ЗІКІР,САЛАУАТ👤🤎

@mzakmms


ЗІКІР,САЛАУАТ👤🤎

21 Mar, 23:42


•Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы Аллаға тән.

Уа, Раббымыз! Сені пәктеп, Саған ғана құлшылық етеміз. Біздің күнәларымызды кешіріп, мейіріміңе бөле. Әлбетте, Сен біз білмейтін нәрселерді білесің.

Алла барлық алғысқа лайық
ол жақсылыққа қарымта қайтарушы (Әш-Шәкур),ол аса жоғары әрі асқақ(Әл-‘Алий),аса үлкен,аса зор (Әл-Кабир),Алла қорғаушы әрі сақтаушы,бақылаушы (Әл-Хафиз),ол қорек беруші,қолдаушы (Әл-Муқит) аттарының иесі аса мейірімді,аса жомарт Алладан ғана жәрдем сұраймыз,Аллаға ғана зәруміз!

“Уа, жақсылықтарын есепсіз берген Раббымыз! Өзіңнің жанындағы ұқсасы болмаған сұлулықтармен бейнемді көркейт! Әрбір пайдасыз нәрсені менен алыстат! Әрбір бос, жанға жайсыздық беретін ойларға санамды жабық ет”. (Зуннун-и Мысри)

Алла иманға келген,тура жолды таңдаған әрбір құлына кешірімді! Алладан хайырлысын сұраңыз,Алла бәріе білуші!

Оразаңыз қабыл болсын!

ЗІКІР,САЛАУАТ👤🤎

19 Mar, 12:13


Мен бәрін Аллаға тапсырдым!🔋


Сіз өміріңізді кімге сеніп тапсыра аласыз? Кім сізді жақсы дәрежеге жеткізе алады? Ойландыңыз ба?

Себебі біз кейде өзімізге-өзіміз сенбей жатамыз… Аллаға тән билік пен құзырды өзіміздің жауапкершілігімізге алып,
мен мынаны дұрыс істемедім,осыны дұрыс жасамасам өмірім күл-талқан болады,ары қарай ешнарсе шықпайды деп бәрін алдын ала шешіп тастаймыз. Бірақ расында сіз өзге түгілі өзіңізге сенбейсіз! Менің өмірімді біреу келіп жақсартса екен деген жеңіл ой бойымызды билеп алған. Ол өтірік емес!
Бірақ осындай ойлар адамды шаршатып,қажытары анық. Сол себепті өзіңізге бір сәт болсын мақтау айтыңыз,себебі сіз талпынып жатырсыз. Кейін бәрін баппен ойланыңыз,жүрегіңізде қалай тыныштық орнағанын бірден сезесіз. Себебі сіз бәрін Аллаға тапсырдыңыз…

Алла бәрін көруші,білуші,естуші!
Алла құлының қай кезде қиындыққа түскенін,қай кезде ауыр сезіммен арпалысып жатқанын білуші.

Біреу келіп көңіліңізге кірбің түсірсе,өшпес дақ қалдырса,сізге қиянат жасаса бәрін сол сәтте ұмытып,Аллаға тапсырыңыз! Алла бәріне әділ әрі бейбітшілік орнатушы! Сіздің жүрек біреудің мұңымен ешқашан кірленбесін! Сізде біреудің жүрегін кірлетуден сақтаныңыз!

ЗІКІР,САЛАУАТ👤🤎

19 Mar, 07:20


Дәуіт Пайғамбардың Алладан түскен мұғжизасы

•Қасиетті Құранда аты 16рет кездесетін Пайғамбарымыз Дәуіт Пайғамбар,Алла оған ерекше қасиетті дарытқан ол темірді илей алатын күшке ие болған.
Мұсадан кейін Пайғамбарсыз қалған қауым үлкен бір ауыр кезеңге тап болады. Сол сәттерде Исраил қауымынан шыққан Дәуіт деген батыр болады,ол жастайынан Жалутпен жекпе-жекке шығады,соңында жеңіске жетеді. Көптеген жекпе-жектер мен соғыстарда жеңіске жетеді. Оны барлығы Патша тағына лайықты санайды,кейін ол Талут дүниеден өткен соң Патша тағына отырады.
40жасын толғанда Пайғамбарлық қонады. Ол өз қауымына Таураттың тағылымын бұлжытпай жасауға үгіттеп,орындатады.

