Ұлытау облысының әкімдігі

@ulytau_oblysynyn_akimdigi


Жаңалықтар, аңдатпа, оқиғалар

Ұлытау облысының әкімдігі

21 Oct, 19:03


Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтің төрағалығымен аппарат жиыны өтті. Өңір басшысы күн тәртібіндегі негізгі мәселелерге көшпес бұрын облыстағы кей жанар-жағармай бекеттерінде уақытша орын алған отын тапшылығына қатысты қысқа мерзім ішінде тиісті мәселелерді шешу міндетін жүктеді. Сондай-ақ кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына құзырлы органдармен бірлесіп, жанар-жағармай бойынша жасанды дүрбелең туындаған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.

Аппараттық кеңесте 2024 жылғы қаңтар–қыркүйек айындағы
әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттің атқарылу қорытындылары туралы, Егін жинау науқанының аяқталуы туралы сұрақтар қаралды.

Ұлытау облысы экономика басқармасы басшысының м.а. Данияр Арынғазин әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттің атқарылу қорытындылары туралы баяндады. Облыстық басқармалар мен қала-аудан басшыларының аталған тақырыпқа байланысты есебін тыңдаған өңір басшысы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің оң динамикасына қол жеткізу мақсатында резервті мүмкіндіктер қарастыруды тапсырды.

Оған қоса өңір басшысы кейбір көрсеткіш бойынша дамудың теріс динамикасын көрсеткен қала-аудан әкімдеріне ескерту жасап, осы жылдың 11 айы бойынша тиісті тәртіптік шара қолданатынын атап өтті. Облыс әкімі сонымен қатар бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне тиісті қаражаттарды жыл соңына дейін сапалы игеруді міндеттеді.

Сондай-ақ жиында ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының м.а. Ақбаян Сексенбаева егін жинау науқанының көрсеткіші былтырғы 2023 жылмен салыстырғанда екі есеге жоғары болғанын жеткізді.

Сонымен қатар Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков ауыл шаруашылығы техникасының тозу мәселесін азайту үшін «Ауыл аманаты» бағдарламасының, Аграрлық кредиттік және Ұлытау әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы сияқты қаржы институттарының жұмысын насихаттауды, түсіндірме жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Ұлытау облысының әкімдігі

21 Oct, 17:19


ҚҰРМЕТТІ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ
 
Өңірдегі кей жанар-жағармай құю бекеттерінде жеткізудің кешігуіне байланысты орын алған тапшылық жөнінде төмендегідей ақпаратты хабарлаймыз.

Бүгін түнде жанар-жағармай тиелген 2 вагон, ал келесі күндері апта соңына дейін 16 вагон келеді деп күтілуде.

Қабылданған шараларға сәйкес, 23 қазанда жанар-жағармай сатудағы жағдай тұрақталады, бекеттердегі қолданыстағы шектеулер алынып тасталады.

(с) Ұлытау облысы әкімінің баспасөз қызметі
 ____

УВАЖАЕМЫЕ ЖИТЕЛИ ОБЛАСТИ ҰЛЫТАУ
 
В связи с временным образованием дефицита ГСМ на отдельных АЗС региона из-за задержек поставок, сообщаем следующее.

Сегодня ночью ожидается прибытие 2 вагонов с ГСМ, в последующие дни до конца недели - 16 вагонов.

Согласно принятым мерам 23 октября ситуация по продаже ГСМ стабилизируется, будут сняты ограничения, действовавшие на АЗС.

(с) пресс-служба акима области Ұлытау
 

Ұлытау облысының әкімдігі

21 Oct, 16:33


БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ЖАҢА АЛАҢ

Ұлытау облысының орталығындағы «Металлург» стадионының алаңы стандартты талаптарға сәйкес жаңартылып, аяқ доп ойыншыларының игілігіне берілді. Арнайы орын ҚР Футбол федерациясының «АLAN» жобасының арқасында әлемдік стандарттар талаптарына сәйкес келетін деңгейде жөндеуден өтті. Ашылу салтанатына қатысқан Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков федерация президенті Әділет Бәрменқұловқа алғысын жеткізді.

«Бұл алаңның біздің өңіріміз үшін маңызы ерекше. Себебі бұл – 60 жылдық тарихы бар айрықша орын. Біздің мақтанышымыз, «Ulytau» футбол клубының ойыншылары енді FIFA-ның барлық заманауи стандартына сәйкес футбол алаңында матч өткізіп, жаттығу жасайтын болады»,-деді өңір басшысы өз құттықтауында.

