КТК жаңалықтары

@ktknewskz


КТК жаңалықтары

22 Oct, 16:40


Тойға барғаны үшін түрмеге аттанды. Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы енді жазасының қалған бөлігін қауіпсіздігі орташа колонияда өтейді. Нұрасыл Болат бүгін сот залында қамауға алынған.

КТК жаңалықтары

22 Oct, 16:31


Жемқор шенеуніктерден тәркіленген ақшаға еліміздің екі облысында әлеуметтік нысандар салынады. Спорт кешені мен музыка мектебіне үш миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалады. Бұл қаражатты заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комиссия тиісті заң шеңберінде мемлекетке қайтарған.

КТК жаңалықтары

22 Oct, 07:58


⌨️ Қостанайда полиция екі шетелдік дропперді ұстау операциясын жүргізді

Шілде айынан бастап Қазақстанға келген 30 жастағы көршілес елдің азаматы Ақтөбе, Атырау және Ақтау қалаларында алаяқтар жымқырған ірі көлемдегі ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Кейін ол ақшаны Тelegram арқылы "кураторлар" жіберген банк карталарына аударған.

Оның 21 жастағы көмекшісі өзінің қылмыстық әрекетін сыбайласынан тәжірибе жинау арқылы бастады.

Екеуі де қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру кезінде ұсталды. Жеке тінту барысында олардың жалдамалы пәтерінде полиция қызметкерлері үшінші тұлғалардың телефондары мен банк карталарын тәркіледі.

Ұсталғандардың бірнеше алаяқтық фактілеріне қатысы бар екені анықталды. Полицейлер тергеуді жалғастырып жатыр.

КТК жаңалықтары

22 Oct, 06:01


💬 Қорғаныс министрлігі ЖОО-да тегін оқуға грант алған мерзімді әскери қызметшілерінің тізімін жариялады

Бір жарым мың орынға 2023 жылғы күзде әскерге шақырылған мерзімді қызметтің 17 927 сарбазы үміткер болды.

Конкурсқа Қорғаныс министрлігінен 8 169, Ұлттық ұланнан 6 441, Төтенше жағдайлар министрлігінен 315, Шекара қызметінен 2 715, Мемлекеттік күзет қызметінен 287 сарбаз қатысты.

КТК жаңалықтары

21 Oct, 19:37


Қырғызстанда қар көшкінінен қаза болғандардың денесі түгел табылды. Қайғылы оқиға Ақ-Сай тауында болды.

КТК жаңалықтары

21 Oct, 19:33


Құжатты қолдан жасаған, ВИН-кодты цехта өзгерткен. Алматыда 150-ден аса көлікті заңсыз тіркеген қылмыстық топ құрықталды. Олар — арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары мен делдалдар. 17 адамды құрықтау үшін полиция прокуратурамен бірлесіп арнайы операция ұйымдастырған.

КТК жаңалықтары

21 Oct, 12:13


Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі қызылордалық оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеуге қатысты атышулы істі тергеу қалай жүріп жатқанын айтты.

Ведомствоның хабарлауынша, күдікті деп танылған 11 адамның бесеуі кәмелет жасына толмаған. Қызылорда облысының полиция департаменті кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде, деп жазады kazinform.

Бұған қосымша кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту; жезөкшелікпен айналысу үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық; бопсалау; есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын қолдануға көндіру; азаптау; кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау бойынша қосымша істер қаралуда.

«Қылмыстық істердің 9 қатысушысы қамауда отыр, ал екеуіне „үйқамаққа алу“ бұлтартпау шарасы таңдалды, оның ішінде кәмелетке толмағандар саны — 5. Сонымен қатар, істің мән-жайы бойынша жәбірленушіден жауап алынды. Сот тыңдауы және ашық сот талқылауы мәселесі соттың құзыретінде», — деп жазылған министрлік жауабында.

КТК жаңалықтары

21 Oct, 12:12


Атырауда 23 жастағы бойжеткенді 3 күннен бері іздеп жатыр

Атырауда 23 жастағы бойжеткен 3 күн бұрын жоғалып кеткен. Оны полиция қызметкерлері таба алмай жатыр.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жоғалған ару 18 қазанда түнгі сағат 22:00 шамасында үйінен шығып кеткен.