Оған сый ретінде Алла самауи (көктен түскен) төрт кітаптың бірі Забурды түсірді. Забур-Аллаһның бірлігін, ұлылығын дәріптейтін, өлең үйқасты мадақ (қасида) кітабы.
Дәуіт Пайғамбарымыз туралы көптеген деректер кездесе бермейді бірақ соның бірі де бірегейі Дәуіт Пайғамбарымыздың күшінің бәрі шашында болған дес еді оны көре алмаған достары бірде шашын алып тастайды,бірақ Дәуіт Пайғамбарымыз Алланың әміріне бас игендіктен сабырлық танытады.

Алланың әмірінен артық әмір жоқ!
Адалы мен арамын ажыратып қойған Алла сізге ненің хайырлы ненің хайырсыз екенін де көрсетіп қойған! Сол үшін Алламен байланысты үзбеңіз!

ЗІКІР,САЛАУАТ👤🤎

18 Mar, 23:45


Әлемдердің Раббысы,барлық жаратылыстың әміршісі,барлық жаратылыстардан пәк Алланың атымен бастаймын!
Барлық мақтау-мадақтар Аллаға ғана тән! Алла (Әл-Хабир) құлдарының барлық ісін білуші,барлығынан хабардар,Алла өзіне иман келтірген құлдарына кешірімді(Әл-Халим),Алла бәрінен де Ұлық,Ардақты (Әл-’Азым),Алла бәрінен кешірімді(Әл-Ғафур) Алла барлық мақтауларға лайық! Алланың құлдарына деген мейірімі шексіз,Алла күнәхар құлдарына да кешірімді,Алла тура жолға салушы,Алла ең Рақымды,ең Жомарт. Аят

“Уа, Раббымыз! Бізге Өзіңді шынайы тануды әрі шынайы құлшылық жасауымызды һәм бізге Өзіңе жақындататын істерді нәсіп қыла гөр. Біздерге таудай тәуекел, дұрыс ой-пікір, дүниеде, ақиретте де есен-саулық және ізгіліктер бере гөр”. (Әбу Мухаммед Рази)

Аллаға шынайы иман етіп,құлшылық ету ташуалықтың жоғарғы дәрежесі. Аллаға және Пайғамьарымызға(оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтуды ұмытпайық!

Оразамызды қабыл етсін!🤲🏻

ЗІКІР,САЛАУАТ👤🤎

18 Mar, 12:24


•Жүрегім тыныштық тапты…

Тыныштық деген не?

Осы күнге дейін тыныштықтың тәтті дәмін сезіне алдыңыз ба? Әлде тыныштықты тек үйде жалғыз қалып,сағаттың сықырын ғана есту деп жүрсіз бе? Тыныштықтың жүректе орнауы туралы көп ақпаратты естіген боларсыз…

Әр адам тыныштықты әрқалай түсінері анық,біреуі демалуын,біреуі анасымен өткен сәтін,біреуі жақынымен өткен сәтін,не болмаса қарапайым кино қарауын тыныштық деп таныйтын дейтіндерді де кездестіреміз. Бірақ ол бір сәттік жүрек тыныштығы. Себебі,сол бір сәтте ғана жүрек жылу сезінеді.Ал жүрек әрқашан жылуға мұқтаж…

Ең алдымен жүрек Алланы еске алумен тынышталады. Жүрегіңді бір үзік қаннан ұйытып жасаған жаратушы Алланы ғана еске алумен мына бір жұдырықтай жүрек тыныштанады.

Қаншама адамның жүрегі өлі,өзі тірі жүр.
Ойлаңызшы,Аллаға иман келтірмей тыныштықты байлықпен,не болмаса ойын-сауықпен салыстыратындар бар. Мейлі,бірақ дүниелік тыныштықтың уақытша екенін түсінбейтіні қынжылтады.

Жүректің алапат сезімдерге бөленіп,кейде қуанышта жарылардай болып дүрсіл қағуы,кейде тіпті қайғыда,қасіретті сыздап ауыруы,сағынышта сарсаң болуы,тіпті кейде дым сезбестей тасқа айналуы әрбірімізде болатын құбылыс.

Алла бізге сондай бір ерекшелік берген,біз сезінеміз,біз жүрегімізбен жылаймыз,қуанамыз. Бірақ осыны сезіндіріп қойған Алланы жүректен шығарып тастаймыз. Алласы бар жүрек,әрқашанда тірі болады,әлемдегі барлық сезімдерге ашық болады. Сол үшін де,Алланы еске алып,иман келтірсек жүрегіміз жібіп,тыныштық табары анық! Жүректер Алланың құзырында…

Жүрегіңіз тыныш болсын,жақсы жан!🤍

ЗІКІР,САЛАУАТ👤🤎

18 Mar, 07:20


Нұх пайғамбардың Алладан түскен мұғжизасы🤍


Дінімізде айтылатын пайғамбарлардың ішінде мұғжизасы бәрімізге таныс аса құрметке ие Нұх пайғамбарымыздың оқиғасымен таныс боларсыздар. Бүгін пайғамбарымыздың мұғжизасы туралы жазатын боламын.

