АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

@abuxanifa


Жоба ислам ғылымдарының дамуына өте зор үлес қосқан имам Абу Ханифаның мирасын, яғни сахабалар түсінуіндегі Құран мен Сүннетті насихаттауға арналған

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

22 Oct, 18:04


Имам, хафиз ән-Науауидің "Рияду-с-солихин" еңбегіне шейх Ибн әл-Усайминнің жасаған шархынан намазға арналған таңдаулы тарауларды оқып аудару

Түнгі (тахажжуд) намазының қадір-қасиеті туралы бап

Айша (анамыздың), Ибн Масғудтың және Хузайфаның (Аллаһ оларға разы болсын) Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түнгі намазының бейне-кейіпі туралы хадистерінің түсіндірмесі.

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

19 Oct, 08:50


ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ (ОҒАН АЛЛАҺТЫҢ ИГІЛІГІ МЕН СӘЛЕМІ БОЛСЫН) МЕШІТІНДЕГІ ПАЛЕСТИНА БАУЫРЛАСТЫРЫМЫЗ ҮШІН ДҰҒА.
ДҰҒА ЕТЕЙІК БАУЫРЛАР

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

18 Oct, 12:19


📖🎙🔉 "Имани сүйінішпен жылау"

"Бақыт кілті" топтамасынан

🖌📖🎙 Дайындаған шейх Хайсам Сархан басшылығындағы "Сүннет" колледжі

Оқуға арналған нұсқа

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

14 Oct, 08:19


https://www.youtube.com/shorts/RWR2qPcZUSQ

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

12 Oct, 02:14


🎙📖🔈 АЛЛАҺТЫҢ ҚҰЛДАРЫНДАҒЫ ҚАҚЫСЫ:

📚ОН СЕГІЗІНШІ ТАРАУ:📚

Аллаһ Тағаланың:

إِنَّكَ لا تَهْدِي مَنْ أَحْبَبْتَ وَلَكِنَّ اللَّهَ يَهْدِي مَنْ يَشَاءُ وَهُوَ أَعْلَمُ بِالْمُهْتَدِينَ (٥٦)

«Расында, жақсы көргеніңді тура жолға сала алмайсың. Бірақ Аллаһ кімді қаласа, соны тура жолға салады. Сондай-ақ Ол тура жолмен жүрушілерді жақсы біледі», - деген сөздері туралы («әл-Қасас» сүресі, 56-аят).

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

09 Oct, 04:25


📖🎙🔈 Бадр әл-Утайбидің (Аллаһ оны есендікте сақтасын)
"Мұсылман әйелдерге тұрмыс құрудан бұрыңғы 20 кеңес" жолдауын аударып оқу

🌿 4-кеңес: Тазалық пен реттілік - сенің мінез-құлқыңның ұлылығының көрсеткіші.

📌 Дайындаған "Абу Ханифа мирасы" сайты редакциясы

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

06 Oct, 17:54


📖🎙🔈 Шейх Абдуррахман әс-Сиғдидің "Бақытты өмір сүрудің пайдалы құралдары" жолдауын оқу

11) Қиялға келетін қорқынышты елестерге әрі жалған жорамал қауіп-қатерлерге берілмеңіз: Бұндай үрейлі елестер мен өтірік қауіптер уайым-қайғы мен аурулардың себебі болып табылады.

12) Жүректің Аллаһқа тәуелді болуы және Оған тәуекел етуі: Кім Аллаһ Тағалаға тәуекел етсе, Аллаһ Тағала оған жеткілікті болады.

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

04 Oct, 11:20


Имам, хафиз ән-Науауидің "Рияду-с-солихин" еңбегіне шейх Ибн әл-Усайминнің жасаған шархынан отбасылық қарым-қатынас тақырыбына арналған  таңдаулы тарауларды оқып аудару

Әйелдермен жақсы қарым-қатынас жасау туралы бап

Осы бапта келтірілген Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):
"Сендердің әлдебіреуің әйелін құлын сабайтындай сабап, кейін кешке онымен төсектес бола ма?", - деген хадис.

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

30 Sep, 05:22


Имам, хафиз ән-Науауидің "Рияду-с-солихин" еңбегіне шейх Ибн әл-Усайминнің жасаған шархынан намазға арналған таңдаулы тарауларды оқып аудару

Түнгі (тахажжуд) намазының қадір-қасиеті туралы бап

Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): "Түнгі намаз екі, екі ракағат етіп оқылады, ал кім таң кіріп қоюынан қорықса, сол үтірін бір ракағат етіп оқысын", - деген және осыған мағыналас басқа хадистерінің түсіндірмесі.

