MSPORTS.KZ

@massaget_kz


https://msports.kz/ сайтының ресми арнасы! Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтарының жаршысы.

№ KZ31VPY00101321 – Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі берілген.

MSPORTS.KZ

22 Oct, 16:48


⚡️ "Семей" ұтылды, "Қайрат" ұтты

Футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі ойындар басталды.

⚠️ Алматыдағы екі матч аяқталды. Семейліктер "Спортингтен" 4:6 есебімен ұтылды, ал Алматының "Қайраты" "Халадашты" 4:0 есебімен ұтты.

MSPORTS.KZ

22 Oct, 09:01


Еурокубоктық 𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘! 🌍

Бүгін ел чемпиондары «Семей» мен алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі жорықтарын бастайды!

🇰🇿 «Семей» 🆚 «Спортинг» 🇵🇹
🏆 УЕФА Чемпиондар Лигасы
17:00
🏟 «Балуан Шолақ» спорт сарайы, Алматы
🖥 QazSport телеарнасы

🇭🇺 «Халадаш» 🆚 «Қайрат» 🇰🇿
🏆 УЕФА Чемпиондар Лигасы
20:00
🏟 «Балуан Шолақ» спорт сарайы, Алматы
🖥 QazSport телеарнасы

Алға, жігіттер! Алға, Қазақстан! 🇰🇿❤️

msports.kz

MSPORTS.KZ

22 Oct, 05:08


🔥 Ресми: Асу Алмабаев UFC рейтингінде 7-орынға көтерілді

🥊 Қазақстандық спортшы осы жексенбіде 7-орында тұрған бразилиялық Матеус Николауды жеңіп шыққан еді.

msports.kz

MSPORTS.KZ

21 Oct, 14:37


👀 Балуандарымызға бірінші күн жүлде бұйырмады

🤼‍♂️ Бүгін Албания астанасы Тиранада күрес түрлерінен әлем чемпионаты (23 жасқа дейінгі) басталды.

Жарыстың бірінші күні боз кілемге шыққан 5 балуанымыз да (еркін күрес) жүлделі орынға жақындай алмады.

Досжан Өтепқалиев (60 кг)
Дінмұхаммед Қошқар (67 кг)
Мерей Мәулітханов (72 кг)
Альмир Төлебаев (82 кг)
Ерзат Ерланов (97 кг).

msports.kz

MSPORTS.KZ

21 Oct, 11:13


😱 Біржан Оразов Чемпиондар лигасына қатыса алмайды

🍎 «Қайрат» басшысы Қайрат Оразбековтің айтуынша, клуб капитаны жарақатына байланысты негізгі кезеңде ойнай алмайды екен.

📆 Алматыдағы ЧЛ ертең басталады:

22 қазан:
17:00. 🇰🇿 Семей – Спортинг 🇵🇹
20:00. 🇭🇺 Халадаш – Қайрат 🇰🇿

23 қазан:
20:00. 🇰🇿 Қайрат – Семей 🇰🇿

25 қазан:
15:00. 🇰🇿 Семей – Халадаш 🇭🇺
18:00. 🇰🇿 Қайрат – Спортинг 🇵🇹

msports.kz

MSPORTS.KZ

21 Oct, 06:26


⚡️ Зарина Дияс WTA рейтингінде 109 орын жоғарылады

🎾 Түркияда топ жарған қазақстандық теннисші жаңарған рейтингте 379-орынға көтерілді. Яғни, 109 саты жоғарылады.

📊 Жаңарған рейтингте көшбасшы ауысты. Ига Швентек енді бірінші ракетка емес. Беларусь қызы Арина Соболенко бірінші орынға шықты.