Жаңа алаң жоғары деңгейде қалалық, облыстық, республикалық жарыстарды, Премьер-лига ойындарын өткізуге арналған заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Ашылу салтанатына Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов, Ұлытау облысы футбол федерациясының президенті Ғалым Нұржанов, «АLAN» жобасының бренд амбассадоры Самат Смақов, Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Ермұхамед Мәулен, «Ұлытау» ФК-ның президенті Талғат Байсуфинов арнайы қатысты.

Айта кетейік, іс-шараның салтанатты бөлігінен кейін, қонақтардың қатысуымен арнайы рәсім – қақпаға гол салу ұйымдастырылды.

Ұлытау облысының әкімдігі

19 Oct, 11:27


ЖЕЗҚАЗҒАН-ҚЫЗЫЛОРДА ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫ БАҚЫЛАДЫ

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков пен «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев Жезқазған-Қызылорда трассасын жаңғырту үшін басталған дайындықты қадағалады.

Сегіз бөліктің жұмыстарын атқаратын төрт компания өкілдерімен кездесу барысында өңір басшысына аумақта жолды тегістеу, айналма жол салу, карьерлерді орналастыру жүргізіліп жатқаны айтылды.

Қолға алынған дайындықты толық бақылаған облыс әкімі аталған жұмыстарға жергілікті азаматтарды тартуды тапсырды.

«Қазақстан Республикасының заңнамалары қатаң сақталу қажет. Сонымен қатар, жұмыстарды атқаратын компанияның төртеуі де біздің облыста тіркелсін. Себебі салықтың біздің өңірге төленуі маңызды. Осы аталған ұйымдастыру жұмыстарын уақыт созбай, жылдам аяқтаңыздар, реконструкция басталған сәтте еш кедергі болмасын»,-деді облыс әкімі өз сөзінде.

Оған қоса, өңір басшысы Дастан Рыспеков жол бойындағы жұмысшыларды қажетті материалдармен, тамақпен және арнайы киімдермен қамтамасыз ету үшін де ұлытаулық жеткізушілерді жұмылдырудың маңызын жеткізді.

Белгілі болғандай, қазіргі уақытта екі компания Ұлытау облысында тіркеліп үлгерген, қалған екеуі тіркелу сатысында және бас аяғы 1000-ға жуық қызметкермен реконструкция жұмыстары басталады. Келер жылға дейін материалдар дайындалады.

Ұлытау облысының әкімдігі

18 Oct, 13:59


ҰЛЫТАУ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 85 ЖЫЛ

Бүгін Ұлытау ауданының мерейтойы құрметіне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Жиынға Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков арнайы қатысып, қасиетті өңірдің ұлт үшін маңызы айрықша орда екенін атап өтті.

«Ұлытаудың мерейтойы баршамызға ортақ дүбір. Жер көлемі жағынан еліміздегі ең үлкен аудан саналатын Ұлытаудың даму тарихы әлі де тереңдей түседі деген сенім мол. Олай деуге негіз болатыны – өңірдің климаты да, жерінің құнары да туризм, ауылшаруашылығы, агроөнеркәсіп салаларын дамытуға мүмкіндік береді»,-деді өңір басшысы өз құттықтау сөзінде.

Жиын барысында облыс әкімі көпбалалы қос ана Гүлім Нұрахметова мен Ақнұр Сартаеваға ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, «Күміс алқа» медалін табыс етті. Сондай-ақ, Ұлытау облысының қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқан бірқатар азаматқа Ұлытау облысы әкімінің алғысхаттары табыс етілді.

Сонымен қатар, Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Бауыржан Шыңғысов та жиналғандарды құттықтап, аудан әкіміне ҚР Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың және ҚР Сенат депутаты Советбек Медебаев пен Серік Шайдаровтың құттықтау хатын табыс етті. Бұл ретте бірқатар ұлытаулық облыстың Құрмет грамотасымен марапатталды.

Ұлытау ауданының қарыштауы жолында тер төккен тұлғаларға айрықша күнде «Ұлытау ауданының құрметті азаматы» атағы табыс етілді. Қаражігіт Абдрахманов, Камариден Есназаров, Тілеген Рахымбеков, Бейсенбек Әбілдинге лайықты құрметті аудан әкімі Аманжол Мырзабеков пен аудандық мәслихаттың төрағасы Ахат Құрмансейітов табыстады.

Іс-шарада «Ұлытау ауданына 85 жыл» арнайы медалі де лайықты азаматтарға берілді. Жиын концерттік бағдарламамен жалғасын тапты

1,278

subscribers

6,924

photos

449

videos