🖊жазбалар

@jazbalaaar


«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста...»
©Абай Құнанбай

сұрақтар мен пікірлер: http://t.me/anonimnyye_voprosy_bot?start=6mLjKh

🖊жазбалар

01 Aug, 22:06


АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

Кеңес үкіметіне дейін Ақтөбе облысында 200-дей мешіт халыққа қызмет еткен.
Әйтеке би ауданында Талдық, Қайрақты өңірінде жеті мешіт болса, соның бірі 1908-1910 жылдары Жетпісбай ишан салдырған мешіт еді. Кеңес үкіметі оны 1936 жылы бұздырып, кірпіштерін үй салуға пайдаланған.
Кеңес үкіметі тұсында діни қызметкерлер көптеген ауыртпашылықты басынан кешірді, кейбір қызметкерлер қуғын-сүргінге ұшырады. Салдарынан Мешіт мұнаралары мен күмбездерін қиратып, оларды мал қоралары мен қоймаларға айналдырды.
Сол себепті 200 мешіттің көпшілігі жермен-жексен болып, тек бірнеше мешіт қана аман қалған. Олардың көрнектілері: Ақтөбе мешіті, Ойыл аудандық мешіті және тағы басқалары жатады.

📖Сайын даланың саңлақ ғұламалары.
ұстаз Азамат Жамашев

#азаматжамашев #сайындаланыңсаңлақғұламалары #кітаптанүзінді

http://t.me/jazbalaaar

🖊жазбалар

14 Jul, 11:47


🌙 Мұхаррам айында келетін Ашура күні – мұсылман тарихындағы айтулы күндердің бірі. «Ашура» сөзі «оныншы» деген мағынаны білдіреді. Яғни, мұхаррам айының оныншы жұлдызы.

🗓 Биыл Ашура күні 16 шілдеге сәйкес келіп тұр.

🍽 Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Рамазан оразасынан кейінгі ең абзал ораза – Алланың айы мұхаррам айында тұтылған ораза», – деген [2].

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ашура күнінің оразасы туралы: «Өткен жылдың күнә-қателіктерін өшіреді, деп үміт етемін», – деген [3]. Осыған орай, ханафи мәзһабында ашура оразасын ұстау – сүннет, ал оған алдыңғы (тоғызыншы), не кейінгі (он бірінші) күнді қосып тұту – мұстахап [4], деп пәтуа берілген.

Сонымен қатар, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім ашура күні әйел, бала-шағасына кеңшілік жасаса, Алла оған жыл бойы кеңшілік жасайды», - деген [5]. «Кеңшілік жасау» дегенде дәмді тойымды тамақ әзірлеу, сыйлық беру сияқты сауапты істер түсініледі.

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі

1. Нәсаи риуаят еткен.
2. Мүслім риуаят еткен.
3. Мүслім риуаят еткен.
4. «Фәтауа Қазихан», 1/129.
5. Табәрани, Бәйһақи риуаят еткен.

🖊жазбалар

21 Jun, 07:09


с: таспих тарту жайлы айтсаңыз жамағатпен немесе жеке

ж: мешітте жариялап таспих тартылу себебі білмейтін адамдарға үйрету мақсатында. сондықтан ол жерде тұрақты түрде жария айтылып тұрады, себебі білмейтін адамдар келеді мешітке. және таспих тарту білетін адамға имамның артынан бірге ілесіп отыру шарт емес, тіпті қажет емес, ол білмейтіндер үшін арналған.

🖊️Олжас Ханафин

#сұрақжауап #таспих #олжасханафин

t.me/jazbalaaar

🖊жазбалар

18 Jun, 08:15


Мешітте әдеп көрсете алмаған өзге жерде әдеп көрсете алмайды.

Ал егер оның Мешіт сыртындағы тәртібі әлдеқайда мешіт ішінен жақсы болса, Алланың үйіне деген құрметі жайлы ой жүгіртсін...

🖊Жұмаділдә Елдос

#мешіт #әдеп #жұмаділдәелдос

t.me/jazbalaaar

🖊жазбалар

17 Jun, 17:50


с: Қазір неге депрессия, стресс, травма деген нәрселер көп, иман әлсіз болғаннан ба?

ж: Бәрі де Алламен байланыстың жоқтығынан. Адам өзінің құл екенін, бар болғаны Алланың мүлкі екенін ұмытқан кезде солай болады. Өзін танымай, нәтижесінде Алланы танымаған адам Алламен қарым-қатынасында өзіне көп маңыз беріп, бейне бір Алла онымен санасу керек сияқты сезініп кетеді ғой. Анығын Алла біледі.

🖊️Дастан Құрманбаев

#травма #сұрақжауап #дастанқұрманбаев

t.me/jazbalaaar

🖊жазбалар

17 Jun, 11:49


Психологтардың Пайғамбарымыз ﷺ бен сахабалардың да бойынан травма табуға тырысып жатқанын көріп, қорқайын дедім. Біреуі айтады екен: "Пайғамбарымыздың ﷺ Хадиша анамызға үйленуі аналық махаббат жетіспегеннен" деп. Аьузубилля!!! Пайғамбарымыз толықтай Алланың қамқорлығында болып, Алланың өзі оны түрлі жағдайлармен тәрбиелеп шыққан. Ата-анасыз өсуінің де бірде-бір себебі осыда. Дін атын жамылып, психология жайлы сөйлеп жүргендер бірнеше жылдардан кейін намаз да оқымай, тіпті Ислам дінінен бас тартса таңқалмаймын. Алла һидаят берсін.

