dzht'24.

@djtshniki


djt-ны сүйер қауым.

+49/50.

ㅡ тақырып талдаулар, викториналар, маңызды мәліметтер,материалдар,сұрақ-жауаптар.

маңыздысы: жүйелі дайындық.

ұсыныс/сұрақтар:

dzht'24.

08 Oct, 17:04


достар кешірім сұраймын,2025 дегенім ғоой🫠😂

dzht'24.

08 Oct, 17:03


Қайырлы кееш))

арамызда 2025 түлектері бар ма?👀

dzht'24.

24 Jul, 17:49


Барлықтарыңа сәлеем))
ҰБТ тапсырып,жеңілдеулеріңмеен🫶💘 Осы бір жаздаа керемет демалыс тіледімм сендерге


2024 түлектері,каналда белсенділік танытқандарың үшін рақмет және алдағы жаңа өмірлеріңе сәттілік!🫶

dzht'24.

06 Jul, 21:49


Live stream finished (6 days)

dzht'24.

30 Jun, 13:32


Live stream started

dzht'24.

27 Jun, 19:12


Live stream finished (1 day)

dzht'24.

26 Jun, 19:09


Live stream started

dzht'24.

10 Jun, 18:01


Еуропада не себепті 1848-1849 жылдары революциялар болды

dzht'24.

10 Jun, 17:59


Неліктен ІІ Екатерина патшалығы тарихта ақсүйектердің алтын ғасыры деп аталды?

dzht'24.

10 Jun, 17:58


Ал енді сұрақ жауап жасайық,егер қарсы болмасаңыздар 😉

dzht'24.

09 Jun, 17:31


Сәлем менің ДЖТ әлемім

Қалдарын қалай,ҰБТ-ға
дайындықтарын қалай, дайындықтарын күніге жақсарып жатқан шығар,арамызда көбіміз 1 ҰБТ-сын аман-есен тапсырып болғандар аз емес,аз алып қалғандар,сендер еш уайымдамаңдар,алда әлі 1 мүмкіндіктерін бар,алда не болатынын білмей асығыс шешім қабылдап қоймаңдар,мен сендерге сенемін,көңіл-күйлерінді түсіріп,күні-түні жылағанша,қайта осыдан сабақ алып,қай тақырыптан аз балл алып қалдыңдар,сол тақырыпқа көп фокус қойындар,сендерде тек 1 ғана мүмкіндік қалды,сол мүмкіндіктерінді жіберіп алмаңдар,уақытта аз қалды,азғантай қалған уақыттарынды зая келтіріп алмандар,бір ғана мүмкіндік,бір ғана үміттерін бар,ертең көптен күткен викторина болады

dzht'24.

31 May, 10:18


📣Достар!

💻Назарларыңызға негізгі ҰБТ-ның аралық қорытындыларын ұсынамыз.

Негізгі ҰБТ-2024 басталғалы бері 71 мың адам тест тапсырды.

Оның ішінде:
✔️талапкерлердің 74% – шекті балл жинады;
✔️орташа балл – 67 балл;
✔️ең жоғары балл – 137 балл (үш адам жинаған);
✔️ерекше білім беру қажеттілігі бар 266 талапкер қатысты.

🙅🏻‍♀️Ереже бұзғаны үшін 126 адамның нәтижелері жойылды. Атап өтсек:
🚫смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 94 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
🚫тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 27 адам шығарылды;
🚫бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 5 адамның нәтижесі жойылды;
бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

📚Таңғы лекте ҰБТ тапсырушылардың орташа балы түстен кейінгі лекте тапсыратын талапкерлерден жоғары. Қазіргі уақытта айырмашылық 5 балды құрайды: сәйкесінше 69 және 64 балл.

dzht'24.

24 May, 10:59


📣Достар!

💻Назарларыңызға негізгі ҰБТ-ның аралық қорытындыларын ұсынамыз.

Негізгі ҰБТ-2024 басталғалы бері 30 мың адам тест тапсырды.

Оның ішінде:
✔️талапкерлердің 71% – шекті балл жинады;
✔️орташа балл – 64 балл;
✔️ең жоғары балл – 136 балл;
✔️ерекше білім беру қажеттілігі бар 102 талапкер қатысты.

🙅🏻‍♀️Ереже бұзғаны үшін 41 адамның нәтижелері жойылды. Атап өтсек:
🚫смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 32 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
🚫тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 9 адам шығарылды;
бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

📚Қатысушылардың басым бөлігі, яғни 20% «Шығармашылық емтихан», 18%-ы «Математика-Физика» және 11%-ы «Математика-Информатика» пәндер комбинациясын таңдаған.

dzht'24.

23 May, 08:02


🙋🏻‍♀️Құрметті достар!

📣2024 жылғы негізгі ҰБТ-ға тіркелу аяқталды.

💻Бұл ҰБТ-ға 186 мыңға жуық талапкерден екі мүмкіндікті есепке алғанда 342 мыңға жуық өтініш қабылданды.
Оның ішінде тест тапсырушылардың 75%-ы қазақ тілінде, 25% -ы орыс тілінде, 229 адам ағылшын тілінде ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдірді.

💡Естеріңізге сала кетейік, грантқа үміткерлерге ҰБТ-ны тапсыруға екі мүмкіндік берілді. Бұл ретте әр талапкер тестілеуді екі рет тапсырып, ең жақсы нәтижемен грант конкурсына қатыса алады.

👆Айта кетейік, талапкерлер тестілеуге өтініш беру барысында екі мүмкіндік үшін бейіндік пәндердің бір ғана комбинациясын белгіледі. Түлектердің 16%-ы «Математика-Физика», 16%-ы «Биология-Химия», 13%-ы «Шығармашылық», 11%-ы «Математика-Информатика» пәндерін таңдады.
*қалған талапкерлер колледжден кейінгі қысқартылған оқу түрін таңдады.

👏Сәттілік!