Áitarym bar

@md_aitarymbar


Айтар сөзім іште өлмесін, кеудеге көмілмесін. Сол үшін жазамын, айтамын

Жарнама, пікір, ұсыныс, сұрақтар тікелей ↪️ @dinara_boranbay

Áitarym bar

13 Oct, 15:12


Күздің екінші айында,
Сені тағы ойладым,
Уәдем қалды жайында.
Сені ұмыта қоймадым.

Өткен жылы сөз берген ем,
Ұмытам деп жай ғана.
Оған қайдам кім сенгенін?!
Күз сенетін жай ғана.

Жапырақтың сыбдыр үні,
Қолпаштайды үнімді,
Алматының қою түні,
Жатқа білер түрімді.

Нөсер жаңбыр үйлеседі,
Күздің бұл бір кейпіне.
Мың шатасқан –
ол жайлы ойлар,
Жіберсе ғой еркіме…

Алматының көшесінен,
Іздеп оны шаршадым.
Ойлап, ойлап бітісімен,
Көз ілемін таң сәрі.

Бұл не сезім таусылмайтын?
Таусылмайтын, бітпейтін.
Бұл не жүрек Құдайым-ау,
Өз бақытын күтпейтін?!

Динара Боранбай

P.S. Биылғы күздегі екінші өлең…

Áitarym bar

11 Oct, 07:29


Өміріңе өзгеріс енгізу кейде тәуекел жасауға бағыттайды. Өмірде көп адам жаңа нәрсені бастауға не өзгертуге қорқады. Мен де сол қатардан болғанмын.

Қорқыныш сезімі бойыңды билегенде қазіргі тұрақты күйіңнен арылғың, комфорттан шыққың келмейді. Бұл – өз өміріңе өзгеріс, жаңалық жасауға кедергі. Жалпы қорқыныш көп нәрсеге әсер етеді ғой🧐

Ал менде жаңалық осы өзгеріске қатысты. Алдағы уақытта бөлісемін🤭

Áitarym bar

08 Oct, 13:04


4-кездесу. Кешкі уақыт. Көліктің іші. Жаңбыр себелеп тұр.

Жігіт. Екеуміз қаланың екі шетінде тұрады екенбіз. Бұл жерде не достықтың, не махаббаттың күші болмаса бір-бірімізге жете алмайтын сияқтымыз.

Қыз. Енді сізге бағытталған магнит іздейтін болдым ғой...

Жігіт. (жымиып) Бүгін бір керемет кеш болды. Күзде барлығы сұлулана түсе ме қалай?

Қыз. Әсіресе, жапырақтар. Сіз сияқты сап-сары...

Жігіт. Сіз сияқты мұңды...

Әдемі диалог

Áitarym bar

07 Oct, 12:03


Кейде өз қарім-қабілетіңді көре тұра, тәуекел жасауға батылың жетпей жатады. Қорқыныш – өз болашағыңды тежейтін дүние. Бүгін мен сол қорқынышымды жеңіп, тәуекелге бел байладым. Жүректі тыңдап жасаған шешімім оң нәтижеге апаратынына сенемін! 🥰

Áitarym bar

03 Oct, 09:54


Қызық, кейде сенің таңдауың, шешімің ешкімге қызық емес… Біз сондай қоғамда өмір сүріп жатырмыз…

Динара Боранбай

Áitarym bar

01 Oct, 16:09


Жай көзге күліп жүргенмен,
Жасырын жылайтындар көп

М. Шаханов

Áitarym bar

01 Oct, 05:35


Қаз қанатын жамылған қазан айы да келді🍂

Áitarym bar

29 Sep, 16:51


Мен өзімнің түсініксіз күйім, сезімдеріммен күресіп жүрмін. Бұл апта жан дүниемнің ақтарылған уағы болды. Кеудеге тығылған белгісіз бір өксіктің сыртқа шығуы – мезгілсіз жиналған қоқыстар, жүрегіме жиып тастаған өлі сезімдерден. Бір түсінгенім, адам ішінде өлі сезімдерді сақтап ешқашан жүре алмайды. Ол шығуы керек! Мен сабырлы шығармын, шыдамды шығармын, ренжісем де оны айта алмайтын шығармын. Бірақ ол да өз шегіне дейін.