•1000жылдам астам уақыт өмір сүрген,өмір сүрген жылдарының ішінде 950жылын уағыз айтуға,иман жолында,адамдарды тура жолға шақыруға арнады.

Алла жер бетіне Адам атадан кейін 10ғасыр өткен соң Нұх пайғамбарды жіберді,себебі ол кезеңдерде адамдар Адам атадан келе жатқан дінді ұстанбай,Алланың әміріне бас имей,пұттарға табына бастаған болатын,сол адасқан құлдарын тура жолға шақыру мақсатында Нұх пайғамбарды жібереді,тура жолға шақырып,Алланың Хақ жолына түсуге қанша шақырып,үгіттесе де адасушылардың саны артып көбі пұттарға табынып,Алланың Хақ екеніне сенбейді,сол сәтте Нұх пайғамбар Алладан көмек сұрайды сонда Алла Нұх пайғамбарға кеме жасауын талап етеді,Нұх пайғамбар Алланың әміріне бағынып,кеме жасауға кіріседі,кеме жасау үшін ағаштардан ең алып кемені құрай бастайды,тіпті ағаштар таусылғанда ағаш егіп,оның өскенін күтіп одан тақтай жасап кеме құрылысына жұмсайды. Осының бәріне куә болып жүрген пұттарға табынушы қауым Нұхты келеке етеді,жақын маңда ешқандай теңіз жоқ,су жоқ бұл кемені не қылмақшысың деп оны есінен алжасқан деп есептейді. Бірақ пайғамбарымыз бұл мазаққа барынша сабыр етеді,Алла әмірімен кемені жасап,Алла бұйрығын орындайды.

Кейін кеме дайын болған соң Алла Нұх пайғамбарға өзіне ергендер мен жақындарын және дүниедегі тіршілік иелерінен бір-бір жұптан кемеге мінгізіп алуға бұйрық береді, Нұх пайғамбар кеме есігін ашқанда Алланың бұйрығымен барлық аң-құс жұп-жұптап кемеге кіреді,Алланың Хақ екеніне сенген санаулы қауымда кемеге кіреді,бірақ Нұх пайғамбардың әйелі мен баласы кірмей қояды,Нұх пайғамбар отбасы үшін оларды көндіруге тырысады,баласы әкесінің сөзіне сенбей,топан су болғанның өзінде мен тау төбесіне шыға саламын дейді.

Сонда Нұх пайғамбар:”Бүгін Алланың әмірінен,Алланың топан суынан ешкім құтыла алмайды”-,деп жауап береді. Кеме есігі жабылған сәтте,аспаннан су ағылды,жерден су атқылады,жерді бұрын соңды болмаған топан су басады. Бұл мұғжизадан түйеріміз не? Алланың Хақ жолына келмейтін,Пайғамбардың айтқанына сенбейбін қауымдардан Алла жер бетін тазартты.

Алланың қахарына түспеу үшін,Алланың тура жолында жүріп,кешірім тілеп,иман келтіруіміз керек!

ЗІКІР,САЛАУАТ👤🤎

17 Mar, 23:48


•Таңымызды аттырған Аса мейірімді,Аса қамқор,барлық жаратылыстан пәк Алланың атымен бастаймын! Әрбір жұтым ауа мен ішерге асымызды,ризық несібемізді беруші,ризықтандырушы Алланың пендесіне кешірімді әрі рақымды екеніне күмәніміз жоқ!

•"Алла мұңсыз,ол тумады да,туылмады да.Әрі оған ешкім тең емес." (Ықылас сүресі,1,4-аяттар)

•Алланың тура жолды ұстанған құлы болғанымыз үшін тәубе! Тақуалық дәрежемізді көтеруші Алла,Аллаға шүкірімізді арттырар болсақ,Алланың сүйіктісіне айналарымыз хақ!

Алла құлының әрбір сөзін естуші (Әс-Сәми),бәрін көруші (Әл-Бәсыр),бәріне жоғары төрелік етуші (Әл-Хакәм),Алла құлдарына ең адал (Әл-‘Адл),Алла өзіне иман келтірген құлдарына мейірімді (Әл-Ләтыф). Осындай есімдерге лайық әлемдердің Раббысы үшін жүрегіңізді Исламға арнаңыз,Раббыңызды таныңыз,Пайғамбарлардың өміріне үңіліңіз!