1 (2). Арина Соболенко (Беларусь) — 9706 ұпай
2 (1). Ига Швёнтек (Польша) — 9665.
3 (3). Кори Гауфф (АҚШ) — 5963.
4 (4). Джессика Пегула (АҚШ) — 5785.
5 (5). Елена Рыбакина (Қазақстан) — 5471.
🇰🇿🇰🇿🇰🇿
29 (+3). Юлия Путинцева
311 (+3). Жібек Құламбаева
379 (+109). Зарина Дияс
650 (+3). Соня Жиенбаева
870 (+7). Анна Данилина
888 (+34). Сандуғаш Кенжебаева

msports.kz

MSPORTS.KZ

19 Oct, 16:32


🎾 Зарина Дияс Түркиядағы турнирдің финалына шықты

🇰🇿 Қазақстандық теннисші Kayseri ITF W50 додасының жартылай финалында ресейлік Екатерина Маклакованы 2:0 (6:1, 6:2) есебімен жеңді.

🔥 Осылайша бір күнде екі ойын өткізіп, финалға жолдама алды.

💰 Бұл доданың жалпы жүлде қоры 40 000 долларды құрайды.

✔️ Финалда Алена Фалей мен Изабелла Шиникова арасындағы ойында жеңгенімен кездеседі.

msports.kz

MSPORTS.KZ

19 Oct, 05:49


🇰🇿 Кака Қазақстан құрамасындағы қызметін жалғастырады

🇰🇿 Қазақстан футбол федерациясы футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Какамен серіктестікті әрі қарай жалғастырады.

📝 Жаңа келісімшарт 2026 жылдың соңына дейін есептелген.

msports.kz

MSPORTS.KZ

18 Oct, 11:14


⚡️Головкинді жаттықтырған бапкерлер Қазақстанға келді

🇰🇿Қазақстандық танымал кәсіпқой боксшы, қазіргі ҰОК басшысы Геннадий Головкиннің физикалық даярлығына көмектескен мамандар Кристофер мен Дарио Камачолар Қазақстанға келді.

Америкалық білікті мамандар Алматы тауларында жүрген суреттерін әлеуметтік желіде бөлісті. Одан қалды Геннадийдың егізі Максиммен де кездесіп үлгерген.

🎙Спорт комментаторы Уәлихан Қосанбайдың айтуынша, олар бұдан былай бокстан Қазақстан құрамасының физикалық дайындығына жауапты болады.

Камачо Головкиннен бөлек отандық бірқатар боксшымен де жұмыс істеген.

🥊 Сонымен қатар UFC спортшылары Хабиб Нурмагомедов, Кейн Веласкес, Даниэль Кормье, Люк Рокхолд пен Брэндон Адамс секілді мықтыларға көмектескен.

msports.kz

MSPORTS.KZ

18 Oct, 07:09


🥊 Асу Алмабаевтың жекпе-жегін қайдан көруге болады?

👉 https://msports.kz/zhanalyktar/asu-almabaevtyin-UFC-deg-jekpe-jegn-kaydan-koruge-boladyi-118493/

MSPORTS.KZ

17 Oct, 10:23


💙 “Барысқа” бас директор тағайындалды

✍️ Нұрлан Оразбаев «Барыс» хоккей клубының бас директоры болып тағайындалды

🔖 Маман клубты 2006-2012 және 2013-2015 жылдары да басқарған.

🚨 Бейресми ақпараттар бойынша, "Барыс" шетелдік легионерлермен келісімшартын бұзуда.

msports.kz

MSPORTS.KZ

17 Oct, 07:59


⚡️ Жұқаев – ширек финалда!

🎾 Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев мансабында алғаш рет АТР санатындағы турнирдің ширек финалына шықты.

Бейбіт Алматыда өтіп жатқан АТР 250 жарысының 1/8 финалында чех Томаш Махачпен кездесті. Әлемдік рейтингте 25-орында тұрған Томаш бірінші сетте-ақ өзін жайсыз сезініп, ойынды жалғастырудан бас тартты.

