации по всем пикетам. Каждый пикет отслеживает прохождение составов, обеспечивая максимальный уровень безопасности.

🚧 Для предотвращения коммерческих неисправностей и обеспечения безопасности, на станциях Отар и Тулькубас выставлены дополнительные заслоны, что помогает повысить контроль за перевозками, поступающими из соседних филиалов.

ТОО "ВЖДО"

17 Oct, 11:00


«Контейнерлік пойыздардағы жүктердің сақталуы» айлығы

🚆 «ӘТЖК» ЖШС Қостанай филиалы «Қытай - Еуропа - Қытай» бағыты бойынша контейнерлік пойыздардағы жүктердің сақталуына арналған айлықты өткізуде. Іс-шара Достық-экспорт және Алтынкөл-экспорт шекаралық өткелдерінде тиеу сапасын арттыруға бағытталған.

📆 Айлық 2024 жылғы 16 қыркүйектен 16 қазанға дейін өтеді. Оның аясында:
1.Бұйрық шығарылып, филиалдың бөлімшелерінде айлық туралы ақпараттық баннерлер орналастырылды.
2.Жеке құрам айлық талаптарымен таныстырылып, олардың орындалуын күнделікті бақылау мен тексеру жүргізілуде.
3.Атқыштар бөлімшелерінде техникалық және практикалық сабақтар ұйымдастырылды.
4.Қарталы станциясын қоса алғанда, түйіспе станцияларында жүктерді қабылдау-тапсыру сапасына күнделікті бақылау жүргізіледі.
5.Филиалдың атқыштар бөлімшелері мен ШӘОТ айлық талаптары мен транзиттік контейнерлік пойыздарды күзетудің регламентін қатаң сақтайды.
6.Айлық барысында 19 тасталған контейнерлік пойыз (14 станция бойынша 632 вагон) күзетпен қамтамасыз етілді, бұл 158 194,4 вагон/сағатты құрады.

🔒 Іс-шаралар транзиттің барлық кезеңінде жүктердің қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

🛡🟰🟰🟰🟰🟰🟰🟰🛡

Месячник «Сохранность грузов в контейнерных поездах»


🚆 Костанайский филиал ТОО «ВЖДО» проводит месячник «Сохранность грузов в контейнерных поездах по маршруту КНР-Европа-КНР», направленный на повышение качества перегрузки на пограничных переходах Достык-экспорт и Алтынколь-экспорт.

📆 Месячник проходит с 16 сентября по 16 октября 2024 года. В рамках этих мероприятий:
1.Издано распоряжение, в подразделениях филиала размещены информационные аншлаги о месячнике.
2.Личный состав проинформирован о требованиях мероприятий, проводится ежедневный контроль и проверка их исполнения.
3.В стрелковых подразделениях организованы технические и практические занятия.
4.Осуществляется ежедневный контроль за качеством приёма-передачи грузов на стыковых станциях, включая станцию Карталы.
5.Стрелковые подразделения и МГОР филиала строго следуют требованиям месячника и регламенту охраны транзитных контейнерных поездов.
6.В период месячника охрана была обеспечена для 19 брошенных контейнерных поездов, которые включали 632 вагона по 14 станциям, что потребовало 158 194,4 вагона/часов.

🔒 Мероприятия направлены на обеспечение безопасности и сохранности грузов на всех этапах транзита.

ТОО "ВЖДО"

17 Oct, 10:28


Ерболат Молдағалиұлы Қазбатыровты салтанатты түрде марапаттау

🎉 2024 жылғы 15 қазанда Ақтөбе станциясындағы атқыштар командасының жүктерді күзететін Ерболат Молдағалиұлы Қазбатыровты 60 жасқа толу мерейтойына орай салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

📜 Филиал директорының қатысуымен және кәсіподақ комитетінің қолдауымен оған алғысхат пен бағалы сыйлық табысталды.

👥 Шара барысында филиал басшылығы мен әріптестері оның көпжылдық адал қызметі үшін жылы лебіздері мен алғыстарын білдірді.

🛡🟰🟰🟰🟰🟰🟰🟰🛡

Торжественное награждение Казбатыров
а Ерболата Мулдагалиевича

🎉 15 октября 2024 года на станции Актобе состоялось торжественное награждение Казбатырова Ерболата Мулдагалиевича, охранника по охране грузов стрелковой команды, в честь его 60-летнего юбилея.

📜 В присутствии директора филиала и при поддержке профсоюзного комитета ему были вручены благодарственное письмо и ценный подарок.