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

27 Sep, 13:51


"Расында, жұма күні - сендердің ең жақсы күндеріңнен, бұл күні Адам (ата) жаратылды..."

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

25 Sep, 08:45


📖🎙🔉 "Зинақорлық"

"Бақыт кілті" топтамасынан

🖌📖🎙 Дайындаған шейх Хайсам Сархан басшылығындағы "Сүннет" колледжі

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

22 Sep, 08:39


🍃Абу әл-Аббас былай деді: «Аллаһ көпқұдайшылдар үміт ететін барлық нәрсені теріске шығарды. Ол Одан басқа ешкім өздігінше ешбір нәрсеге ие емес екенін және оған иелік жасауда ортақтас та емес екенін хабарлады. Ол сондай-ақ Аллаһта көмекшілер жоқ екенін де хабар етті. Сөйтіп, тек шапағат қана қалады, алайда ол тек Раббы рұқсат еткендерге ғана көмек береді. Бұған байланысты Аллаһ былай деді:
وَلا يَشْفَعُونَ إِلا لِمَنِ ارْتَضَى
«Олар тек Ол разы болғандарға ғана шапағат жасайды» («әл-Әнбия» сүресі, 28-аят).
Қиямет Күні көпқұдайшылдардың тәуекел ететін шапағаты болмайды, өйткені Құран мұны теріске шығарады....
Мұндай шапағат Аллаһтың рұқсатымен жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық еткен адамдарға ғана жасалады, ал Аллаһқа серік қосқандар оны ала алмайды...
Құран құрамында көпқұдайшылықтан әлдебір нәрселер болған шапағатты кері қайтарады... Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ шапағат жалғыз Аллаһқа ықыласты түрде құлшылық еткен бірқұдайшыл адамдарға ғана жасалатынын түсіндіріп берді».

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

22 Sep, 08:38


🎙📖🔈 АЛЛАҺТЫҢ ҚҰЛДАРЫНДАҒЫ ҚАҚЫСЫ:

📚 ОН ЖЕТІНШІ ТАРАУ:

Шапағат туралы

🍃 «Сәба» сүресі, 22-23 аяттар:

قُلِ ادْعُوا الَّذِينَ زَعَمْتُمْ مِنْ دُونِ اللَّهِ لا يَمْلِكُونَ مِثْقَالَ ذَرَّةٍ فِي السَّمَاوَاتِ وَلا فِي الأرْضِ وَمَا لَهُمْ فِيهِمَا مِنْ شِرْكٍ وَمَا لَهُ مِنْهُمْ مِنْ ظَهِيرٍ (٢٢)وَلا تَنْفَعُ الشَّفَاعَةُ عِنْدَهُ إِلا لِمَنْ أَذِنَ لَهُ حَتَّى إِذَا فُزِّعَ عَنْ قُلُوبِهِمْ قَالُوا مَاذَا قَالَ رَبُّكُمْ قَالُوا الْحَقَّ وَهُوَ الْعَلِيُّ الْكَبِيرُ (٢٣)

“(Мухаммад,) оларға: «Көктерде де, жерде де тозаңның салмағындай түкке ие бола алмайтын, екеуіндегі иелікке бір ортақтығы жоқ, сондай-ақ Аллаһқа олардың ешбіреуі көмекші де емес Аллаһтан өзге кұдай санайтындарыңды шақырыңдар», - де. Аллаһтың қасында рұқсат берілген біреуден басқа ешкімнің шапағаты пайда бермейді. Ақыр жүректерінен шошыну кеткен кезде, олар өзара: «Раббыларың не айтты?», - десе: «Хақты айтты. Ол Аллаһ – аса Жоғары, тым Үлкен», - деседі”.

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

15 Sep, 10:01


🌿 Пайғамбарыңа (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көмектес!