✔️ Қазақстандық теннисші ширек финалда Карен Хачанов (Ресей) — Отто Виртанен (Финляндия) арасындағы ойында жеңгенімен кездеседі.

msports.kz

MSPORTS.KZ

16 Oct, 13:28


⚡️🥇 Нұрқанат Серікбаев – әлем чемпионы

🇰🇿 Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Ташкентте дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионы атанды 🔥

🥋 Ол финалда командаласы Шерзод Давлатовтан басым түсті. Екеуара кездесу өте тартысты өтті. Негізгі уақытта тең түскен қос дзюдошы жеңімпазды шешуші уақытта айқындады.

📊 Осылайша 60 келіде қос қазақстандық дзюдошы алтын мен күміс жүлдені өзара бөліп алды.

msports.kz

MSPORTS.KZ

16 Oct, 09:42


🥊 Әлем чемпионатына қатысатын боксшылар анықталды

23 қазан мен 3 қараша аралығында Будвадағы🇲🇪 әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан жастар құрамасының құрамы жасақталды 🇰🇿

48 келі. Диас Берікбай
51 келі. Бексұлтан Боранбек
54 келі. Бауыржан Мұратов
57 келі. Жансері Көшербаев
60 келі. Алексей Хаванцев
63.5 келі. Ахмет Үсен
67 келі. Төрехан Сабырхан
71 келі. Өнер Сейілхан
75 келі. Санжарәлі Бегалиев
80 келі. Мадияр Бексұлтанов
86 келі. Бақытжан Айтмұханов
92 келі. Расул Асанханов
+92 келі. Аслан Еділбайұлы

Аға бапкер – Мақсат Бақтыбазаров

msports.kz

MSPORTS.KZ

16 Oct, 08:39


✔️ Ресми: Томас Тухель – Англия құрамасының бас жаттықтырушысы

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Неміс маманы 2025 жылдың қаңтарынан бастап қызметіне кіріседі.

msports.kz

MSPORTS.KZ

16 Oct, 07:55


🔖 Күрес түрлерінен әлем чемпионатына баратын қазақ балуандары белгілі болды

🗓 28-31 қазан аралығында Албания астанасы Тиранада күрес түрлерінен Олимпиадаға енбейтін салмақ дәрежелері бойынша әлем чемпионаты өтеді.

🤼 Еркін, грек-рим және әйелдер күресі бойынша құрамаға енген балуандар анықталды.

✔️ Еркін күрес

- 61 келі: Асыл Айтақын
- 70 келі: Нұрғожа Қайпанов
- 79 келі: Дәулет Ергеш
- 92 келі: Нұрдәулет Бекенов

✔️ Әйелдер күресі

- 55 келі: Зульфия Яхьярова
- 59 келі: Диана Каюмова
- 65 келі: Ирина Казюлина
- 72 келі: Жәмилә Бақбергенова

✔️ Грек-рим күресі

- 55 келі: Исхар Құрбаев
- 63 келі: Ержет Жарылқасын
- 72 келі: Мейіржан Шермаханбет
- 82 келі: Евгений Поливадов

msports.kz

MSPORTS.KZ

16 Oct, 06:18


⚡️ Месси хет-трик саны бойынша Роналдумен теңесті

🇦🇷 Аргентиналық футболшы түнде Боливия қақпасына 3 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді. Ұлттық құрама сапында 10-шы хет-тригін жасады. Осылайша португалдық Криштиану Роналдумен теңесті.

📊 Роналду да ұлттық құрамада 10 хет-трик жасаған. Ал жалпы хет-триктер саны бойынша Роналду алда.

🤖Роналду – 66
🐐 Месси – 58

msports.kz

MSPORTS.KZ

15 Oct, 18:09


🔥 Жастарымыз жеңіспен қуантты

🇪🇺 ЕУРО-2025 іріктеу турнирінің ойынында Қазақстан U21 құрамасы өз алаңында Шотландия U21 командасын қабылдап, 3:2 есебімен жеңді.

🇰🇿 Бірақ топта бесінші орын алып, Словакия жерінде өтетін дүбірлі додадан тыс қалды.

msports.kz