ProSport KZ🇰🇿

@prosportkaz


🥇 Сіздің күнделікті спорттық мотивацияңыздың қайнары! 🥇

Мұнда сіз соңғы жаңалықтарды, спортшылармен эксклюзивті сұхбаттарды және мотивациялық оқиғаларды таба аласыз 🗞

Біздің қауымдастыққа қосылыңыз! 🏆

ProSport KZ🇰🇿

22 Oct, 16:07


Мұхамед Салах Уэйн Рунидің рекордын бұзуға жақын

🏴 «Ливерпуль» вингері «Челсиге» (2-1) қарсы матчта бір гол мен бір нәтижелі пас авторы атанды.

🔥 Бұл оның гол+пас нәтижелі әрекетімен көзге түскен АПЛ-дегі 34-ші матчы болды.

🏴 Мұндай көрсеткіш бойынша Премьер-лига рекорды Уэйн Руниге (36 матч) тиесілі.

ProSport KZ🇰🇿

22 Oct, 15:07


Роберто Манчини қызметінен кетуге жақын

⚠️ Сауд Арабиясы құрамасының бас бапкері мерзімінен бұрын орнынан босатылмақ. Қазір Сауд Арабиясының футбол федерациясы осы жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр екен.

🇸🇦 Италиялық маман құрама тізгінін өткен жылдың жазында ұстаған еді:

🏟 18 матч
✔️ 7 жеңіс
🤝 5 тең ойын
6 жеңіліс.

💰 «Дала бүркіттері» келісімшартты ерте бұзғаны үшін Манчиниге 25-30млн еуро көлемінде өтемақы төлейді.

ProSport KZ🇰🇿

22 Oct, 14:07


🍒🍒🍒

⭐️ MOSTBET мобильді қосымшасын қазір жүктеп алыңыз және сыйлыққа 100 фриспин алыңыз! ⭐️

140.000 теңгеге дейін және APPKZ промокоды бойынша жаңа пайдаланушылар үшін 250 тегін айналдыру!

📱Қосымшаны дәл қазір жүктеп алыңыз!📱

🏆 MOSTBET кез келген ұтысты төлейді! 🏆

ProSport KZ🇰🇿

22 Oct, 13:07


🔥 Неймар қатарға оралды

🇸🇦 «Әл-Хиләл» шабуылшысы тізе жарақатынан толық айығып, Азия чемпиондар лигасының 3-тур матчына шақырту алды.

🆚 «Көктер» ертең БАӘ-нің «Әл-Әйн» командасымен кездеседі.

ProSport KZ🇰🇿

22 Oct, 11:07


🇸🇦 Кәрім Бензема Саудия чемпионатындағы соңғы алты матчта:

🆚 «Әл-Кадисия» ⚽️
🆚 «Әл-Ахдуд» ⚽️
🆚 «Әл-Халидж» ⚽️⚽️
🆚 «Әл-Хиләл» ⚽️
🆚 «Әл-Вехда» ⚽️⚽️⚽️
🆚 «Әл-Тавун» ⚽️

🔥 Франциялық форвард чемпионат сұрмергендері тізімінде сегіз голмен екінші орында келеді. Біріншіде Александр Митрович (10 гол).

ProSport KZ🇰🇿

22 Oct, 09:07


«Интер Майами» Клубтар арасындағы әлем чемпионатына жолдама алды

🇺🇸 МЛС тұрақты чемпионатында топ жарғандықтан, Месси бастаған жігіттер КӘЧ-2025 бақ сынайтын болды.

🇺🇸 Турнир жаңа форматта 15 маусым - 13 шілде аралығында АҚШ жерінде өтеді.

🏟 Ал турнирдің ашылу матчын Майами қаласындағы «Хард Рок» стадионы қабылдайды.

ProSport KZ🇰🇿

22 Oct, 07:07


Лионель Месси – «Интер Майами» тарихындағы ең үздік сұрмерген

🇺🇸 Флориданың клубы МЛС соңғы турында «Нью-Инглэнд Революшнді» (6-2) талқандап тастады.

🔥 Аргентиналық дүлдүл 58-ші минутта алаңға шығып, хет-трик жасап үлгерді.