«Із-түзсіз жоғалған бойжеткен Яна Легдокимова 2001 жыоы дүниеге келген. Ол Атырау қаласындағы Авангард-2 шағын ауданында тұрған. Үйінен 18 қазан күні сағат 22:00 шамасында шығып, осы уақытқа дейін кері оралмаған. Жоғалған бойдеткеннің бойы – 1 метр 60 см», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен аруды жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізіп жатыр. Әзірге із-түзсіз жоғалған қыздың қай бағытқа кеткені, қайда жүргені туралы еш дерек жоқ.

«Жоғалған адамды іздестіру жалғасып жатыр. Ол туралы қандай да бір ақпарат болса, 102 нөміріне дереу қоңырау шалуды сұраймыз», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

КТК жаңалықтары

21 Oct, 10:39


🇨🇿 Ян Липавский кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін Мемлекет басшысына ризашылығын білдіріп, Чехия Президенті Петр Павелдің Қасым-Жомарт Тоқаевты Прагаға ресми сапармен келуге шақырғанын жеткізді

➤ Чехия Сыртқы істер министрі қарқынды экономикалық байланыстар қазақ-чех ынтымақтастығының негізі саналатынына назар аударды. Ян Липавский өнеркәсіп, «жасыл» даму талаптарына көшу және энергетика салаларын бірлескен жұмыстың басым бағыттары ретінде атап өтті.

➤ Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ян Липавский өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.

➤ Кездесу соңында Мемлекет басшысы Чехия Президенті Петр Павелге ізгі тілегін жеткізді.

КТК жаңалықтары

21 Oct, 10:39


🇰🇿🇨🇿 Мемлекет басшысы Чехияның Сыртқы істер министрі Ян Липавскийді қабылдады

➤ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы саясат ведомствосының басшысына ілтипат білдіре отырып, Қазақстан мен Чехия арасында достық пен өзара құрметке құрылған көпжылдық әрі нәтижелі ынтымақтастық қалыптасқанын атап өтті.

➤ Мемлекет басшысы министрдің сапары екі ел арасындағы көпжақты қарым-қатынастың нығаюына тың серпін беретініне сенім білдірді. Оның айтуынша, Қазақстан Еуропа Одағындағы маңызды серіктестерінің бірі саналатын Чехиямен тығыз ықпалдастық жасауға бейіл.

➤ Президент екі елдің сауда және инвестициялық байланыстарын одан әрі дамытуға мол мүмкіндік бар екеніне назар аударып, еліміздің чех инвесторларына алдағы уақытта да қолдау білдіруге дайын екенін айтты.

КТК жаңалықтары

19 Oct, 11:01


⚡️Қырғызстанда қар көшкіні басып қалған алты адамның мәйіті табылды

Қаныш-Қия ауылының 14 тұрғыны мен бір шетелдік тауға сирек кездесетін өсімдіктің тамырын іздеп шығып, жоғалып кеткен болатын. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде сегіз азамат аман-есен табылып, алтауы қар көшкіні астында қалып, мерт болды.

КТК жаңалықтары

18 Oct, 16:12


Алматы облысы прокурорының орынбасары Саян Бәкіров пен Талғар ауданының прокуроры Ескендір Бекманов қызметтен босатылды.

КТК жаңалықтары

18 Oct, 16:10


Алматы облысында 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатқан полицейлер тағы бір күдіктіні ұстады. Осылайша аталмыш қылмыспен қамауға алынған адам саны11-ге жетті.

КТК жаңалықтары

18 Oct, 11:42


⚡️Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметтерінен босатылды

ҚР Бас прокурорының 18 қазандағы бұйрығымен Алматы облысы прокурорының орынбасары Саян Бәкіров пен Талғар ауданының прокуроры Ескендір Бекманов лауазымдарынан босатылды.

КТК жаңалықтары

17 Oct, 16:02


SIM-картаны EGov арқылы беруді ұсынған Цифрлық даму министрлігі қазір осыны жүзеге асырудың жолдарын қарастырып жатыр. Ведомство басшысы аталған жүйе енгізілсе, алдымен телефон алаяқтары азаяды дейді.

КТК жаңалықтары

17 Oct, 16:00


«Бейбіт келісімге келуі керек». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан форумда Ресей-Украина арасындағы жағдайды реттеудің басқа жолы жоқ деді.

КТК жаңалықтары

17 Oct, 08:14


🟥Алматыда элиталы тұрғын үй өртеніп жатыр

«Престиж-Алатау» көпқабатты тұрғын үй кешенінің жетінші қабатындағы пәтер өртеніп, өрт үйдің шатырына жайылған.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына барды, өрттің ауданы нақтылануда. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Мұнда 25 өрт сөндіруші мен 6 техника жұмыс істеп жатыр», – деп хабарлады ведомство.