Сосын айтқым келетіні, өлі нәрсе пайда әкелмейді – не сені өлтіреді, не өкіндіреді.

Динара Боранбай @md_aitarymbar

Áitarym bar

20 Sep, 20:04


Өз сезімі үшін күреспеген адамды кім дейміз? Егеске түспеген, мойындата алмаған, тіпті нәтиже де шығара алмаған ол – әлсіз. Қай нәрсеге болса да асқан табандылық пен күрескерліктің арқасында жетеміз. Түбінде нәтижесін әр адам қарым-қабілетіне сай алады.

Ал сен қалай ойлайсың?

Динара Боранбай @md_aitarymbar

Áitarym bar

20 Sep, 19:50


Мен өзімнің сезімнің адамы екенімді мойындаймын, білемін. Әсіре сілтемеймін, десе де өз қиялым өзіме жеткілікті. Өміріме менің қиялыма құмар адам қажет. Арманым өте көп. Еркіндікті сүйемін. Тәуелді болғым келмейді. Шегі жоқ сезімдерім бір басымда жетіп артылады. Соның бәрін бөліскім келеді де тұрады. Бүкіл әлемге жар салып жүрген асау сезімдерімді тек бір адам тыңдаса да жетер еді. Кітап жазғым келеді. Оқырманым көөөп болғанын, ішімде бөлісер дүниенің бәрі де пайдалы болғанын қалаймын. Қоғамға пайдалы болғым келеді. Санамда шешімі жоқ сұрақтың бәріне жауап алғым келеді. Әлем кезгім келеді, түрлі мәдениеттің мәйегін тамашаласам деймін.

Мен өзімнің ішімдегі «меніме» сенемін. Ол арманына адал екенін білемін. Қорқақ болса да қорқыныштарын жеңетініне сенемін. Бір білерім – ол бақытты. Ішкі сенімі берік, көңілі бүтін, жүрегі таза.

Динара @md_aitarymbar

Áitarym bar

20 Sep, 19:33


Мен оның күлгенде пайда болатын қысық көзін, тербеле шыққан қоңыр үнін, дәл қасыма келгенде ыңғайсыздана, әрі қымсына қарайтын бейнесін әлі ұмытпаппын. Дәл кешегідей көз алдымда. Алғашқы махаббаттың буына мас болмасам да, балалықтың саф көңілін өзіңнен көргенмін. Талай жүлде үшін бақталас болсақ та, соңында бір-біріміз қуанышты сәт үшін қол алысатынбыз. Мен үшін біздің сәлеміміз бен қош айтысуымыз уақытты тоқтатып қоюға татитын шақ болатын. Алғашқы махаббат-ай…

Әсте, алғашқы махаббат кімнің де болса жүрегінде жаттаулы. Ол айдан анық. Мен, тіпті, ол жайлы әңгіме айтудан қашпаппын. Ол қандай бақытты адам, менің терең сезімімнің негізгі кейіпкеріне айналған. Бәлкім бақытты болмас та. Беймәлім. Ал мен осы сезімдерімді шығара алғаным үшін бақыттымын.

Мен оған арнап өлең де, хат та, жазба да жаздым. Оның бірі де жетпеген менің бақытсыз шабытым-ай… Есіл көңіл-ай. Оған түк те өкініш жоқ. Тек кейде жүрек дір етеді. Қазір көңіл бүтін. Шабытым толыспайды, кейде келіп кететіні бар. Бұрынғыдай ерке сезімнің нәтижесін көрмеймін. Сезім қалып, шынайылыққа көңіл ауып кеткен. Бәлкім ол да дұрыс шығар. Менің сәби жүрегім өз иесін тапқанда нағыз махаббаттың не екенін мойындар. Әзірге мойындатар ешкім болмады…)

Динара Боранбай @md_aitarymbar

Áitarym bar

20 Sep, 19:01


М: Бір бақытқа жарымай, бірді екіге бөліп алғанбыз ба сонда?

