Жанерке Сейфуллина

@zhanerke_seifullina


Жанерке Сейфуллина

20 Jan, 19:15


Ораза дегеніміз жәй ашығу емес. Бұл уақытты асқазанды ойлап емес, тамақ ішуге кететін уақытты құлшылық пен жеке дамуға арнаған жөн❤️

Рамазан айы – береке мен жақсылыққа толы ай. Рамазанның өзге айлардан ерекшелігі – Алла Тағала бұл айда Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с) Құранды түсіріп бастаған, оразаны парыз қылған.

Бұл айда жәннат қақпалары ашылып, тозақ қақпалары жабылады. Бұл айда – Құран молынан оқылып, дұғалар көп жасалады. Бұл айды оразамен, ғибадат-құлшылықпен өткеріп, Алланың мейірім-берекетінен молынан ұстап қалу керек. Себебі, бұл ай нөсерлеп жауған көктемгі жаңбыр іспетті, кім бақшасын соған дайындаса берекетін көреді, ал кім немқұрайлы болса, мақұрым қалады.

Ендеше, қалай өткереміз?
Тілді жаман сөздерден сақтау
Көзді тыю, құлақты харамнан тию
Шынайы тәубе етеміз
Парыз амалдарды орындаймыз (бес уақыт намаз, қазаларын толықтыру, зекет беру)
Тахажжуд, дұха намаздарын оқу
Тарауих намазын
Жаңа дұғалап жаттау
құран оқу❤️
жиі зікір, салауат айту
Жалпы, игі іспен өткізген абзал🫶🏻

Әні-міні дегенше 9-10 күні де өте шықты🥺

Жанерке Сейфуллина

20 Jan, 19:15


Ораза қабыл болсын🌸🫶🏻

Жанерке Сейфуллина

20 Jan, 18:36


вспомни те времена, когда ты не
знал своего Господа, а потом ОН
избрал и повёл тебя к СЕБЕ.

не ты пошёл, а ОН повёл..

Жанерке Сейфуллина

20 Jan, 17:43