ТРК Президента

@ptrkkz


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт https://ptrk.kz/
Instagram https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok:https://www.tiktok.com/

ТРК Президента

22 Oct, 14:45


🇰🇿Президент Республика күніне арналған мерекелік концертті тамашалады

▫️ «Астана Опера» театрында өткен салтанатты кеште елімізге танымал мәдениет қайраткерлері мен түрлі шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.

@ptrkkz

ТРК Президента

22 Oct, 05:20


Президент айтпаса, зорлық-зомбылыққа қарсы заң қазірдің өзінде болмайтын еді Мәжіліс депутаты

🈂️Jibek Joly телеарнасындағы «Уәде» бағдарламасының осы аптадағы қонағы – Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Төрағасы Снежанна Имашева. Депутат комитеттің негізгі жұмысы, еліміздегі заң жүйесі туралы сұрақтарға жауап берді.

▶️Толық нұсқасын сілтеме бойынша көріңіз!

#уәде #jibekjoly

ТРК Президента

22 Oct, 04:58


🇰🇿🈂️Республика күні қарсаңында Jibek Joly телеарнасы Instagram желісінде бастаған «Жақсылық жаса» челленджін жалғастырамыз!

Бір-бірімізге қуаныш сыйлап, қамқор болып жүрейік! Баршаңызды осы бастаманы қолдауға шақырамыз!

#Республикакүні #жақсылықжаса

ТРК Президента

21 Oct, 16:21


🈂️🚀«100 SARBAZ» алғашқы әскери-патриоттық реалити жоба Jibek Joly арнасында!

Жуырда!

@ptrkkz

ТРК Президента

19 Oct, 07:08


19 қазан – Құтқарушылар күні

@ptrkkz

ТРК Президента

17 Oct, 17:30


🇰🇿Президент:

«БҰҰ орнын басатын ұйым жоқ»

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Astana Think Tank форумының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінен

@ptrkkz

ТРК Президента

17 Oct, 17:15


🔷Президент:

«Конструктивті келіссөздер арқылы бейбітшілікке ұмтылу – әлсіздіктің белгісі емес, керісінше, стратегиялық парасаттылықтың көрінісі»

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Astana Think Tank форумының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінен

@ptrkkz

ТРК Президента

17 Oct, 17:00


©Президент:

«Мемлекеттерді үлкен немесе шағын деп бөлмей, оларға жаһанды жақсарту үшін өз үлесін қосуға мүмкіндік беру керек»

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Astana Think Tank форумының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінен

@ptrkkz

ТРК Президента

17 Oct, 16:45


💰Президент:

«Қазақстан $400 млрд көлемінде шетелден тікелей инвестиция тартты»

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Astana Think Tank форумының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінен

@ptrkkz

ТРК Президента

17 Oct, 16:30


Президент:

«Ірі державалар бақталастыққа бой алдырып, бір мәмілеге келе алмай жатқан кезде, дау-дамайды реттеуге орта державалар жиі дәнекер болады»

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Astana Think Tank форумының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінен

@ptrkkz

ТРК Президента

17 Oct, 15:30


🇰🇿Глава государства выступил на пленарном заседании Astana Think Tank Forum

@ptrkkz

ТРК Президента

17 Oct, 11:13


🏢Сондай-ақ Президент жаңадан салынған екі қабатты жатақхананы аралап көріп, онда қоныстанған өрт сөндірушілердің отбасыларын құттықтады.

@ptrkkz

ТРК Президента

17 Oct, 11:06


Мемлекет басшысы №23 жаңа өрт сөндіру бөліміне барды

🚒Президентке өрт сөндіру және құтқару операцияларына арналған заманауи жабдықтар көрсетілді. Сонымен қатар биік ғимараттардағы өртті өшіруге пайдаланылатын дрондардың жұмысы таныстырылды.

🔷Қасым-Жомарт Тоқаев өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен сөйлесіп, осындай заманауи модульді өрт сөндіру деполары еліміздің барлық өңіріне қажет екенін және аталған жобаның аясы кеңейтілетінін жеткізді.

@ptrkkz

ТРК Президента

17 Oct, 08:47


Мемлекет басшысы жиында Ресей-Украина арасындағы қақтығысты шешу мәселесі жөнінде де пікір білдірді:

– Канцлер Шольцпен келіссөз барысында айтқанымдай, Ресейдің әскери тұрғыдан жеңілмейтіні анық. Бұл – Ресейдің әскери әлеуеті, Президент Путин жүргізіп отырған саясатты халқының қолдауы және тарихтың өзі дәлелдеп отырған факт. Сондықтан біз қақтығысты бейбіт түрде шешу жолдарын қарастыруды, барлық мемлекеттің, соның ішінде Қытай мен Бразилияның ақылға қонымды жоспарларын қолдаймыз.

@ptrkkz