Real Madrid Qazaqstan

@qazrealmadrid


"Реал Мадрид" жанкүйерлері үшін.

@decima07 - жарнама бойынша.

Real Madrid Qazaqstan

22 Oct, 18:22



Real Madrid Qazaqstan

22 Oct, 17:40


Негізгі құрам

Real Madrid Qazaqstan

22 Oct, 14:31


Команда🤍

Real Madrid Qazaqstan

22 Oct, 13:42


⚽️⚽️⚽️:

Тони Рүдігерді Сауд Арабиясына ауысу жайлы ой қызықтырады. Бірақ, жақын арада емес болашақта. Ол "Реалдан" 2025 жылы кетуді жоспарлап отырған жоқ.

Real Madrid Qazaqstan

22 Oct, 12:50


😳Мына видеоны көріп, жағамды ұстадым. Ютубтағы комментіне "Реал" жанкүйерлері көп екенін көрсетіп жазып кет, келесі де ойланып сөйлейтін болады👇

https://youtu.be/mr841zgy3RA?feature=shared

Real Madrid Qazaqstan

22 Oct, 12:36


Тілші: Сіз Габри Вейганың Сауд Арабиясына кетуін “ұят” деп жаздыңыз, бірақ Начо немесе Хоселу туралы ештеңе айтпадыңыз.

Тони Кроос: Айырмашылық жер мен көктей. ЧЛ жеңімпаздары және мансабын аяқтауға жақын қалған ойыншы мен 21 жасында Арабияға кететін ойыншыны салыстыруға келмейді. Мұндай жас кезеңде кету сізді жақсы ойыншы атанудан және жүлде жеңуден алыстатады. Айырмашылық осында. Мен ол жаққа біреудің кетуіне қарсы емеспін. Дегенмен, сіз Начо немесе Криштиану Роналду сияқты мансабының соңында, Мадридте және Еуропада аңыз атанған соң кетсеңіз жақсы болар еді.

Real Madrid Qazaqstan

22 Oct, 12:33


🟨Лука Модрич бүгінгі ойында сары қағаз алса, Миланға қарсы ойынға қатыса алмайды.

Real Madrid Qazaqstan

22 Oct, 10:53


“Реал Мадрид” қорғаушысы Антонио Рүдігер өз болашағы туралы шешім қабылдады. Мадридтік клубтан кеткеннен кейін неміс ойыншысы Сауд Арабиясына ауысуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Relevo.

Дереккөздің мәліметінше, Рүдігер арабиялық чемпионатқа үлкен келісімшарт үшін көшуді оғаш деп санамайды.

Антонио “Реалдан” келесі жазда кетуді жоспарламайды. Ол мадридтік клубпен келісімшартын соңына дейін орындап, Сауд Арабиясына көшуді көздеп отыр. Қорғаушының “Реалмен” қазіргі келісімі 2026 жылға дейін жарамды

Real Madrid Qazaqstan

22 Oct, 09:27


As: Бүгінгі ойынға шығуы мүмкін негізгі құрам

Real Madrid Qazaqstan

22 Oct, 07:33


Ойын күні🔥

🇪🇸 Реал Мадрид - Боруссия 🇩🇪
🏆 Чемпиондар Лигасы | 3-тур
🏟 «Сантьяго Бернабеу» стадионы
Уақыты 00:00 (АСТ)
📺Тікелей көрсетілім: QAZSPORT

Real Madrid Qazaqstan

22 Oct, 06:16


🤍

Real Madrid Qazaqstan

21 Oct, 18:58


🥲

Real Madrid Qazaqstan

21 Oct, 17:20


Боруссияға қарсы ойынға шақырту алған ойыншылар тізімі

Real Madrid Qazaqstan

21 Oct, 15:19


🗣Edu Aguirre | El Chiringuito:

Чуамени жаттығуды аяқтай алмады. Ол алаңнан бірінші болып кетті, ойыншы бұлшықет жарақатын алуы мүмкін.

Real Madrid Qazaqstan

21 Oct, 14:35


Тибо Куртуа: “Лунинмен қарым-қатынасымыз өте жақсы. Мен оған көмектесуге тырысамын”.

“Реал Мадрид” қақпашысының матч алдындағы баспасөз мәслихаты.

•Сельтаға қарсы ойындағы сейвім? Мен өз жұмысымды ең жақсы деңгейде орындауға тырысамын, сондықтан әрі қарай да аянбай еңбек етемін.

•Біз “Боруссияны” жеңуіміз керек. Командалық ойын көрсетуіміз қажет. Мүмкін, “Лилльге” қарсы кездесуде біз бір нәрсені дұрыс істемеген шығармыз. Қалай болғанда да, біз командадағы негізгі ойыншыларды жоғалттық, ал бұған бейімделу әрдайым уақытты талап етеді. Біз бір-бірімізбен сөйлесіп, ойынымызды жақсартуға тырысамыз. Бірақ біздің жағдай адамдар ойлағандай нашар емес.

•Қорғаныс шебін күшейту? Мен өз командаластарыма сенемін. Шешімді клуб қабылдайды.

•Мадридтік дерби? Мен Симеонені құрметтеймін, бірақ оның айтқанымен келіспеймін.


•Лунинмен қарым-қатынасымыз өте жақсы. Мен оған көмектесуге тырысамын. Мен “Мадридтің” барлық қақпашыларына көмектесуге тырысамын. Андрейдің қазіргі жағдайы оңай емес екенін білемін, өйткені өткен маусымда оның ойын тәжірибесі көп болды, дегенмен мен оған әрдайым көмек қолын созамын. Лунин — тамаша қақпашы.