•Алла ұстаған оразаңыздың қабыл етсін!🤲🏻🤍

ЗІКІР,САЛАУАТ👤🤎

16 Mar, 12:28


Шынайы сүю үшін не керек?

•••Шынайы сүю деген не?
Сіз ол адамды оның бар байлығы үшін не болмаса керемет киімі үшін емес,тек ол адамның бар болғаны үшін,жай ғана жаныңызда жүргені үшін жақсы көру,барда да,жоқта да жанынан табылу,дүниелік емес ақыреттік сауапты бірге жинау,міне нағыз шынай сүю…


Алласын таныған,Алланы сүйген,иманды болған адамды сүймеу,кешірмеу,құрметтемеу екінші бір иманды адамға мүмкін емес! Қас дұшпаның,саған жамандық ойлайтын жандармен және өзің жақсы көретін
жан,сен үшін аяулы жандарға жасайтын дұғаң бірдей болуы керек…Алладан оларға тек жақсылық тіле,ең алдымен олардың Алласын тануын,Алла жолында азық жинауын тіле!
Солай ортаң үшін сүйген не сені дұшпан санағанжандар үшін жасаған дұғаңның әсері болып,олардың жақсы жаққа өзгергенін,олар Алласын танып бастағанда сенің оларға деген шынайы махаббатың сол кезде жаңадан ашылады.

•“Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті.”-,деп Абай атамыз айтып кеткендей,осылай жанымдағы дұшпан санаған адамдар үшін шынайы дұға жасап,қаншалықты жақын болғанын аңғарсақ,олар үшін шынайы қуансақ,міне біз нағыз сүйікті құлдарданбыз…

Алла ең алдымен өзімізді сосын ортамызды түзейді,сол үшін ең алдымен өзіңіздің ортаңызбен араласатын адамдарыңыз үшін шынайы дұға етіңіз,оларға Алланы сүйген жүрегіңізбен жылулық көрсетіңіз!

Бауырмалдық пен қамқорлықты көрсетіп,харамнан сақтаңыз,сонда сіз оған шынайы сүюді үйретеріңіз
хақ!

ЗІКІР,САЛАУАТ👤🤎

16 Mar, 06:39


Хазіреті Әйюб пайғамбарымыздың Алладан түскен мұғжизасы

Хазіреті Әйюб (а.с.): Хазіреті Әйюб пайғамбар Шам маңында өмір сүрген адамдарға елші болған. Аллаһ Хазіреті Әйюбтың әуелі мал-мүлкін, сосын бала-шағасын алып, сынақтан өткізеді. Ол осыншалықты қиыншылыққа сабыр етіп, бір Аллаһқа ғана сиынып өткендіктен, дініміз- де асқан сабырлылығымен танымал болған пайғамбар. Аллаһ Тағала сүйікті құлы Әйюбтің денесін құрттатып дертке ұшыратады. Мұндай жағдайда да ол сабырлықтың шыңын бағындыру арқылы дертінен айығады.

Әбу Әйюб Ансари (Алла оған разы болсын) екі кісіге жетерлік тамақ дайындап, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бен Әбу Бәкірді (Алла оған разы болсын) үйіне қонаққа шақырады. Пайғамбарымыз Әбу Айюбқа ансарлардың ұлық сахабаларынан 30-ын шақыр дейді. Осылайша тағы да бірнеше адамды шақырады. Әбу Әйюб (Алла оған разы болсын): «Алла елшісіне дайындаған екі кісілік тамақты 180 кісі жеп тойды. Бұл мұғжизаны көрген мүминдердің иманы одан сайын күшейіп, Алла жолында мал-жанын аямауға серт берді», – деген.

Хазіреті Әйюб пайғамбарымыздың мұғжизасы арқылы ең алдымен Аллаға деген сенімділікті арттыруды және жоқшылықта шүкір етіп,баршылықта қолда барды аямауды өзімізге насихат ретінде алсақ болады! Алланың сүйіктісі,тікелей мұғжизасын түсіріп пайғамбар атанған Әйюб (Ғ.С.) те Раббына: “Маған бір бәле келді. Сен мәрхамет етушілердің абзалысың” деп, жалбарынды. Бұл арқылы ол Алладан түскен Пайғамбарлықпен қоса,иманы мен сабырлығының арқасында тура жолға түскісі келген адамдар үшін елші болған.
—Құраннан суре-21,аят-83.