🇦🇷 Бұл Мессидің мансабындағы 59-шы хет-тригі болды, одан бөлек «Интер Майами» жейдесінде соққан голдары 33-ке жетіп, клуб тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды:

1️⃣ 🇦🇷 Лионель Месси – 33 гол
2️⃣ 🇪🇨 Леонардо Кампана – 32
3️⃣ 🇦🇷 Гонсало Игуаин – 29.

ProSport KZ🇰🇿

21 Oct, 16:07


Лука Модрич Марселоны артқа тастады

🇭🇷 Жартылай қорғаушы Ла Лиганың 10-турында «Сельтаға» (1-2) қарсы матчты қосалқы құрамнан бастап, 27 минут өнер көрсетті.

🚀 Бұл оның «Реал» жейдесіндегі 547-ші матчы болды.

🔥 Модрич клуб тарихында ең көп матч өткізген шетелдік ойыншылар арасында Марселоны басып озып, екінші орынға жайғасты:

1️⃣ 🇫🇷 Кәрім Бензема – 648
2️⃣ 🇭🇷 Лука Модрич – 547
3️⃣ 🇧🇷 Марсело – 546
4️⃣ 🇧🇷 Роберто Карлос – 527
5️⃣ 🇩🇪 Тони Кроос – 465.

ProSport KZ🇰🇿

21 Oct, 15:07


Александр Павлович бірнеше апта ойнамайды

🇩🇪 Жартылай қорғаушы «Штутгартқа» қарсы матчта жарақат алып қалған еді.

😰 Медициналық тексерістен өтіп, иық сүйегі сынғаны белгілі болды.

\ Жарақатынан толықтай айығуы үшін кемінде алты апта уақыт кетеді екен.

ProSport KZ🇰🇿

21 Oct, 14:07


🔴🔴🔴🔴🔴

🐹Hamster Coin ақыры MOSTBET-те пайда болды🐹

👇Хомякты тап та, Hamster Mania ойынында керемет сыйлықтарды ұтып ал👇

⚔️Өз хомякты күшейтіп, табысқа таласатын шайқастарға қатыс

💸HOTKZ промокодымен керемет пайдаға ие бол
💸Депозитке 140,000 теңгеге дейін бонус + 250 FS

⭐️Тезірек тіркеліп, өз жүлдеңді MOSTBET-тен ал!⭐️

ProSport KZ🇰🇿

21 Oct, 13:07


Карло Анчелотти Ла Лигадағы 200-ші матчын өткізді

🇮🇹 Папа Карлоның мерейтойлы матчы «Сельтаға» (1-2) қарсы өтті.

🇮🇹 Осылайша ол Ла Лигада мұндай межеге жеткен алғашқы италиялық бапкер атанды.

🗓 Ал «Реал» тізгінінде мұндай межені бағындырған екінші маман. Біріншіде Мигел Муньос 424 матч өткізген екен.

ProSport KZ🇰🇿

21 Oct, 11:07


🇩🇪 Омар Мармош «Айнтрахт Ф» сапындағы соңғы сегіз матчта:

🆚 «Байер» ⚽️
🆚 «Бавария» ⚽️⚽️⚽️
🆚 «Бешикташ» ⚽️
🆚 «Хольштайн Киль» ⚽️⚽️⚽️⚽️
🆚 «Виктория П»
🆚 «Боруссия М» ⚽️
🆚 «Вольфсбург» ⚽️⚽️
🆚 «Хоффенхайм» ⚽️⚽️

🔥 Мысырлық футболшы Бундеслиганың қыркүйек айындағы үздігі атанған еді.

ProSport KZ🇰🇿

21 Oct, 09:07


«Шахтер» ҚПЛ-мен қош айтысты

📉 «Жеңіс» бүгін «Жетісуді» (1-0) жеңіп, Қарағандылық клубтың үмітін үзді.

Қазіргі уақытта «Шахтердің» еншісінде 9 ұпай бар, қалған үш турда жеңіске жеткенімен «Тұран» (19 ұпай) мен «Қызылжарды» (19 ұпай) қуып жете алмайды.

ProSport KZ🇰🇿

21 Oct, 07:07


Луис Суарес «Интер Майамиде» қалады

🇺🇸 Бүгін қос тарап келісімшартты ұзарту бойынша келіссөз жүргізіп жатқандығы белгілі болды. Қазіргісі желтоқсан айының соңына дейін жарамды еді.

