Футбол – бұл өмір!

@futbigkz


Жарнама: @futbigarna

Футбол – бұл өмір!

22 Oct, 18:14


«Ливерпуль» Адидаспен демеушілік келісімге келді

✔️ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Неміс компаниясы 2025/26ж маусымнан бастап мерсисайдтық клубтың техникалық демеушісі атанады. «Қызылдар» бұдан жылына 60млн фунт пайда табады.

⚡️ Ал қазіргі демеуші Nike компаниясымен келісімшарт маусым соңында аяқталады, америкалық компания «Ливерпульге» жылына 30млн фунт төлеп келген болатын.

Футбол – бұл өмір!

22 Oct, 17:00


Өткен маусым финалистерінің жолы қайта түйісті

⚽️ Чемпиондар лигасының 3-туры аясында «Реал» өз алаңында «Боруссияны» қабылдайды.

🇪🇸🇩🇪 Осыған дейін қос клуб 15 рет кездескен. Жеті ойында мадридтіктер жеңіске жетсе, үш матч «аралардың» пайдасына шешіліпті.

🔥 Соңғы рет өткен маусымның финалында күш сынасып, «Реал» басым түскен (2:0) еді.

🤔 Бүгін қай клуб жеңіске жетеді деп ойлайсыз?

❤️ Ал FONBET-тегі достарымыз SOQQY промокоды арқылы тіркелгендерге тамаша сыйлық дайындап қойыпты: http://www.fonbet.kz/s/DBNYy9 ⬅️

Футбол – бұл өмір!

22 Oct, 16:10


Кевин Де Брюйне топтық жаттығуға оралды

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Жартылай қорғаушы «Интерге» (0-0) қарсы матчта жарақат алып, бір айға жуық ойнамаған еді.

⚠️ Кеше командамен бірге алғашқы жаттығуын өткізді. Бірақ бұған қарамастан алдағы бірнеше матчта ойын уақытын алмауы мүмкін.

🇪🇸 Пеп Гвардиола асығыстық танытпайды, Де Брюйненің 100% дайын болғанына көз жеткізгісі келеді.

Футбол – бұл өмір!

22 Oct, 08:33


🏆 Бүгін өтетін матчтар

Кімдер жеңіске жетеді?

Футбол – бұл өмір!

22 Oct, 07:35


Браим Диас жалпы топпен жаттығу өткізді

🚀 Жартылай қорғаушы өткен айда бұлшық етін жарақаттап алған еді. Қатарға желтоқсан айында оралады деп күтілген.

🔥 Марокколық футболшы болжанған мерзімнен бұрын оралуға жақын.

Футбол – бұл өмір!

22 Oct, 07:00


Жасурбек Яхшибоев бірнеше матчқа шеттетілуі мүмкін

💙 «Ордабасының» үздік сұрмергені «Тобылға» (1-0) қарсы матчтың екінші таймында бас төреші Георгий Чеховскийді итеріп жіберген еді.

🟥 Төреші футболшының бұл әрекетіне ойланбастан қызыл қағаз көрсетіп, алаңнан қуған болатын.

🇰🇿 ҚФФ тәртіптік-бақылау комитеті алдағы отырыста осы жағдайды талқылайды.

😳 Өзбекстандық футболшы үш матчтан бес матчқа дейін шеттетілуі мүмкін.

Футбол – бұл өмір!

22 Oct, 05:10


«Ювентус» Франсишку Консейсауды толыққанды түрде қатарына қосады

🇮🇹 Қазіргі уақытта португалиялық вингер Туриннің клубында жалда ойнап жүр. Ағымдағы маусымда бес матчқа қатысып, екі гол соғып үлгерді.

⭐️ Джанлука Ди Марцио мәліметінше «Ювентус» басшылығы Консейсаудың талантына тәнті болған. Жалға алу мерзімі аяқталғасын, футболшыны толыққанды түрде сатып алуды жоспарлап отыр екен.

💰 Трансфер құны шамамен 33-34млн еуроны құрайды деп күтілуде.

Футбол – бұл өмір!

22 Oct, 04:09


«Эль-класикода» кім төрелік ететіні белгілі болды

🚩 El Chiringuito ақпараты бойынша 26 қазан күні «Реал» - «Барселона» текетіресінде Хосе Мария Санчес Мартинес бас төреші қызметін атқарады.

👀 Ол бұған дейін сәуір айындағы «Эль-класикода» қызмет еткен еді, бірақ ВАР-ға жауапты төреші болған.

🚩 Сол матчта Ламин Ямалдың голы есепке алынбай, даулы шешім қабылданған болатын.

Футбол – бұл өмір!

21 Oct, 18:20


Неймар жасыл алаңға оралды

🇸🇦 «Әл-Хиләл» шабуылшысы Азия чемпиондар лигасының 3-турында «Әл-Әйнге» (4-5) қарсы матчтың 77-ші минутында алаңға шықты.

Ол өткен жылы ауыр тізе жарақатын алып, бір жылдан аса ойнамаған еді.

Футбол – бұл өмір!

21 Oct, 15:56


Экс-төрешінің құсы «Реал» ұранын шырқады

🇪🇸El Chiringuito бағдарламасының тікелей эфирінде қызық жәйт орын алды.

🐦 Эфир барысында испаниялық экс-төреші Хосе Лиус Пахарестің тоты құсы «Реалдың» ұранын шырқай бастаған, Пахарес мұны тоқтатуға тырысып бақты.