Д: Бәлкім, бақытты сол жартыға айырбастап қойдық…

М: Таба алдың ба, әлде жараландың ба?

Д: Табаладым…

М: Кімді?

Д: Екеумізді…

#өзіміздіңдиалог

Áitarym bar

20 Sep, 07:45


2400+ болыппыз ғой🤩🕊️

Áitarym bar

18 Sep, 16:14


Сен кеткелі жүректі құлыптағам,
Сенің жарқын жүзіңді ұмытпағам.
Болашаққа тапсырдым екеумізді,
Сен аман бол, аман жүр сүйікті адам!

Динара @md_aitarymbar

Áitarym bar

15 Sep, 07:43


Бүгін арбатта Кітап Fest өтіп жатыр. Жұмыстың арасында ұшып сонда барып, дос-құрбы, таныс, ұстаздарымды көріп қуанып қалдым. «Көңіл көңілден су ішеді» дейді ғой. Әр баспа, кітап дүкенінде жұмыс істейтін құрбыларыма арнайы соқтым. Қайтып бара жатқанымда «Тармақтардың» шатырына екі езуімді жимастан кіріп бардым. Сонда қарбаласқа толы адамдар ішінен Рысгүл ханым мені көріп, «Күн сияқты келдіңіз ғой күлімдеп», - деп қарсы алмасы бар ма?! Аңғарымпаз, әрі кең пейілді, энергиясы тым нәзік автордың ол көңіліне бір марқайып, суретке түсіп қайттым. Еламан аға мен Рысгүл ханымның әр жасаған жобасы, кітабы асқан махаббатпен жасалады. Сол жұпқа қатты қызығамын. Шатырда Рысгүл ханым соңғы шыққан күнделікті сондай махаббатпен таныстырып жатыр. Өз ісін шын жақсы көретін адамды көрдім. Сөйтіп, өзіме айтылған сөзге мәәәәз болып жұмысқа келдім)))

Áitarym bar

14 Sep, 15:15


Адамның жасы емес, санасы толысқан соң шығар тыныштықты, жай ғана бақытты болуды қалайтыны. Бұрын бақытты екенімді, жеткен жетістіктерімді, мықты екенімді көпке айтуға, көрсетуге құмар болатынмын. Бәлкім менің сол қуанышыма мендей қуанып, дәл мендей шаттанар деп ойлаған шығармын. Бірақ мен ойлағандай емес, қате ой.

Ал қазір мен өзімде бар бақытқа көз, сөз тигізуден барынша сақтанамын. Жарияға жар салатын жетістіктерімді арагідік жасырып қаламын. Арзан ой, сөз жүрген жерден қашамын. Тыныштықтан жаным жай табатынды шығарды. Мен де пендемін, ара-тұра өсек-аяңға құмартып, біреу туралы қате ой ойлап қоямын. Нәпсінің жетегіне еріп кететін кездерім болады. Пендешілік қой…

Солай, солай өмір көшінде өздігімізше із салып жүре береді екенбіз. Кім қандай із? Өзіне ғана мәлім.

Динара Боранбай @md_aitarymbar

Áitarym bar

11 Sep, 18:14


Бүгін мені өмірге әкелген анамның туған күні. Жыл сайын арнайы тілекпен инстаға жазба салатынмын. Биыл мүлдем шабытымнан ба, әлде басқа себеп пе білмеймін, бұрынғыдай жаза алмадым. Бәлкім өрем жетпеді. Сонда да жүректен шыққанды жазғаным бар. Әйтеуір бар білерім анам бар кезде жүрегім тыныш. Құдайға шүкір, биыл қолымыздан келгенше туған күнін ерекше атап өтуге тырыстық. Желіге салып, өзіне хабарласып құттықтаудың ретін алдында тұрып алғыс айту, сыйлық табыстаумен алмастырдым. Шүкір!

Тілек айтып тұрып өткенім көз алдымнан өтті. Үнімде бір діріл пайда болды, бәлкім ата-ана алдындағы балалық толқу шығар… Отырыс соңында папа мен мама екеуі: «Ризамыз, бәріне рақмет! Бүгін күшті күн болды» – деді. Іштей марқайып, бір жасап қалдық.