👥 В ходе мероприятия руководство филиала и коллеги выразили свои тёплые пожелания и слова благодарности за его многолетнюю и добросовестную службу.

ТОО "ВЖДО"

17 Oct, 10:06


Атырау филиалында өткен эвакуациялау бойынша жаттығу

🚨 2024 жылғы 16 қазан күні сағат 10:00-де «ӘТЖК» ЖШС Атырау филиалында төтенше жағдайлар кезіндегі эвакуациялау бойынша жаттығу өтті. Жаттығу тақырыбы: «Филиалдың әкімшілік ғимаратындағы қызметкерлерді эвакуациялау».

👥 Жаттығуға 24 адам қатысты, оның ішінде филиал аппаратының қызметкерлері, Атырау станциясындағы атқыштар командасы, электрик және фельдшер болды. Процесті филиал директорының орынбасары Абдрахманов Ж.К. және теміржол көлігіндегі мемлекеттік емес қызметтің орынбасары Сматяров А. басқарды.

🎯 Жаттығу мақсаттары:
• Қызметкерлердің төтенше жағдай мен өрт кезінде әрекет етуге дайындығын тексеру.
• Басшылықтың азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру бойынша тәжірибелік дағдыларын жетілдіру.
• Қызметкерлерге өрт болған жағдайда дұрыс әрекет ету және қауіпсіздік шараларын сақтау дағдыларын қалыптастыру.

🔥 Жаттығу сәтті өтті, қатысушылар үйлесімді және жедел әрекеттерін көрсетті.

🛡🟰🟰🟰🟰🟰🟰🟰🛡

Эвакуационная тренировка в Атырауском филиале


🚨 16 октября 2024 года в 10:00 в Атырауском филиале ТОО «ВЖДО» проведена эвакуационная тренировка на случай чрезвычайных ситуаций. Тема учений: «Эвакуация работников административного здания филиала».

👥 В учениях приняли участие 24 человека, включая сотрудников аппарата филиала, стрелковой команды на станции Атырау, электрика и фельдшера. Руководил процессом заместитель директора филиала Абдрахманов Ж.К., а также заместитель начальника негосударственной службы на ж/д транспорте Сматьяров А.

🎯 Цели учений:
•Проверить готовность работников филиала к действиям в условиях чрезвычайной ситуации и пожара.
•Руководству – получить практические навыки организации мероприятий гражданской защиты.
•Сотрудникам – выработать навыки правильных действий и поведения в условиях пожара.

🔥 Учения прошли успешно, участники продемонстрировали слаженные и оперативные действия в рамках тренировки.

ТОО "ВЖДО"

16 Oct, 12:34


Ұлттық ат спорты фестивалі: Қостанай облысы командасының жетістігі

🏇 Астанадағы «Қазанат» ипподромында Республика күні мен мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толуына орай ұлттық ат спорты фестивалі өтті.

🎉 Солтүстік аймақтың командалары арасындағы көкпар жарыстары ең әсерлі сайыстардың бірі болды. Турнирдің финалында Қостанай облысының командасы Астана қаласының қарсыластарын жеңіп, көкпардан бірінші орын алды.

🏅 Кұнан бәйге (9 км) жарысында Қостанай облысының өкілі Темірлан Застежко жеңіске жетті.

🐎 Әсіресе, "ӘТЖК" ЖШС Қостанай филиалының өкілі, ат спорты турнирлерінің бірнеше дүркін чемпионы Данияр Елемисовтің «САМРА» атты тұлпарының жеңісі біз үшін үлкен мақтаныш.

🎊 Жеңімпаздарымызды құттықтай отырып, спорттық аренада жаңа жетістіктерге жете берулеріне тілектеспіз!

🛡🟰🟰🟰🟰🟰🟰🟰🛡

Национальный фестиваль конного спорта: успех команды Костанайской области


🏇 В Астане на ипподроме «Қазанат» прошел Национальный фестиваль конного спорта, приуроченный ко Дню Республики и 30-летию образования маслихатов.

🎉 Одними из самых зрелищных стали соревнования по көкпар среди команд северного региона. В финале турнира команда Костанайской области одержала победу над соперниками из Астаны, став первой в соревнованиях по көкпар.

🏅 В забеге кұнан-бәйге (9 км) победу одержал Темирлан Застежко, представляющий Костанайскую область.

🐎 Особую гордость принесла победа скакуна «САМРА» — лошадь, принадлежащая представителю Костанайского филиала ТОО «ВЖДО» Данияру Елемисову, который неоднократно становился чемпионом на турнирах по конному спорту.

🎊 Поздравляем наших победителей и желаем дальнейших успехов на спортивных аренах!