📌 Шейх Хайсам Сархан басшылығындағы "Сунна" колледжі

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

13 Sep, 07:09


🎙🔈 Мәуліт және Пайғамбарымызға деген (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шынайы махаббат

Дайындаған "Абу Ханифа мирасы" сайтының редакциясы

Қосымша материалдар:

📌 Шейх Ибн әл-Усайминнің мәуліт туралы сөздері
https://t.me/abuxanifa/2164
📌 Мәуліт туралы викторина
https://t.me/abuxanifa/889
📌 Ханафи мазхабының үлкен имамдары мәулітке тыйым салғандығы туралы
https://t.me/abuxanifa/2163
📌 Біз Құран мен Сүннетті сахабалар түсініп ұстанғандай етіп түсініп ұстанумыз керек
https://t.me/abuxanifa/724
📌 Шейх М. әл-Әлбанидің мәулітті жақтайтын адаммен ғылыми пікірталасы
https://t.me/bilim_baqshasy/556

https://t.me/baqyt_kilti/307

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

11 Sep, 11:48


📖🎙🔈 Бадр әл-Утайбидің (Аллаһ оны есендікте сақтасын)
"Мұсылман әйелдерге тұрмыс құрудан бұрыңғы 20 кеңес" жолдауын аударып оқу

🌿 3-кеңес: Сенің әйелдік нәзіктігің мен жұмсақтығың - сенің ең тиімді қаруыңның бірі.

Әйелдердің күйеулеріне қарым-қатынасы бойынша төрт түрі:

1. Тәкаппар, өзін күйеунен жоғары санайтын әйел;

2. Парықсыз, көрінгеннің сөзіне еретін, жөнсіз қылымсыйтын әйел;

3. Айқайлай беретін, ұрысқақ кемпір;

4. Күеуін құрметтейтін, көргенді, сүйгіш әрі туғыш әйел.

📌 Дайындаған "Абу Ханифа мирасы" сайты редакциясы

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

08 Sep, 05:00


📌 Ілім ізденушіге айтылған маңызды насихат

Үлкен ғұлама шейх Солих әли-Шейх (хафизаһуллаһ) айтты:

لو كل يوم تأخذ تفسير آية واحدة فقط، وحديث وشرحه، ومسألة فقهية واحدة، فقط ثلاث في اليوم
اجتمع عندك في السنة كم؟
تفسير ٣٦٠ آية
وتفسير ٣٦٠ حديث في سنة
و ٣٦٠ مسألة فقهية...
كيف خمس سنين،عشر سنين؟
تُصبِح طالب علم.

«Егер күн сайын бір аяттың тәпсірін, бір хадистің түсіндірмесін және бір фиқһи (арам мен адал және ғибадат) мәселені алып, осы үшеуін ғана үйреніп отыратын болсаң, онда бір жылда сенде біршама білім жиналып қалады. Яғни, 360 аяттың тәпсірін, 360 хадистің түсіндірмесін және 360 фиқһи мәселені білетін боласың. Егер бір жылда осынша білім жинасаң, онда бес жыл, он жыл жиналатын білім қандай болмақ десеңші?! Сөзсіз, ілімі мол ілім ізденушіге (шейхқа, ғалымға) айналасың».
📚الأجوبة والبحوث (٥/٣٠٣).

———————
Сол сияқты Құран мен хадис жаттағысы келетіндер де күніне бір аяттан және бір хадистен тоқтамай жаттап отыратын болса, онда бірнеше жылдарда Құранды толық жаттап біткен қариға және біршама хадис кітаптарды жаттап шыққан хафизға айналатын болады. Алайда, адамдарды бұдан тосатын нәрсе – бір аят пен бір хадисті азырқанушылық. Себебі адам баласы Аллаһ Тағала айтқандай:

﴿وَكَانَ ٱلۡإِنسَـٰنُ عَجُولࣰا﴾.

﴾Адам баласы – тым тағатсыз﴿.
Исра сүресі, 11-аят.

Сондықтан, барлық білімді бір сәтте алғысы келеді. Сосын бір күнде бірнеше аят, біршама хадис жаттап, кейін көптеген айлар бойы жаттай алмай кетеді. Сөйтіп соңында ештеңеге қол жеткізбейді.
Ал, негізінде сол өтіп жатқан уақыт бәрібір де өтіп жатыр. Арамызда намаз бастағандарына он жылдан, жиырма жылдан асқандар бар. Бірақ та Құранды толық жаттау былай тұрсын, тіпті Құранды арабша оқи алмайды. Сол үшін Араб елдеріне барып, бір күнде, бір жылда ғалым болып кетемін деген қияли сеніммен емес, өмірге шынайы көзбен қарай білу керек. Барлығын бүгін және аз-аздан үздіксіз режимде бастаңыз!!!
Хадисте келгендей:

 أَحَبُّ الْأَعْمَالِ إِلَى اللهِ تَعَالَى أَدْوَمُهَا وَإِنْ قَلَّ.

«Аллаһқа ең сүйікті амалдар – аз болса да, жалғасымды болғандары».
📚 Бұхари; (5861), Муслим; (783).

#paidaly_maqala #bilim

🔗 https://t.me/bilim_baqshasy