ЗІКІР,САЛАУАТ👤🤎

15 Mar, 23:55


Аса мейірімді Алланың атымен бастаймын!


Әл-Хафит(Төмендетуші),Ар-Рафи(Жоғарылатушы),Әл-Му’изз(Күшейтуші),Әл—Музилл(Әлсіретуші,күш алушы)аттарына лайық Алладан жүрегіме иман,мінезіме көркемдік сұраймын,ақыретімде жемісін беретін сауапты істерді жасауды бұйырсын,жүрегіміздегі жылылықтан айырырмауды сұраймын!

Уа, Алла Тағалам, осы таңға Өзің берген нығмет пен есендікте және күнәларым жасырылған күйде жеттім. Олай болса дүниеде һәм ақыретте маған берер нығметіңді арттырған үстіне арттырып, есендік бергейсің әрі күнәларымды жасыра түскейсің!

Уа Раббым,өлім мен қабірді һәм Өзіңнің алдыңда ертең есеп беретінімді біле тұра қалайша қуанамын! Амал дәптерімнің оң жағымнан, не сол жағымнан берілетінінен бейхабармын. Қалайша Өзіңнен дүниелік бір нәрсе сұрай алам?”
(Мухаммед Бакір)

Ақыретімізге сауаптардан жазсын,дүниелік рахатқа беріліп кетуден сақтасын!

ЗІКІР,САЛАУАТ👤🤎

15 Mar, 02:43


МҰСА ПАЙҒАМБАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ МҰҒЖИЗАСЫ


Құран Кәрімде: «Ол таяғым. Оған таянамын. Онымен қойларыма жапырақ қағып беремін әрі онда басқа да істерім бар»,-деді[1]»,-деген аят бар.
Бұл Мұсаның (ғ.с.) Жаратушы Алламен тұңғыш тілдесу кезіндегі сөзі. Анығырақ айтсақ, Мұса (ғ.с.) пайғамбардың қолындағы асатаяғы мұғжиза құралы болар алдын айтылған сөздер. Алла Тағала пайғамбарларды мұғжизамен қолдап-қуаттап отырған.


Мұса (ғ.с.) пайғамбардың қолындағы асатаяғымен көрсеткен ең үлкен мұғжизасы былай болды. Мұса (ғ.с.) Исраил ұрпағы ішіндегі мұсылмандарын перғауынның патшалығынан алып шықпақшы болады. Исраил – Яқұб пайғамбардың екінші аты. Бұл Мысыр елінде болып жатқан жайт. Перғауынның езгісінде жүрген жұртты ілестіріп теңіз жағасына келеді. Құдай Тағала пайғамбарына асатаяқпен теңізді ұруды әмір етіп уахи жібереді. Асатаяқпен жерді соққан сәтте, теңізден он екі құрғақ жол ашылады. Мұсамен бірге алты жүз мың халық теңіздің арғы жетіне аман-есен өтеді. Ал, бұл перғауынның елдегі мерекемен әуре-сарсаң болып жатқан кезі. Исраил халқының Мысырдан қашып бара жатқанын кеш естіген перғауын өзі бастаған көп әскермен олардың ізіне түседі. Алайда, теңіздің ортасына жеткен сәтте Хақ Тағала құдыретімен ашылған теңіз ішінен жолдар қайта жабылып перғауын әскерімен түгел суға батқан екен.

ЗІКІР,САЛАУАТ👤🤎

15 Mar, 02:37


Аса мейірімді Алланың атымен бастаймын!


Жаратушы(Әл-Халиқ),Жоқтан бар жасаушы(Әл-Бәри),Бейнелеуші,пішін беруші(Әл-Мусаууир) аттарына лайық Аллаға барлық несібем мен ризығым үшін шүкір етемін.

Я, Алла! Сенен мен (осы) дүние және ақыретте жарылқау мен есен-амандықты тілеймін.

Уа, Алла! Сенен мен дінімде, тұрмыс-тіршілігімде, отбасым мен мал-мүлкімде жарылқау мен есен-амандық тілеймін. Уа, Алла! Менің абыройымды өзің бүркеп қойғайсың, мені қорықыныштан аман еткейсің. Уа, Алла! Мені алды-артымнан, оң жақ-сол жағымнан және төбемнен де Өзің сақтағайсың! Сондай-ақ кенеттен қиянатқа ұшырап, өліп кетуден Өз ұлылығыңнан пана сұраймын!