Футбол – бұл өмір!

21 Oct, 13:07


😱 Хакерлер «Ювентустің» ағылшын тілінде ақпарат тарататын твиттер парақшасын бұзды

🇮🇹Парақшада "Арда Гүлер «Ювентуске» қош келдің!",- деген жазба пайда болды.

Футбол – бұл өмір!

21 Oct, 12:39


«Ливерпуль» Вирджил Ван Дейкпен келісімшарт мерзімін ұзарту бойынша келіссөз жүргізуде

💬 Қос тарап әзірге толық келісімге келмеген, жаңа келісімшарт тараулары талқыланып жатыр. Қазіргі келісімшарт маусым соңына дейін жарамды еді.

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Ван Дейк мерсисайдтық клубта 2018 жылдан бері тер төгіп келеді. Осы уақытқа дейін 280 матч өткізіп үлгерді (24 гол, 12 пас).

Футбол – бұл өмір!

21 Oct, 11:37


⚽️ Goal порталы XXI ғасырдағы ПСЖ-ның үздіктерін анықтады

1️⃣ 🇫🇷 Килиан Мбаппе
2️⃣ 🇸🇪 Златан Ибрагимович
3️⃣ 🇧🇷 Неймар
4️⃣ 🇺🇾 Эдинсон Кавани
5️⃣ 🇧🇷 Тиаго Силва
6️⃣ 🇧🇷 Маркиньос
7️⃣ 🇵🇹 Педру Паулета
8️⃣ 🇮🇹 Марко Верратти
9️⃣ 🇦🇷 Анхель Ди Мария
🔟 🇫🇷 Блез Матюиди

📊 Роналдиньо 19-шы, ал Лионель Месси 23-ші орынға жайғасты.

Кімдердің орнын өзгертер едіңіз?

Футбол – бұл өмір!

21 Oct, 10:24


🏆 «Астана» 10 матч қатарынан жеңілмей келеді:

«Бранн» (3-0)
«Қайрат» (0-1)
«Қызылжар» (2-1)
«Қайсар» (0-1)
«Ордабасы» (2-4)
«Елімай» (0-1. Пен)
🤝 «Жеңіс» (1-1)
«Бачка Топола» (1-0)
«Шахтер» (3-0)
«Елімай» (0-3)

📊 Григорий Бабаян шәкірттері кеше ҚПЛ 23-турында «Елімайды» (0-3) жеңіп, турнирлік кестеде 37 ұпаймен үшінші орынға жайғасты. Біріншіде «Ордабасы» (39 ұпай), екіншіде «Қайрат» (38 ұпай) келе жатыр.

Чемпион атана ма?

Футбол – бұл өмір!

21 Oct, 09:04


Соққы және гол! #213

Ливерпуль чемпион бола ма? / Қазіргі Барселона Әлемдегі ең мықты команда ма? 👇

https://youtu.be/6vnFuvR_dZo

Футбол – бұл өмір!

21 Oct, 06:11


🇪🇸 Ламин Ямалдың Ла Лигадағы көрсеткіші:

📆 2023/24ж маусым:

🏟 37 матч
  5 гол
🅰️  5 гол пасы

📆 2024/25ж маусым:

🏟 10 матч
  4 гол
🅰️  6 гол пасы.

Футбол – бұл өмір!

21 Oct, 05:10


Хави Катар құрамасын тізгіндеуі мүмкін

🇶🇦 Катар футбол қауымдастығы испаниялық маманды бас бапкер етіп тағайындағысы келеді екен.

💼 Қазір құраманы Тинтин Маркес тізгіндеп жүр. Катар оның жетекшілігімен 15 матч өткізіп, 11-де жеңіске жетті (2 жеңіліс). Одан бөлек Азия кубогының иегері атанған еді.

📉 Бірақ ӘЧ-2026 шешуші іріктеу кезеңі аясындағы нәтижелерден кейін КФА-ның Маркеске деген сенімі азайған көрінеді.

Футбол – бұл өмір!

21 Oct, 04:09


«Ман Ситидің» жеңіліссіз сериясы жалғасуда

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Қалалықтар кеше «Вулверхэмптоннан» (1-2) басым түсіп, АПЛ-дегі жеңіліссіз сериясын 31 матчқа ұзартты.

🔥 Осылайша 2018 жылы тіркелген (30 матч) клубтық рекордты жаңартып үлгерді.

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Премьер-лига тарихындағы ең ұзақ жеңіліссіз сериялар:

1️⃣ «Арсенал» (2004ж) – 49 матч
2️⃣ «Ливерпуль» (2020ж) – 44 матч
3️⃣ «Челси» (2005ж) – 40 матч
4️⃣ «Ман Сити» (2024ж) – 31 матч
5️⃣ «Ман Сити» (2018ж) – 30 матч
5️⃣ «Арсенал» (2002ж) – 30 матч.

Футбол – бұл өмір!

20 Oct, 20:58


⚡️ «Барса» талқандап тастады

🏆 Ла Лига. 10-тур:

🇪🇸 «Барселона» 5-1 «Севилья» 🇪🇸

⚽️ Голдар: 24', 39' Левандовски (дубль), 28' Педри, 82', 88' Торре (дубль), 87' Идумбо.

🔥 Флик шәкірттері келесі матчын ЧЛ аясында «Баварияға» қарсы өткізеді.