🆕 Уругвайлық форвард Флориданың клубына қаңтар айында ауысып келген болатын.

📊 Осы уақытқа дейін 29 матч өткізіп, 20 гол мен 8 нәтижелі пастың авторы атанып үлгерді.

ProSport KZ🇰🇿

20 Oct, 16:07


ҚФФ Рикардо Какамен келісімшарт мерзімін ұзартты

✍️Жаңа келісімшарт 2026 жылдың соңына дейін жарамды.

🇰🇿 Еске салсақ Кака футзалдан Қазақстан құрамасының тізгінін 2018 жылы ұстаған болатын.

🔥 Ұлттық құрама оның жетекшілігімен 2021ж ӘЧ-де төртінші орын иеленді. Сондай-ақ тарихымызда алғаш рет УЕФА рейтингінде екінші, ФИФА рейтингінде бесінші орынға көтерілді.

ProSport KZ🇰🇿

20 Oct, 15:07


Трент «Реалға» қаңтар айында ауысуы мүмкін

«Ливерпуль» қорғаушының келісімшарт мерзімін ұзартпайтынына көндікті. Бұдан «Реалда» хабардар.

💬 Көп ұзамай қос тарап трансфер жайын талқылауы мүмкін.

👀 «Реал» команданың алдағы ойындарда қалай өнер көрсететініне және Карло Анчелоттидің қандай нұсқаны құп көретіндігіне қарап әрекет етпек.

ProSport KZ🇰🇿

20 Oct, 14:07


✈️✈️✈️✈️✈️
Тіркеліңіз және Aviator ойынында 5 тегін ставка алыңыз

MOSTBET тіркелу бонустарын береді:
✈️ Aviator ойынындағы 5 тегін ставка
🌞 Sun of Egypt 2 ойынында 30 тегін айналым

Ал бірінші депозитке 140.000 теңгеге дейін береміз

🏆 MOSTBET арқылы ұту мүмкіндігін жіберіп алмаңыз🏆

🏆 Mostbet Қазақстан арнасында ваучерлер, бонустар және фриспиндер таратылуда. Жазылыңыз!🏆

ProSport KZ🇰🇿

20 Oct, 13:07


«Интер Майами» КӘЧ-2025 қатысады

🇺🇸 Флориданың клубы жақында МЛС тұрақты чемпионатында мезгілінен бұрын чемпион атанып, Supporters Shield кубогын иеленген еді.

🏆 Осы чемпиондығының арқасында Клубтар арасындағы әлем чемпионатына жолдама алды. Бұл жайында бүгін ресми хабарланады деп күтілуде.

🇺🇸 Еске салсақ КӘЧ-2025 жаңа форматта АҚШ жерінде өтеді. Турнирде 32 команда бақ сынайды.

ProSport KZ🇰🇿

20 Oct, 11:07


«Севилья» шығыннан көз ашпай келеді

❗️ Андалусиялық клубтың өткен маусымдағы шығыны 81.7млн еуроны құрады.

📉 Осылайша төртінші жыл қатарынан қаржылық қиындықтарға тап болып, (167.2млн еуро) қарызға белшесінен батқан.

💰 Клуб басшылығы осыдан бір жыл бұрын 108млн еуро несие алатынын мәлімдеген еді, бірақ мұнымен тек операциялық шығындар (OPEX) өтелген екен.

ProSport KZ🇰🇿

20 Oct, 09:07


Флориан Вирц – «Баварияның» басты мақсаты

🇩🇪 Мюнхеннің клубы алдағы жазда Вирцтің трансферіне қомақты қаражат жұмсауға дайын. Ал клубтың спорт директоры Макс Эберль футболшының өкілдерімен алдын-ала келіссөз жүргізіп үлгерді.

👀 Бірақ ең алдымен «Байердің» келісімі қажет. Себебі Леверкузендік ұжым үздік ойыншысын басты бәсекелесіне сатқысы келмейді екен.

🔥 Вирцке қызығушылық білдіріп отырғандар қатарында «Ман Сити», «Реал», «Арсенал», «МЮ» және «Ливерпуль» бар.