Áitarym bar

09 Sep, 19:20


Кейде өмірден баз кешіп кеткім келетін сәттер болады. Морально сынғанда, тіпті өзіңді де ойламайсың. Жоқ болып кеткің келеді. Себеп көп, сол сәтте соған ем болмайтындай көрінеді. Сынасың, іштей мүжілесің. Жалғыз қалғанда басыңа сан түрлі ой келеді. Өлуді де таңдайсың. Шешім сол сияқты көрінеді. Осындайда не құтқаратынын білесің бе? Ол – сөз. Жаныңнан шыққан үн.

Бір ғана айтарым, өзіңді өлтіру – оңай нәрсе. Бірақ ол – әлсіздік. Қай кезде де шешім бар. Тек кейде мен айтқан ішкі дауысқа құлақ салу керек.

Динара @md_aitarymbar

Áitarym bar

09 Sep, 19:07


Мен өмірге реалистік көзқараспен қарасам да, қиялға жиі берілетін адаммын. Түн батса болды белгісіз бір әлемге енемін. Арманым көп. Түптің түбінде жететініме сенемін. Сенгім келеді. Өзім бар әлемді жақсы көремін. Мейлі қандай болса да.

Мен әлсіз де емеспін, мықты да емеспін. Бірақ сезімімді жеткізуде батылдық алға шығып кете береді. Оны мойындаймын. Бойымда бар қабілетті көбіне басқаның игілігі үшін жаратып жіберемін. Кейде бағаламаймын. Қазір сол қабілеттерімді сатуды, өзімді құнсыздандырмауды үйрендім.

Мен әділетсіздікті көтере алмаймын. Жаным қас дүниелерге бойымды жуытпаймын. Табиғатым жат еткен дүниелерді жасамауға тырысамын. Өтірік сөйлеу, жасандылық, екіжүзділік, алдау, арбау қолымнан келмейді. Аузымнан шыққан уәдемді қолымнан келгенше орындап беремін. Білмеймін, мен қандай адаммын? Жақсы да емеспін, жаман да емеспін. Бірақ мен атымды, адамдығымды кірлетпеуге өзіме серт еткенмін.

Адамның кемшілігін бетіне айта алмаймын. Көбіне тілге тиек ете отырып, осында жазатыным бар. Өзімде барды да солай. Көңілге жәмәән қарап қоя беремін.

Менің жанарым бәрін айтып қояды. Оны жақын адамдарым біледі. Өтірік айтып тұрғаным, бірдеме жасырғаным, мұңым, сырым бәрі – жанарымда ап-анық. «Сен сезімнің адамысың. Көзің мөлдіреп бәрін айтып тұрады» – дейді құрбым. Бәлкім солай да шығар. Әйтеуір өзіме тасжүрек секілдімін. Әлемге және адамдарға қандай екем?

Мен адал болғым келеді, боламын да. Мені дос деп сыр ашқан адамға үнсіз доспын, керек кезде ақылшымын. Үнсіз бәрін мақұлдап, артынан түйген ойларыммен оның жанын осып жіберетінім бар. Кейде өзімнің де. Адал болуға айналамды үгіттемеймін. Кім маған қалай, мен сол адамға сондаймын. Кейде өзім көп беріп қоямын… Мөлшерлеп үйрене де алмадым. Санам өссе қоярмын…)

Өзімді толықтай тани алмадым. Зерттеп жүрмін. Өзгергенімді байқаймын. Бәлкім есейдім. Осы жасыма дейін жоғарыдағыларды нақты қалыптастырғанымды білемін. Мен қазіргі қоғамнан, ойланғысы келмейтіндерден, сезімсіз адамдардан қорқамын. Өзім сүріп жатқан қоғамнан не күтетінім, не пайда беретінім әлі қызық…

Және соңғысы мен қазір өте эгоист адаммын. Өзімді бірінші орынға қоюды үйрендім әйтеуір. Бірінші өзім, сосын қалғандары. Ол оказывается жаман нәрсе емес екен, бұрын ойланғанымда ғой)))

Қайырлы түн!!!

@md_aitarymbar