🖊Олжас Ханафин

#психология #психологтар #олжасханафин

t.me/jazbalaaar

🖊жазбалар

16 Jun, 13:44


С: Кемел адам болу үшін не қажет? Не істеу керек

Ж: Ешкім кемел бола алмайды. Кемел адам ол пайғамбарлар ғана. Қалған баршасы күнә жасап, қателесуші. Бірақ солардың ең жақсылары күнәсін мойындап, тәубе еткендері. Ендеше кемелдікке ұмтылудың жолы қате жасағаннан кейін дереу тәубеге асығып, артынша жақсылық жасауға тырысу. Және кішкентай күнәларды тұрақты жасамау. Ол тіпті үлкен күнәні пендешілікпен байқамай жасап қоюдан жаман. Өйткені ол оның күнә екенін білсе де, Алланы елемей жасай беруі, байқамай ауыр күнәні жасап қоюдан ауыр. Себебі ол ауыр күнәні бейғамдыққа түсіп, жасап қойды. Бірақ сосын үлкен өкінішке түсті де, оған және оған апаратын жолдарға ешқашан жоламайтын болды.

🖊Олжас Ханафин

#сұрақжауап #күнә #олжасханафин

t.me/jazbalaaar

🖊жазбалар

15 Jun, 14:04


Дұрыс ұйықтауды үйретеді, дұрыс тамақ жеуді үйретеді, арықтауды үйретеді, салмақ жинауды үйретеді, жылауды, күлуді үйретеді.

Бір саланың маманы болу, жаңа нәрселер ойлап табу былай тұрсын біз өмір сүруді де білмейміз екенбіз ғой.

Артық салмағың бар ма? Зиянды тамақ жеме, газировка ішпе, спортпен айналыс, витамин іш.

Ешнәрсеге қатыспай-ақ істей салуға болмай ма?

Ешкімді айыптамаймын, ерік-жігер жетіспей жатса, барлық тәсілді қолдану да керек шығар.

Мысалы күнде 7-8 сағат ноутбуктың алдында отыра берсең, 3 жылда остеохондроз, сколиоз болатының белгілі ғой.

Сол үшін алдын алу үшін жүзуге барасың, жүгіресің деген сияқты.

Бұны түсіну үшін дипломың болу шарт емес.

🖊Сырымбек Шакизада

#жекедаму #сырымбекшакизада

t.me/jazbalaaar

🖊жазбалар

15 Jun, 06:37


Заманымыздағы хижаб киген қыздардың білезіктен жоғары жағын ашуы, (әсіресе уағыз айтатын әйелдердікі) көңіл бөлу керек мәселе. Ол хижаб киюдегі салғырттық па? Жоқ әлде харам мен халалды ажырата алмау ма? Әлде ол сол істі адалдап алу ма?

🖊шейх Бара әл-Ханбали

#хижаб #әйел #қыз #жазбалар

t.me/jazbalaaar

🖊жазбалар

14 Jun, 22:18


Күйеуімізбен алғаш кездегідей сезіміміз бен мәмілеміз керемет деңгейде сақталған болса, өзімізді жертва сезінбейміз деп ойлаймын. Әйел адамның күйеуі бола тұра, өзін жертва сезінуі өкінішті. Ал жертва сезімінің бір факторы - өзін жалғыз сезінуі. Өкінішке қарай, қасында күйеуі, балалары бар бола тұра, қаншалаған әйелдер жалғыздық сезімімен өмір сүріп жүр десеңізші. Ал балалар болса өзіндік маңызға ие болғанымен уақытша екендігін жадымызда сақтау керекпіз. Себебі, олар бізге мұқтаж болғанға дейін ғана қасымызда болады. Күндердің бір күні қызы да ұлы да кететінін қабылдап соған дайын болу керекпіз деген ойдамын.

🖊️Ақан Мергенбай

#отбасы #ақанмергенбай

t.me/jazbalaaar

🖊жазбалар

23 Nov, 05:09


https://youtu.be/C5EgR4D0I0g
Әдетті реттеудің оңай жолы
ТОЛЫҚ НҰСҚА

🖊жазбалар

21 Nov, 15:05


Дұрыс әдет

🖊жазбалар

20 Nov, 13:51


Жаман әдеттер

🖊жазбалар

19 Nov, 14:05


Әдетті қалай қалыптастырамыз?

🖊жазбалар

19 Nov, 05:55


ТикТокта болмасаңыз, қосылуды кеңес етпеймін 🤷🏻‍♂️
Егер болсаңыз, онда бізге жазыла кетіңіз 😉
▶️ tiktok.com/@armanustaz_kz ◀️

🖊жазбалар

18 Nov, 18:43


Ойыңды жина. Арманыңды жина.

🖊жазбалар

17 Nov, 00:56


Ниеттеріңді жаңартыңдар

🖊жазбалар

15 Nov, 18:03


Намаздың дәмін сезбей жүрмін